Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру жолдары

15 мам 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Бөкей Ордасы ауданы, Хан Ордасы ауылы,
Жәңгір хан атындағы ЖББОМ
I санатты мектеп психологі,
II санатты бастауыш сынып мұғалімі
Аксенова Альфия Ринатовна

Баяндама
«Бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру жолдары»

«Бала дамуының ең шарықтау шегі -
бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»
Л. С. Выготский
Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, таңдау) — жеке тұлғаның ақыл - ой қабілеті. Ақыл - ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Интеллектуалдық қабілет - ақыл - парасат, ойлау, рационалды таным қабілеттері; жеке тұлғаның ақыл қабілетінің тұрақты құрылымы.
Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс - әрекеті. Интеллект функциялары:
• оқуға деген қабілеттілік;
• қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік.
Интеллект өзі логика арқылы дамиды. Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған.[2]
Бастауыш сынып – оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі. Бастауыш сыныпта балалардың ойлары нақты - бейнеліден абстрактылы - логикалық ойлауға қарай дамиды. Мектептің алғашқы сатысының міндеті – бала интеллектісін себеп – салдарлы байланыстарды түсіну деңгейіне дейін дамыту.
Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше ақын қызметін орындайды. Бұл нақты қызметіне талдау, біріктіру, салыстыру, дерексіздендіру нақтылау және қорытындылау арқылы жүзеге асырылады.[3]

Талдау – бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу, қарапайым формадағы талдау әрқандай затты практикалық қажеттілікке орай құрама бөлшектерге ажырату.
Талдау тәжірибелік және теориялық болып бөлінеді. Егер талдау жоғарыда айтылған ой операцяларына ұштаспаса, онда қате, механикалық сипат алады. Мұндай талдау элементтері жас балаларда көптеп кездеседі.
Біріктіру – бұл әрқилы бөлшектер, қасиеттермен әрекет қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру. Біріктіру операциясы талдау әдістеріне қарама - қарсы. Бұл қызмет барысында жеке заттар мен құбылыстар күрделі, бүтін құбылысқа қатысы бар бөлшек, элементтер тобы ретінде қарастырылады.
Ой процесіндегі талдау мен біріктіру әрекеттері оқу жұмысында аса үлкен маңызға ие. Бала жекелеп талдау мен әріптерді тануға қол жеткізеді, ал кейін сол игерген әріптердің басын біріктіріп буын құрайды, буыннан сөз, сөзден - сөйлем, сөйлемдерді біріктіріп мәтін мазмұнын шығарады.
Салыстыру - әрқандай заттар мен құбылыстардың, не ойлардың бөліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағышталған ой әрекеті. Күнделікті тұрмыстық салыстырулар.[1]
Не себептен бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау деңгейлері төмен болады? Неге олар бір логикалық тапсырманың жауабын бірнеше күн жүріп таба алмайды? Себебі олардың интеллектуалды деңгейлері төмен, немесе ілгері дамымаған. Егер біз бастауыш сыныпта интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін ұштастыра жетілдірсек, оқу процесіндегі материалды бала өз өмірінде қолданып қана қоймай, бағдарламаны да тез игереді. Мидың талдау операциясын жетілдіру мақсатында мына әдісті пайдаланған тиімді. Біз сандардың: жұп, тақ, бүтін, бөлшек, атаулы, дөңгелек, біртаңбалы, көптаңбалы екенін меңгерту керекпіз. Осыған орай, ойын әдісін пайдалана отырып «- Орманда Сан есімді қоян мекендейді. Ол өте досшыл болды. Оның Жұп, Тақ атты қасқыр, Бүтін, Бөлшек – атты кірпі, Атаулы, Дөңгелек – атты мешін, Біртаңбалы, Көптаңбалы – атты зебра достары болыпты...» әрі қарай ол ұстаз шығармашылығына байланысты. Яғни бала оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу, қарапайым формадағы талдау жасап үйренеді.
Баланың миындағы біріктіру операциясын дамыту мақсатында қолданатын қарапайым тәсілім - ол математикалық амалдарды топтастырып біріктіру. Мысалы: математикалық амалдарды теріп табу жолында оқушыға қосу, алу, бөлу, көбейту амалдарын бір сөзбен қалай атауға болады деген сауал қоямыз. Қосу, алу, бөлу, көбейту - бұл математика ғана пәнінде қолданатын математикалық амалдар екенін айтуға итермелейміз.
Ал мидың заттар мен құбылыстардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды таба білу операциясын жетілдіру жолында салыстыру тапсырмаларының рөлі ерекше. Мысалы: 10 кг балық пен 1000 гр балық арасындағы айырмашылық пен ұқсастықты табу. 1кг=1000 гр, 10 кг=10000гр, яғни 1кг>1000гр.
Енді мынадай сұрақ туындайды. Жалпы бастауыш сынып оқушыларының сабақ үстінде интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін арттыруға бола ма? Мен өз тәжірибеме сүйене отырып, «Иә!» деп айтар едім. Ол үшін мен мына «шеберлік баспаларын» ұсынамын:
1. Сабақтың түрін, формасын өзгерту
2. Оқушылардың сыныпта отыру ережесін, парталардың орындарын өзгерту керек.
3. Сабаққа жаңа технологиялар мен әдістерді шеберлікпен, сауатты еңгізе білу керек.
4. Үй тапсырмасын түрлендіру керек, немесе мүлдем бермеу керек.
Жоғарыда аталған «шеберлік баспаларды» сауатты әрі шебер орындау үшін ұстаз бойында оқушыларды өзіне тарту педагогикалық күші болу керек, педагогикалық шеберлік деген не екенін ұғыну керек, педагогикалық этика нормаларын сақтау керек, толеранттылық болу керек.
1. Сабақтың түрін, формасын өзгерту баспасы - ол әр сабағымыз, күнделікті беріп жүрген сабағымызды қарапайым формасын асырып, өзгеше өткізуіміз керек дегенім. Ол сабақ тек сыныпта ғана емес, сыртта, орманда, мұражайда, мектеп ауласында болуы мүмкін. Неге? Баланың қабылдау ортасы өзгерген сайын оның тек қызығушылығы ғана артпай, шығармашылық және интеллектуалды түрде ортаны тану ми операциялары жетіледі. Біз тек педагогикамен шектеліп қана қоймай, психологияны да өз қызметімізде шебер қолдана білуіміз керек. Ол зерттеулер, интервью сабақтар, мектеп ауласында ана тілі сабағы.
2. Оқушылардың сыныпта отыру ережесін, парталардың орындарын өзгерту. Біз сонау Совет заманындағы отыру ережесіне «пісіп» қалған нормадан шықпай жүрміз деп ойлаймын. Егер сыныптағы парталар мен орындықтардың орналасу ережесін жаңартсақ, баланың сабақты қабылдау стратегиясының өзгергенін байқаймыз. Тағы да өз тәжірибемнен: «П», «Г», «О», «Н», «С» әріптер формасында орналасқан парталарда отырған оқушы белсенділігі артқанын байқадым. Ал белсенді отырған баланың ми жұмысы жетілетінін психологиядан білеміз.

Толық нұсқасын жүктеу
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 861
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Логика курсының бағдарламасы
Логика курсының бағдарламасы
Берілген логика курсының бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасап отырып, баланы іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға, ақыл ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдармен қамтылған.
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады.
Дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі
Дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі
Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді.
Кіші жастағы дарынды балалармен жұмыс
Кіші жастағы дарынды балалармен жұмыс
Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат поселкесі МКҚК «Нұрбөбек» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі: Тапанова Райхан Жолдасқалиқызы
Дарынды балалармен және үлгермеуші оқушылармен жұмыс
Дарынды балалармен және үлгермеуші оқушылармен жұмыс
Ақтөбе қаласы, Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі Карамурзина Шолпан Ондасыновна
Математиканы арнаулы пәндермен байланыстыра оқыту
Математиканы арнаулы пәндермен байланыстыра оқыту
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Архабаева Жұпар Көпбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×