Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қ. Рысбекұлы. Бекзат

12 мам 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың атауы: Қ. Рысбекұлы. Бекзат
Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын тақырыбына байланыстыра отырып, оның идеясын ашуға жағдай туғызу. Оқушыларға Бекзаттың балалық арманының орындалып, жеткен жетістіктері, шыққан биіктері туралы айту. Спортқа деген қызығушылығын оята отырып, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Бала, бала балақан,
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай - былай ойнат.
Топ - топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн
Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Сурет бойынша жұмыс
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану
Автор туралы мәлімет. Қыдырбек Рысбекұлы
Бекзат Саттарханов туралы мәлімет беру.
Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні, жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда, Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды. Бекзат Саттарханов Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Бекзат әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы. Саттархановтардың Бекзаттан өзге мектеп қабырғасындағы спорттық бәсекелерде оза шапқан үш ұлы болды. Бағдат, Болат, Мақсат есімді балалары да спортты серік еткенімен, Бекзат секілді ешқайсысы алдына биік мұрат қойған жоқ. Сәби күнінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек.

Алғашында өзін - өзі қорғап үйренсін деген оймен ата - анасы Бекзатты күрес үйірмесіне қатыстырады. Алайда күреске ынтасы болмай, екінші жағынан күреспен айналысу бойдың өсуін тежейтінін ұғып үйірмеге бармай, бірден боксқа бет бұрады. 1986 - 1996 жылдар аралығында Абай атындағы мектеп интернатта, кейін Жұмабек Еділбаев атындағы №18 орта мектепте оқиды. 1995 жылы алғаш рет бокс үйірмесіне жазылып, балалар бапкері Нұрлан Жұмабаевтан тәлім ала бастайды. Ата - анасы мен туыстары Бекзаттың боксқа деген ынтасын байқағанымен, мұны жай, өтпелі кезең деп ойлаған. Бірақ ол бокспен шұғылданғанына бір жыл толмастан республикалық сайыстың жеңімпазы атанып, былғары қолғапты бекер кимегенін дәлелдейді. Заң саласы мамандығын игерген. Алдымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру факультетіне түсіп, кейін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ - түрік университетінің заң факультетін тәмамдаған. Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. Мұның себебі де жоқ емес. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының финалында Серік Қонақбаев жұдырықтасқан сәтте Бекзат бесікте жатқан сәби еді. Анасы Сырлыкүл Саттарханованың Серік Қонақбаев секілді Бекзат та чемпион болсын деген үлкен арманы болған. Бекзат кейін ана арманын орындайды да. Ол Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан.
Оқулықпен жұмыс
ЖИГСО әдісі бойынша
Сөздік жұмысы
Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды. Өздері қорытынды жасайды
Сергіту сәті
Бекзат туралы бейнебаян арқылы сергіту жасайды.
Сен білесің бе?
Қазақ боксшылары туралы айту.
Сызбамен жұмыс
Топтық жұмыс
І - топ. 5 жолды өлең
Бекзат туралы
ІІ - топ. Сипаттау мәтіні
ІІІ - топ. Мақал - мәтел жазу
ІV - топ. Өлең ұйқасын құрастыру.
«Топтастыру» әдісімен жұмыс
13 019
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сергіту жаттығулары
Сергіту жаттығулары
Орнымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз бір дем алайық.
Бекзат Қ. Рысбекұлы
Бекзат Қ. Рысбекұлы
Бекзат Саттарханов – қазақ боксшысы. Ол 20 жасында бокстан Олимпиада чемпионы атанды.
Бекзат Саттарханов - олимпиада чемпионы
Бекзат Саттарханов - олимпиада чемпионы
Сабақ: Бекзат Саттарханов - олимпиада чемпионы
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысына арналған сөздерге дыбыстық талдау: өрмекші, өрік, өткір.
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. Мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.
Мектепалды даярлық сыныптарына сергіту сәттері
Мектепалды даярлық сыныптарына сергіту сәттері
Мектепалды даярлық сыныптарына сергіту сәттері Бала, бала балақан, Кәне, қайсы алақан. Саусақтарын әйбат, Былай - былай ойнат. Топ - топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×