Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өрнек 10 - а

09 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Сағызбаева Татти

Сабақтың тақырыбы: Өрнек 10 - а
Сабақтың мақсаты: 1. Қосу кестесін азайтудың сәйкес жағдайларын қолданып, 10 – а өрнегінің мәндерін табуды оқушыларға үйрету. Оқушылардың есептеу дағдыларын қалыптастыру, есеп шығару білімін жетілдіру.
2. Пайымдау жүргізу және қорытынды жасау білігін жетілдіру.
3. Ұқыптылыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау – жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Математика керек әр күнге,
Математика керек әркімге.
Есеп қажет өмірде,
Есепсіз білім білім бе?!

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр.
Сондықтан біз өзіміздің білімімізді көрсетіп, бір – бірімізге табыс, сәттілік тілейміз.
Сабақта орындалатын ережелерді еске салу.
1 – ереже: Сабақта бір – бірімізді тыңдаймыз!
2 – ереже: Математика негізгі пән болғандықтан нақты, дәл жауап береміз!
3 – ереже: Сабақта өзіміздің тапқырлығымызды, шапшаңдығымызды көрсетеміз!
4 – ереже: Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

- Ал, енді қандай баға алатындарыңызды айтыңдаршы?
Біз білімді баламыз,
Күнде бестік аламыз.
Жалқаулықты тастаймыз,
Жаңа сабақ бастаймыз.
Біз жиырма алты баламыз.
Бүгін неше аламыз?
Бір керегі жоқ,
Екі керегі жоқ,
Үш керегі жоқ,
Төрт орташа,
Бес тамаша!

1. Қызығушылығын ояту.
«Кім тапқыр?» ойынын ойнату.
5 *4 ---------- 10*8
9*4 --------- 0 * 10
7*3 --------- 7*0

ІІ Өткенді пысықтау.
1. Қазір жылдың қай мезгілі? ( көктем)
2. Көктемде адамдар қандай жұмыстар жасайды?
(ағаш, күл көшеттерін отырғызады)
Енді балалар, біз де ағаш көшеттерін отырғызайық. Ол үшін біз ағаштың тапсырмаларын орындайық?
1. 5 пен 4 санының қосындысы нешеге тең?
2. 8 бен 4 санының айырмасы нешеге тең?
3. 7 санының көршілерін ата.
4. 10 санынан бастап кері қара сана.
5. Қояндар – 5, мысықтар 3 қайсы аз?
Біз ағаштардың тапсырмасын орындадық.

ІІІ Жаңа сабақ
Біз қандай өрнектер өтіп жатырмыз?
(Әріпті өрнек)
Өрнектер нешеге бөлінеді? (екіге)
Санды өрнек және әріпті өрнек.
- Бүгін әріпті өрнектерді азайту тақырыбын жалғастырамыз.
10 – а өрнегі Мақсатымыз әріптің орнына сандарды қойып байқау, бекіту, есте сақтау арқылы есептерді жылдам шапшаң шығару 10 – а өрнегінде қандай таңба?
- Азайту.
Азайтудың компоненттерін атаңдар.
Азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні.
Азайғыш 10, азайтқыштың орнында белгісіз а әріп.
Белгісіз санның орнына сандарды қойып, әріпті өрнекті санды өрнекке айналдырып мәнін табамыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 270
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
37 + 7, 44 - 7 түріндегі ауызша есептеу тәсілдері
37 + 7, 44 - 7 түріндегі ауызша есептеу тәсілдері
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: ондықтарды қосу және азайтуға, бірліктерді разрядтан аттау арқылы қосуға негізделген ауызша есептеу тәсілдерімен таныстыру; өтілген есептеу тәсілдерін пысықтау; оларды есеп шығару кезінде қолдана алуға үйрету.
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу және азайту
Сандардың құрамы, қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімін бекіту. Кестелік қосу, азайтудың 2 – кезеңін қалыптастыру
Кері есептер құрастыру, жақшалы өрнектер
Кері есептер құрастыру, жақшалы өрнектер
Кері есептер құрастыру, жақшалы өрнектердегі амалдардың рет - тәртібін талдау, салыстыру, теңдеулер шешу, өрнек құру. Оқушылар білімін тиянақтау ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Екі әріпті өрнектің мәндерін табу
Екі әріпті өрнектің мәндерін табу
Құрылымы неғұрлым күрделі әріпті өрнектерді құрастыруды үйрету; жазу және олардың мәнін табу біліктілігін қалыптастыру; талқылау, талдау, қорытынды жасау біліктілігін дамыту.
Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері
Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері
Ахметжанова Гулия Слямбекқызы Бастауыш сынып мұғалімі
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мадиева Гулжан Қуанышқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×