Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі

18 қаңтар 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі (1 сынып)
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары 1. 2. 4. 1 мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату Мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.
1. 2. 5. 1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)
1. 1. 5. 1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерді қолдана білу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар білуге тиісті: жаңа білімді меңгереді
Оқушылардың көпшілігі: тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбір оқушылар: алған білімді өмірде қолдана алады
Алдыңғы оқу: Саяхатты сипаттау. Ң дыбысы мен әрпі

Басы
Қуан шаттан алақай!
Қуанатын келді күн!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Сәлеметсіздер ме!
Бәріміз күндей жарқырайық
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз тату болайық!
- Қатар - қатар тізіліп
Қолымызды түсіріп
Түп - түзу боп отырайық.

Ортасы
Жұмбақ шешкізу
Тоқыған ауы –
Шыбынның жауы. /Өрмекші/
2. “Өрікте”– сөздің басында
“Бөрікте”– “Б – ның “ қасында
Бұл қай әріп, көріңдер,
Енді айтып беріңдер. /Ө/
3. Доп - домалақ сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп,
Оның аты.... /Өрік/
Ө дыбысына арналған сөздерге дыбыстық талдау: өрмекші, өрік, өткір.

Оқулықпен жұмыс
№1 Тыңдалым.
- Мерей, табиғат деген не?
- Сұрақтың жауабын төмендегі суреттерден табуға болады?
Табиғатқа тағы не жатады?
Іздеуді ұйымдастыр.

Сергіту сәті
Бала, бала балақан,
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай - былай ойнат.
Топ - топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн

Дәптермен жұмыс
Әріпті жазып үйренеміз тақтаға жазу, ауада жаздырту.
Дәптерімізді ашайық
Қолға қалам алайық
Әдемі етіп жазайық.

Мектеп: ЖББ Абай ОМБК
Мұғалім: М. К. Харесова

Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі. жүктеу
1 926
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әңгіме оқимын. Сөз.
Әңгіме оқимын. Сөз.
Қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысына арналған сөздерге дыбыстық талдау: өрмекші, өрік, өткір.
Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я я әрпі
Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я я әрпі
Я дыбысымен таныстыру, я дыбысы бар сөздермен таныстыру.
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді, сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарға жауап береді, сөйлем құрастырады.
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×