Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзендер. Бас әріппен жазылатын сөздер

13 мам 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі
Өзендер. Бас әріппен жазылатын сөздер
Сабақтың мақсаты: Өлеңді мәнерлеп әрі түсініп оқуға төселдіру; Қазақстандағы өзен аттарымен таныстыру; жазу дағдыларын жетілдіру; бас әріппен жазылатын сөздер туралы ұғымдарын кеңейтуге мүмкіндік жасау.
Оқыту нәтижелері: Өлеңді мәнерлеп әрі түсініп оқиды; Қазақстандағы өзен аттарымен танысады; сауатты жазуға жаттығады; бас әріппен жазылатын сөздерді біледі
Негізгі дерек көздер: Оқулық, суреттер, күлегештер, интерактивті тақта
Әдіс - тәсілдер: «Ой шақыру, «Миға шабуыл», Венн диаграммасы, «Ыстық орындық», топтастыру стратегиясы, сурет салу, эссе жазу, сәйкестендіру картасы
Сабақ түрі: Аралас
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері

Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс - әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгелдеу
3. Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.
4. Ынтымақтастық атмосферасын орнату:
Күн нұрындай көңілім, Жүрегім толы мейірім,
Даламдай кең пейілім. Бәріне ортақ шуағым,
Қайырымды баламын.
5. Жануарлардың суреттері арқылы 5 топқа бөлу

ІІ. Өткенді пысықтау:
Білу және түсіну 16 мин
1. «Ой шақыру»:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі сендерге несімен ұнайды?
- Көктемнің шуақты күніндей көңіл күймен сабақты бастаймыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру: «Бәсіре»
1) Мәтінді бөліктерге бөліп, тізбектеп оқу.
2) «Ыстық орындық»: 1 оқушы орындыққа отырып, басқа оқушылар қойған сұрақтарға жауап беру
4) Қазақтың тағы қандай салт - дәстүрлерін білесіңдер?
3. «Миға шабуыл». Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып оқы:... стана,... ымкент,... ртіс,
... қтөс,... алғат,... азақстан,... алқаш.
- Бұл сөздер неліктен бас әріппен жазылған?
4. «Ой қозғау». Топтастыру жасау, қорытынды жасау:
1 - топ: Кім? кімдер? және не? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді салыстыр (Венн диаграммасы)
2 - топ: Кісі аттарын жаз.
3 - топ: Қала аттарын жаз.
4 - топ: Өзен - көл аттарын жаз.
5 - топ: Үй жануарларының аттарын жаз.
5. Сөздік диктант: Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Арыс, Есіл, Талас, Зайсан, Балқаш.

ІІІ. Жаңа сабақ:
Қолдану және талдау 12 мин
1. Жаңа сабақты хабарлау
2. Кіріспе әңгіме.
1) Суреттегінің қайсысы өзен, қайсысы көл?
2) Өзен мен көлдің айырмашылығы неде?
3) Қандай өзен мен көлдерді білесің?
4) Өлең авторы – Оразақын Асқар.
3. Оқулықпен жұмыс. Өлеңмен жұмыс:
1) Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
2) Өлеңді 1 шумақтан 4 оқушыға оқыту.
«Оқу» тобы: Өлеңді 1 шумақтан мәнерлеп оқу.
«Жазу» тобы: Өлеңнен өзен аттарын теріп жазу.
«Зерттеушілер»: Өзен мен көлдің қандай пайдасы бар?
«Өнер» тобы: «Сулы жер – нулы жер» тақырыбына сурет салу, әңгімелеу.
«Ғылым» тобы: «Су - тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазу.

Сергіту сәті 1 мин
Өлең оқып, қимыл - қозғалыс жасау
1. Дәптермен жұмыс. 235 - жаттығу. Сызбада берілген әріптерден басталатын жер, су аттарын атау:
«Оқу» тобы: Қ әрпінен:... (Қарағанды, Қызылорда, Қаратау, Қазығұрт).
«Жазу» тобы: С әрпінен:... (Сырдария, Сарыарқа, Семей, Сарыағаш).
«Зерттеушілер»: Т әрпінен:... (Талдықорған, Тарбағатай, Торғай, Тараз).
«Өнер» тобы: А әрпінен:... (Астана, Алматы, Арыс, Алатау)
«Ғылым» тобы: Ж әрпінен:... (Жезқазған, Жайық, Жем, Жамбыл облысы, Жетісай)

ІV. Сабақты қорыту:
Жинақтау 6 мин
1. Не үйрендік? Не білдік?
«Оқу» тобы. Тиісті әріптерді қойып, жасырылған өзен аттарын тап:

«Жазу» тобы: Сәйкестендіру картасы. Өзен мен көл аттарын ажыратып, сызықпен қос: Ертіс, Балқаш, Алакөл, Сырдария, Есіл, Зайсан.
«Өнер» тобы: Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздердің тиістісін жазып, түсіндір. (раушан, Раушан)
Бақта... гүлі өсіп тұр. Бүгін... кезекшілік атқарды.
«Ғылым» тобы: Қатені тап: балқаш, Шымкент, Сиыр, ертіс, Өзен, ақтөс.
«Зерттеушілер»: Қандай сөздер бас әріппен жазылады?
Мысал келтір.

V. Бағалау:
1 мин 1. Формативті бағалау
2. Бүгінгі алған біліміңді өмірде қалай пайдаланасың?

VІ. Рефлексия:
1 мин 1. Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?
2. Бүгінгі сабақ ұнады ма?
3. Қай тапсырма қиын болды?
VІІ. Үйге тапсырма беру

ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек аулы,
№ 31 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Ботагоз

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 244
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денсаулық - зор байлық. Бас әріппен жазылатын сөздер.
Денсаулық - зор байлық. Бас әріппен жазылатын сөздер.
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.
Бас әріптен жазылатын сөздер
Бас әріптен жазылатын сөздер
Юрий Гагарин - Ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең бірінші адам
Бас әріппен жазылатын сөздер
Бас әріппен жазылатын сөздер
Жер - су, хайуанаттар аттарының бас әріппен жазылатынын меңгерту; қойылған сұрақтарға толық, түсінікті, дәлелді жауап беруге машықтандыру; өз ойын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру
Жеті ата. Сөйлем
Жеті ата. Сөйлем
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек аулы, № 31 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Ботагоз
ъ белгісі (айырма белгісі)
ъ белгісі (айырма белгісі)
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды ъ белгісімен таныстыру, оның дыбысталмайтынын түсіндіру, ъ белгісі бар сөздерді дұрыс оқуға және жазуға, есте сақтауға, дыбыстық талдау жасауға үйрету;
Бас әріппен басталып жазылатын сөздер
Бас әріппен басталып жазылатын сөздер
Сабақтың мақсаты: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы түсінікті кеңейту. Мәтіннің негізгі идеясын ашу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×