Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мекен үстеуі. Мен оқушымын.

21 қыркүйек 2017, Бейсенбі
Қазақ тілі 6 сынып.
Сақтың тақырыбы: Мен оқушымын. Мекен үстеуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз
2. Сөздікпен танысу
3. Диалогті досыңмен оқу
4. Жазылымы
Қыс – жылдың............ 1. ұнайды
Мен қыс мезгілін өте жақсы...... 2. Туған күнім болады
Қыста әсем қаламыз Астанада....... 3. Шанамен, конькимен сырғанаймыз
Қарағай мен қайың ақ кимешек..... 4. Ең тамаша мезгілі
5.«Мен оқушымын» тақырыбына шағын шығарма жазу

IV. Жаңа сабақты бекіту:
1. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру
Мекен үстеуі – қимылдың болу орны мен бағытын білдіреді. Сұрағы: Қайда? Қалай қарай? Қайдан?
Мысалы: ілгері, осында, төмен, бері
Сөйлемдер құрастыру

V. Сабақты қорыту:
А) Төмендегі сөйлемдерден үстеуді тауып, астын сызып шығыңдар:
Ол артқа жылжи берді.
Сыртта жүрме!
Мұнда күте тұршы.
Бері келіңдер
Мен осында отырмын, ол анда отыр.
Құстар төмен ұшып кетті.
Ә) Тест парақшаларын тарату
21 вариант

Үстеу
1. Іс - әрекеттің мезгілін, мекенін, сын - қимылын білдіретін сөз табын... дейміз.
а. сын есім
ә. есімдік
б. үстеу

2. Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?
а. қандай? қалай? қашан?
ә. қалай? қашан? қайда?
б. қашан? қай? нелер?

3. Артық сөзді табыңдар:
а. ертегі
ә. ертең
б. ерте

4. Көп нүктенің орнына тиісті үстеуді жазыңдар:
Аңшылар... түлкі әкелді.
а. кенет
ә. төмен
б. бүгін

5. Дұрыс жауабын табыңдар:
Әсел қашан келді?
а. дереу
ә. кеше
б. тез

6. Артық сөзді табыңдар:
а. асықпай
ә. бірден
б. таулы

7. Үстеуді көрсетіңдер:
а. туралы, сол
ә. жас, кәрі
б. зорға, әрең

8. Жауабын көрсетіңдер:
Сабақты қалай оқиды?
а. асықпай
ә. ертең
б. кешқұрым

9. Үстеуді көрсетіңдер:
а. сыбырла
ә. қараңғы
б. күндіз

10. Артық сөзді табыңдар:
а. тез оқиды
ә. ерте оянады
ф
б. кешке келеді
VI. Үй тапсырмасын беру: 108 - бет
VII. Бағалау. Рефлексия

Басқа тақырыптағы сабақтарды қарау
2 278
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Сырт киімдер
Сырт киімдер
Сырт киімдер туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Судың пайдасы. Тіл дамыту. Топтау сан есімдері
Судың пайдасы. Тіл дамыту. Топтау сан есімдері
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Мектепке немен барасың?
Мектепке немен барасың?
Мектеп туралы алған білімдерін толықтыра түсу. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Менің сүйікті кейіпкерім (н/с) Үстеу. Мезгіл үстеу
Менің сүйікті кейіпкерім (н/с) Үстеу. Мезгіл үстеу
Тақырып бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×