Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Домалақ ана. Заттың санын білдіретін сөздер

26 сәуір 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Домалақ ана. Заттың санын білдіретін сөздер.
Мақсаты:
1) Білімділігі: Оқушыларды заттың санын білдіретін сөздермен таныстыру, сұрақты дұрыс қоя білуді меңгерту. Домалақ ана туралы түсінік беру.
2) Дамытушылығы: Оқушыларды қасиетті адамдардың құдіретіне деген сенімін арттыру, өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын, сауаттылығын жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамыту;
3) Тәрбиелігі: оқушыларды «әулие»анамыздың аруағын құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, СТО технологиясы, 5 жолды өлең.
Көрнекілігі: Тірексызбалар, интерактивті тақта, оқулық.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу
Қонақ күту салтымыз,
Оқып – біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге
Сәлем бердік жалпымыз. сабақтың мақсаты - міндеті. мақсатымыз - білім алу
Міндетіміз - еңбектену.
Еңбектену арқылы
«5»- ке қолды жеткізу.
II. Өткенді қайталау.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
-- Әл - Фараби. «Өнерлі жігіт»мәтінін мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап беру.
- Фараби жігіттің қандай өнерін байқады?
- Ол жігітке қандай ұсыныс айтты?
- Өнерлі жігіт қандай жақсылыққа жетті?
- Сенің қандай өнерің бар?
- Өткен сабақта қандай сөздермен таныстық?
- Заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтармен таныстық.
- Ендеше, заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтарды «Бес жолды өлең»әдісі бойынша пысықтаймыз.
III. Қызығушылықты ояту.
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да
Тек анаңа жақынсың.
- Өлең кім туралы айтылған?
- Ана туралы.
- Ендеше, «ана»сөзіне өз беттеріңше ассоциациялық сөздерді дәптерге құраймыз.
Зат есім - Ана.
Сын есім - мейірімді, ақылды.
Етістік - қамқор болады, ақыл береді, киіндіреді.
Сөйлем - Мен анамды жақсы көремін.
- Мәндес сөз - Ана - қымбат жан.
IY. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз анаға байланысты. Қазір сендермен Тұманбай Молдағалиев атамыздың «Домалақ ана» өлеңімен танысамыз. (автор туралы қысқаша мәлімет беру.)
«Домалақ ана»жайлы әңгімелеу, оның тарихына қысқаша шолу жасау.
- Иә, балалар, өзінің көрегендігімен, ақылдылығымен, ұрпағымен аты әлемге әйгілі бүкіл халық «Әулие»деп мойындаған Нұрила ана жайында. Домалақ ананың шын аты Нұрила. Әулие ана деген атаудан шығарылып, Домалақ ана есімімен аталып кеткен. Қасиетті Түркістан топырағында дүниеге келген. Шыққан тегі - атақты Қожа Ахмет Иассауидің алтыншы ұрпағы. Анасы ерте қайтыс болып, жетім қалған Нұрила атасы Мақтым Ағзам қожаның қолында тәрбиеленеді. Ол 10 жасында көріпкел әулие атанды. Домалақ ананың аты елге ақылдылығымен, даналығымен, тазалығымен шыға бастады. Домалақ ана өмірінің соңғы жылдары Ташкент қаласында өтеді. Бірде Домалақ ана өзінің ескі қонысы Қаратауға барып тұру үшін жолға шығады. Көш Балабөген өзен жағасына жеткен кезде Домалақ ана сол жерде намаз оқып тұрып көз жұмады. Өзінің тілегі бойынша Домалақ ана сол жазыққа жерленеді, сол жазықтан кесенені тұрғызады. (Кесене суретін көрсету, қайта жөнделген. )
- Енді балалар, қазақ әдебиетінің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан біртуар ақыны Т. Молдағалиевтің «Домалақ ана» өлеңін оқиық. (Домалақ анаға мінездеме беру.)
Домалақ ана Нұрила – қасиетті ұлы анамыз,
Естісек есімін біз қуанамыз.
Әлі де сол ананың әлдиінен
Кейінгі ұрпақтары жұбанамыз.
Барлық қазақ Домалақ анамыз деп,
Құрметтеп мазарына барады іздеп.
Жатса да мәңгі ұйқыда, ұрпағына
Етеді ақылымен о да қызмет.
- Бұл қандай шығарма? (өлең)
Сөздік жұмыс.
Ұлы деген сөз кез келген адамдарға қойыла бермейді. мысалы ұлы Абай.
Мазарына - мәйітіне, моласына, жерленген жері.
Мәңгі ұйқыда - адамдар көп жасамайды. Олар басқа өмірде де тіршілігін жалғастыра береді.
Өлеңді өз беттерінше оқыту. Сұрақтар бойынша өлең мазмұнын талдау.
- Жақсы адам қандай болады деп ойлайсыңдар?
- Домалақ ананы неліктен «әулие», «қасиетті»дейміз?
Y. Мағынаны тану.
Топтастыру арқылы Домалақ анаға мінездеме беру.
Сергіту сәті.
Көркем жазу минуты. Ана - ең аяулы жан.
YI. Оқулықпен жұмыс.
133 - жаттығу.
1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, ол сөздерге сұрақ қойдыру.
Біздің сыныпта.................. оқушы бар. Сыныпта................ парта тұр. Әр партада......... бала отырады.
2. Қанша? Неше? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.(Жиырма бес оқушы, он үш парта, екі бала)
YII. Ой қорыту.
Заттың атын білдіретін сөздерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады.(ережені өздеріне шығарту.)
Заттың санын білдіретін сөздер сендерге математика сабағынан таныс. Математикада қандай сандарды өттік.(Бір таңбалы, екі таңбалы сандар)
Сандар сырын еске түсірейікші: 3, 4, 7 т. б
3 санына байланысты үш жұрт (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
3 би(Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
3 арсыз (ұйқы, тамақ, күлкі)
4құбыла (Шығыс, Оңтүстік, Батыс, Солтүстік)
4маусым (көктем, жаз, күз, қыс)
4тоқсан, 4түлік
7ата, 7қазына, 7күн, 7шелпек
Тірек сызбамен жұмыс.
Сан есім - Қанша? Неше? Нешінші?
135 - жаттығу.(ауызша) Суреттермен жұмыс. Сұрақтарға ауызша жауап беру. Нешеу? сұрағына жауап беретін сөздерді атау.(Екеу, үшеу)
Құстар туралы.
- Дүниетану сабағынан құстардың қандай түрлерін өттік?
- Үй құстары, суда жүзетін құстар, дала құстары.
- Үйрек суда жүзетін құс, көгершін - бақыт, бейбітшілік құсы деп аталады.
- Балалар, нешеу? сұрағы тек қана 7 - ге дейінгі сандарға ғана қойылады екен. Мысалы: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.
Сергіту сәті.
Ал санайық, санайық,
Санын біліп алайық.
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу
Қолымда сонда саусағым нешеу?
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім шешеді?
YIII. Қорытынды.
- Өлең кім туралы? Өлеңді жазған кім? Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
Топпен жұмыс. 3қатарға сурет беріледі. Сол суреттегі заттардың санын жазу керек.
IX. Үйге тапсырма. «Домалақ ана» өлеңін мәнерлеп оқу. «Жақсы адам»тақырыбына эссе жазу.
3 903
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)
Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)
Заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсінік беру. Оқушылардың оқу - жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын, логикалық ойлауын, зат есіммен байланыстырып сөйлем құрату дағдыларын жетілдіру. Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Ана тілінен тест жұмысы (1 сынып)
Ана тілінен тест жұмысы (1 сынып)
Көп затты білдіретін сөзді тап а) кітап ә) балалар б) киім
Сөз таптары
Сөз таптары
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі. Бастауыш сынып мұғалімі Базарова Ақмарал Қайыржанқызы
Заттың атын білдіретін сөздер. Домалақ ана
Заттың атын білдіретін сөздер. Домалақ ана
Қызылорда облысы, Арал ауданы, № 61 орта мектебінің бастауыш сыныбының мұғалімі Алмағамбетова Райхан Абжамиевна
Заттың санын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздер
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Сельбаева Жанагул Елтаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×