Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бөлме өсімдіктері

15 наурыз 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың өсімдіктердің адамға пайдасы, адам өміріндегі ролін, өсімдік пен адам арасындағы байланысты түсіндіру. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз ойларын толық жеткізе алуға білімдерін жетілдіру.
Дамытушылығы: ой - өрісін, сөздік қорын, сөйлеу мәнерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Оқыту әдістері: диалогтік, топтық жұмыс, өзіндік жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау.
Негізгі идеялар: Туған өлкесін сүю, байлығын қорғау, еліне құрмет көрсету, өсімдік түрлерін ажырата білуді, іс – әрекеттерін жоспарлауды үйрену.
Көрнекілігі: гүлдер суреті, венн диаграммасы, АКТ, стикер, слайдтар.
Тапсырмалар: «Бөлме өсімдіктері»тақырыбын түсініп оқып келу. Ұнатқан гүлдеріңнің аты шығатындай етіп сөзжұмбақ құрастырып келу.
Күтілетін нәтиже: Бір - біріне, өзіне жылу сыйлайды, ынтымақтастық атмосферасын құра алады. Бұрыннан білетінін еске түсіреді, ынтасы қызығушылығы артады. топтасып өз ойларын ортаға салады, өз - өзіне сенімді болады. Бір - бірін бағалауға дағдыланады.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау мақсатында психологиялық дайындық жасаудан бастаймыз. Гүл атауларымен топқа бөлемін. Гүлдер туралы өлең айтады. Тақырыпқа байланысты гүл атауымен топқа бөлініп отырады. Бір - біріне, өзіне жылу сыйлайды, ынтымақтасады

2. Өткенді пысықтау
1. Өсімдіктер қандай жолдармен көбейеді?
2. Шөлде өсетін өсімдікті ата. Оның тамырының ұзындығы неше метрге дейін барады?
3. Жемістер қандай болады?
4. Өсімдіктің мүшелерін ата.
5. Құрғақ жемістерді ата.
6. Жапырақ қандай қызмет атқарады? Әр топ өздеріне берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарға жауап беру мақсатында ойларын толықтырады.

3. «Кім жылдам» ойынын ойнату.
1 - топ Жерге төселіп өсетін өсімдіктерді жаз.
2 - топ Шырмалып өсетін өсімдік атауларын жаз.
3 - топ Сабақтары қысқа болып өсетін өсімдіктерді жаз.(суреттер ілу) Тақтада ілулі тұрған суреттерді өз тапсырмаларына байланысты топтап жинайды, атауларын жазады.

4. Жаңа сабақ. Миға шабуыл.
1. Бөлме өсімдіктерінің адамдарға қандай пайдасы бар?
2. Бөлме өсімдіктерін не үшін өсіреді деп ойлайсың?
3. Бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын неге сүртеді? Әр топтан оқушылар өз ойларын ортаға салады. Бір - бірімен ой бөліседі. Қосымша материалдар алады.

5. Оқулықпен жұмыс. Тақырыпты тізбектей оқиды. Түсініксіз сөзді топта талдайды. Жеке жұмыс. Топтық жұмыс.
6. Суретпен жұмыс. Суреттегі гүлдердің атауымен танысады. Өздері естімеген, көрмеген гүлдердің атауларымен танысады.
7. Сергіту сәті. Сергіту сәтін орындайды. Мозайка құрастыру арқылы көңілдерін сергітіп алады.
8. Топтастыру. Венн диаграммасын топтастырып жазады. Далада, бөлмеде өсірілетін гүлдерді ажырата алады.
9. Өзіндік жұмыс. Өздеріне ұнаған бөлмеде өсірілетін гүлдің суретін салып, ол туралы білгенін жазады. Сурет салуға қызығушылығы артады. Өзіндік ойы қалыптасады.
10. Бағалау. Бүгінгі сабаққа баға беру. Әр топты жинаған ұпайына қарай, әр оқушы тиісті бағасын алады. Сабақты бағалау
11. Рефлексия Стикерге сабақтан алған ойларын жазады. Ұсыныс, пікір жазады.
12. Үй тапсырмасы Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Слайдын жүктеу
9 334
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бөлме өсімдіктері
Бөлме өсімдіктері
Сурет салу арқылы баланың бейнелі ойлауын, кеңістікті бағдарлауын дамыту. Ыдыстағы бөлме өсімдігінің суретін салуға үйрету.
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Ыбырый Алтынсарин «Өзен»
Ыбырый Алтынсарин «Өзен»
Өзен өлеңі арқылы табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Өлең жолдарын мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Өзеннің пайдасы, адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеу.
Ы. Алтынсарин «Өзен»
Ы. Алтынсарин «Өзен»
Өзен өлеңі арқылы табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Өлең жолдарын мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
Өсімдік жемістері, тұқым. Тағамға пайдаланатын көкөністер және оларды өсіру жолдары
Өсімдік жемістері, тұқым. Тағамға пайдаланатын көкөністер және оларды өсіру жолдары
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзина Гульдана Молдазаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×