Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мекен үстеу

06 наурыз 2019, Сәрсенбі
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мекен үстеу
Мақсаты:
1. Оқушылардың іс - әрекеттің мезгілін, мекенін, сын - қимылын білдіретін сөз табы үстеу туралы түсініктерін кеңейту, мекен үстеу туралы түсінік беру, білімдерін қалыптастыру.
2. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, ой - пікірін қалыптастыру, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.
Сөздердің мағынасын түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін арттыру.
3. Оқушыларды ана тілін құрметтеуге, ұлтжандылыққа, елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, қима қағаздар
Пәнаралық байланыс: тарих, география, әдебиет

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Мұғалім: Оқушы:
Әрбір адам досым, сыныптасым
Әрбір ісің тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің шындық, бірлік, адалдық
Әрбір сабақ үйрену, оқу, іздену

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:
1. Үстеудің мағыналық түрлері. Мезгіл үстеуі.
2. 295 - жаттығу.
Балалар, елімізде қандай қалалар бар?
Бүгін, біз, Қазақстанның астанасы болған қалаларға саяхат жасаймыз. Ол үшін біз мына пойызға мінеміз. Саяхат жасау барысында түрлі сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беріп, житондар (смайликтер) жинайсыңдар.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту кезеңі:
- Қазақстанның алғаш астанасы болған қала?
- Қазақстанның алғаш астанасы болған қала – Орынбор қаласы (1920 - 1925ж. ж.)
«Кім тапқыр» ойыны
1..... бәрі қашады, (күндіз)
.... аспанды басады (түнде)
Жауабы: жұлдыз
2..... тұрдым, (ерте)
Алып ұрдым.
Жауабы: есік
3..... үй сыпырма,.... тырнағыңды алма. (түнде)

ІV. Жаңа сабақ:
- Мынау қай қала?
- Әрине, біздің өңіріміз, Қызылорда (1925 - 1929ж. ж.)
- Өз жеріміз, туған өлкеміз болғандықтан мұнда біраз аялдап, демалып, ертегі тыңдап, жаңа сабақпен танысайық.
Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, қазақ тілі жерінде, морфология елінде “Сөз табы” деген асыл қария өмір сүріпті. Оның дүниені дүркіреткен тоғыз ұлы болыпты. Күндердің күнінде қазақ тілі жерін, басқыншылар жаулап алып, олардың өсіп өркендеуіне көп кедергі келтіріпті. Бірақ қайсар ұлдар ғасырға жуық уақыттан кейін қайта өрлеп, өз тәуелсіздігін алған екен. Сол “Сөз табы” деген асыл қарияның жаңа түлеген ұрпақтары сіздердің алдарыңызда.
1. Зат есім 5. Етістік 9. Одағай
2. Сын есім 6. Үстеу
3. Сан есім 7. Еліктеу
4. Есімдік 8. Шылау
- Балалар, сонымен біз “Сөз табы” деген асыл қарияның алтыншы ұлы Үстеуге келіп тұрмыз. Бұл үстеу де өзінше өсіп – өніп келеді.
Үстеудің жеті баласы бар екен. Олар: Мезгіл, Мекен, Сын - қимыл, Мөлшер, Күшейткіш, Мақсат, Себеп - салдар.

V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі:
- 1929 - 1997 жылдары Қазақстанның астанасы болған қала?
- Әрине, Алматы қаласы.
- Алматы қаласында жаңа тақырыбымызға орай жаттығу жұмыстарын орындайық...
296 - жаттығу.
Мекен үстеуді табыңдар, жасалу жолын анықтаңдар.
Зиярат етіп қайтуға
Жамбыл келді алыстан.

Екеуі екі айырмақ қамын жеген,
Бір шетке кетпек болып, жұрт көрмеген.

Аулаққа шықпай,
Сыбырлап бұқпай,
Мейірленбес еш сөзге.

297 - жаттығу.
Мекен үстеулердің жасалу жолын ажыратыңдар.

Жақсыменен дос болсаң,
Алдыңнан шығар өбектеп.
Жаманменен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп. (Махамбет)
Құм басқан шөл жаға күн көзіне шағылысып, алыстан ағарып көрінеді... Мыңдаған шақырым құмды жағадан кейін саяхатшылардың алдынан
Бірінші рет құрма ағашы жайқалған жасыл желек шықты. (Ә. Бірмағамбетов)

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Жайсанбаева Ләйла
Мекен үстеу жүктеу
2 316
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мезгіл үстеу
Мезгіл үстеу
Оқушыларды мезгіл үстеулері, оған қойылатын сұрақтармен таныстыру; үстеулердің мағыналық түрлері туралы алғашқы білімдерін қалыптастыру; мезгіл үстеулерін қатыстырып сөйлем құрастыра білуге және сөйлем ішінен таба алуға үйрету.
Мекен үстеуі. Мен оқушымын.
Мекен үстеуі. Мен оқушымын.
Тақырып бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Мекен үстеу
Мекен үстеу
ОҚО Шымкент қаласы Бастауыш сынып мұғалімі: Унгарбекова Бақыткүл
Үстеу. Мекен үстеуі
Үстеу. Мекен үстеуі
Целиноград ауданы, № 10 орта мектеп Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі: Кусаинова Жанар Кайратовна
Үстеу
Үстеу
Алматы қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абишева Зульфия Нопирбаевна
Кім жүйрік?
Кім жүйрік?
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×