Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үстеу. Мекен үстеуі

13 мам 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауыш сынып мұғалімі:
Кусаинова Жанар Қайратовна

4 сынып
Қазақ тілі
Өтілетін сабақтың тақырыбы: Үстеу. Мекен үстеуі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың іс - әрекеттің мезгілін, мекенін, сын - қимылын білдіретін сөз табы үстеу туралы түсініктерін кеңейту, мекен үстеу және оның сұрақтары туралы білім беру, сөйлем ішінен мекен үстеуді таба алу;
Жүйелі сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту;
Тиянақтылыққа, жинақылыққа, ұжымшылдыққа, таза, сауатты, ұқыпты, көркем жазуға үйрету;
Сабақтың түрі: Дамытушылық
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

ІІ. Үй тапсырмасы
5 – жаттығу. Үстеуді табу

ІІІ. Өткен сабақты бекіту( Ғарышкерлер күніне қарсы зымыран ішінен алынған сұрақтарға жауап береді )
1. Үстеу мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
2. Үстеу дегеніміз не?
3. Үстеудің сөйлемдегі қызметі?
4. Мезгіл үстеуі дегеніміз не?
5. Үстеудің сұрақтарын ата?
6. Үстеу құрамына қарай қандай топқа бөлінеді?

ІҮ. Негізгі бөлім
Оқушыларға заттар мен суреттері таратылады, оларды өз орнына, мекеніне орналастыру.
( ит, ара, оқушы, алма, ыдыс - аяқ, оқулықтар суреті)
- Балалар, біз бұл суреттерден нені байқап тұрмыз?(балалар жауап береді)
- Дұрыс айтасыңдар, яғни әр заттың өзінің орны, мекені бар. Енді осы заттарды өз орнына орналастырайық. (Оқушылар өздері орналастырады)
- Ал енді балалар, осы заттарды орналастыру барысында біз қандай сөздермен таныс болып және оларға қандай сұрақтар қойдық?(Оқушылар жауап береді )
Қойылған сұрақ арқылы ереже шығару.
Қимылдың, іс - әрекеттің орнын, мекенін, бағытын білдіретін сөздерді мекен үстеу дейміз. Мекен үстеулерге қайда? қайдан? деген сұрақтар қойылады.
Оқулықпен жұмыс. 1 – жаттығу. Ауызша орындалады. Сөйлем ішінен мекен үстеуді табу.
Кішкентай бала үлкендердің көңіл аудармағанына өкпелеп, сыртқа шығып кетті.
Жүгіріп келе жатқандардың ішінен жалаңаяқ бала суырылып алға шықты.
Ол дүкеннен келе жатыр.
Қашан көрсең де, мұнда халық бірі кіріп, бірі шығып жатады.
Әлемде ең биік үй – Чикагода. Ол 110 қабаттан тұрады.
Әлемдегі ең үлкен тасбақа – Малайзияда, салмағы 865кг.
Топпен жұмыс 2 - жаттығу жазбаша орындау. Үстеулерді тиісті орынға қою.
І
Қашан?
Бұрын
Күні - түні
Күні - бойы
Былтыр

ІІ
Қайда?
алыста
тыста
артта
кейін
ІІІ
Қалай?
жылдам
ақырын
әрең
үнемі
Шығармашылық тапсырма
Таспадан мәтінді тыңдап, үстеулерді табу.

Кітаппен жұмыс жұмысы.
3 - жаттығу Жазбаша орындау.
Жұмбақ шешу. (Футболшылар) Фонетикалық талдау
Үстеуді табу. Сөйлем құрап, сөйлем мүшесіне талдау.
(Көгалда, артқа, алға)
Берілген үстеулерге қарсы мәндес үстеулерді қою.
Ерте, бүгін, тез, ілгері, алға, оңға, таңертең.
Үлестірмелі қағазбен жеке жұмыс.
Керекті сөздер. Ерте, артта, көктемде, жоғары – төмен
------------ тұрған жігіттің бір ырысы артық
----------- отырған Данияр мұғалімнің кіргенін аңғармай қалды.
Құстар -------------------- өздері өскен жерлеріне қайтып келеді.
Қанат қолдарын ------------------ сермеп, жаттығу жұмысын жасады.
Жұмбақ шешу. Үстеуді табу.
Мен арамын, арамын,
Қара орманға барамын.
Қимастан бір бұтағын,
Қара орманды тарадым
(Тарақ пен шаш)
Таңертең тұрдым,
Екі сайды қудым
(шалбар)

Сабақты бекіту.
Сөзжұмбақ арқылы қорыту
3. Кіммен? Немен? Сұрағына жауап беретін септік.

1. Қашан? сұрағына жауап беретін үстеу түрі
4. іс - әрекеттің мезгілін, мекенін, сын - қимылын білдіретін сөз табы
5. Заттың түрін, түсін, дәмін, көлемін білдіретін сөз табы
2. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табы.

Терме диктант
Мезгіл үстеу ------------------

Мекен үстеу ---------------
Далада, кеше, алда, артта, былтыр, жолда, биыл, кеше, үйден, іштен, бүрсігүні)
Бағалау.
Үйге 5 жаттығу. Ереже

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 549
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мекен үстеу
Мекен үстеу
Оқушылардың іс - әрекеттің мезгілін, мекенін, сын - қимылын білдіретін сөз табы үстеу туралы түсініктерін кеңейту, мекен үстеу туралы түсінік беру, білімдерін қалыптастыру.
Мекен үстеуі. Мен оқушымын.
Мекен үстеуі. Мен оқушымын.
Тақырып бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Мекен үстеу
Мекен үстеу
ОҚО Шымкент қаласы Бастауыш сынып мұғалімі: Унгарбекова Бақыткүл
Үстеу
Үстеу
Алматы қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абишева Зульфия Нопирбаевна
Кім жүйрік?
Кім жүйрік?
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары
Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары
Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Бидайық орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Маликова Айнұр Кеңесбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×