Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көмектес септік

20 қаңтар 2019, Жексенбі
Сабақ тақырыбы: Көмектес септік
Сабақ мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға қазақ тіліндегі септіктерді меңгерту, сұрақтары мен жалғауларын жаттату. Көмектес септігінің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатын білдіру. Көмектес септігінің басқа септіктерден ерекшелігіне тақталау.
Дамытушылығы: Өткен сабақтармен байланыстыра білу, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, Музыка, суреттер, «Жетіген» музыкалық аспабы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте. Септіктер кестесі.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
А) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарларын аудару.
Ә) Оқушыларды 3 орталыққа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасы:
85 - жаттығу
Берілген сөздерді көмектес септігіне қойып, олармен сөйлем құра.
Еңбек - Еңбекпен
Су - Сумен
Ораз - Оразбен
Кітап - Кітаппен

ІІІ. Жаңа сабақ
86 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық.(Ы. А.). 2. Хат Астанадан келіпті. 3. Асыл Жанармен сөйлесті. 4. Қойдың жүні пайдалы. Жүннен фабрикада түрлі маталар тоқылады.
87 - жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа айт, шешуін тап.
Ж. с
Екі ішек бар далада,
Т. с б. с
Ауылды жалғар қалаға,
Т. с б. с
Қаланы жалғар ауылға.
К. с
Екі ішекпен зулайды ел
Ж. с ж. с
Жауында да, дауылда. (Пойыз жолы, рельс)

88 - жаттығу. Тапсырма: Ребустың шешуіне сөйлем құра

ІV. Сергіту сәті
Зат есім септеледі жеті түрде,
Бір - бірімен шатыстырып алып жүрме.
Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой,
Жатта соны ойнап - күлме, босқа жүрме.
Атау, Ілік, Барыс, Табыс, Жатыс, Шығыс, Көмектес,
Жаттап алсаң балақай, зат есімді септе тез.

90 - жаттығу
Берілген зат есімдерді екі түрлі септікке қойып, жақшадағы сөзбен тіркестіріп жаз.

Гүлнұр (бару), жіп (байлау), қол (жуу), ән (айту).
Үлгі:
жіпті байлау, жіппен байлау
Гүлнұрға бару, Гүлнұрмен бару, қолды жуу, қолмен жуу, әнді айту, әнмен айту
Көмектес септік жүктеу
3 040
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көмектес септік
Көмектес септік
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар,
Көмектес септік
Көмектес септік
Қазақ тіліндегі септіктерді меңгерту, сұрақтары мен жалғауларын есте сақтату. Көмектес септігінің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатын білдіру. Көмектес септігінің басқа септіктерден ерекшелігіне тоқталу.
Көмектес септік
Көмектес септік
Өткен сабақтармен сұрақтары мен жалғауларын жаттату. Көмектес септігінің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатын білдіру. Көмектес септігінің басқа септіктерден ерекшелігіне тоқталу. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Зат есімнің септелуі. Тест
Зат есімнің септелуі. Тест
1. Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз. A) Дәптердің. B) Қызбен. C) Кітапты. D) Гүлдер. E) Балаға.
Көмектес септік. (4 сынып)
Көмектес септік. (4 сынып)
Оқушыларға көмектес септік атау тұлғадағы сөзге – мен, - бен, - пен жалғаулары жалғану арқылы жасалатынын түсіндіру; көмектес септігіне қойылатын сұрақтармен таныстыру.
Көмектес септік
Көмектес септік
Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мүғалімі Е.Ж.Калиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×