Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік

10 маусым 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға етістік туралы түсінік беру, заттың қимылын білдіретін сөздерді ажырата білуге, оларды мәтіннен таба білуге үйрету.
2. Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру. Ой өрісін дамыту, сауатты, көркем жазуға төселдіру.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке, сауаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап әдісі, өз бетінше жұмыс істеу, ой қозғау. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар, ережелер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Жұбан Молдағалиев.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.

Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақын жазушыларымыз айтқандай туған тіліміз - қазақ тілі сабағы екен. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Ашық сабақты хабарлау. Оқушыларды 1 - топ: «Тапқырлар», 2 - топ: «Білгіштер», 3 - топ: «Алғырлар», 4 - топ: «Зеректер» деп 4 - топқа бөлу. Әр топқа топ басшы сайлау. Топ басшы өзінің топ мүшелерін бағалап отырады.
Бағалау: Биыл қой жылында асықпен бағалаймын.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Ереже сұрау. Өткен сабақты қорыту. Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Етік сағат тікұшақ Оқушылар жаңа тақырыптың атын атайды.

3. Жаңа сабақ. Күннің жады, жаңа тақырып және көркем жазу жазылады. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Заттардың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: өсті, ойнады, сайрады.
Суретпен жұмыс.
354 - жаттығу. Зат есімдерді қатыстырып сөйлем құраймыз. Құраған сөйлемдер заттың ісін, қимылын білдіретін болсын. Мысалы: Бала ағаш жарды. Айнұр гүлге су құйды. Ол сөздер қандай сұраққа жауап береді? Не істеді?
Ой қозғау. Әр топтан бір оқушы оқиды. 355 - жаттығу. Жұмбақтарды оқып, шешуін табу, ішінен етістікті тапқызу. 1. Жазда қыдырады, қыста тынығады. (Су)
2. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (Күн)
Дәптермен жұмыс. 356 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу. Тоғайда түрлі аңдар...... Терең шатқалға қояндар........ Қызыл түлкі тоғайда....... Тиіндер ағаштан ағашқа....... Керекті сөздер: жүреді, жасырынады, болады, секіреді. Әр топтан бір оқушы тақтаға, ал қалғандары дәптерлеріне орындайды.
Сергіту сәті.
Топтық тапсырма. Оқушыларға плевчард тарату.
357 - жаттығу. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.
1 - топ. Қонды. 2 - топ. Жауды. 3 - топ. Тасыды. 4 - топ. Жүзді.
Мысалы: Биыл қой жылы қар қалың жауды. Әр топ оқушылары ой бөлісіп жазады. Әр топтан бір оқушы оқиды.
Кім тапқыр ойыны. Оқушылардың барлығы жеке тапсырма орындайды.
358 - жаттығу. Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, олардың етістік екенін дәлелде. Көгершін, жасыл, жинады, айтты, алыс, сөйлесті, ертең, байлады.
Бекіту кезеңі. «Жалғастыр» ойыны. Мен зат есім оқимын, оқушылар етістік сөздер айтады. Мысалы: Қар (жауды).
Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Оқушылар стикерлерге жаңа тақырып бойынша түсінгендерін жазады.
Топтық бағалау. Топтардың жинаған ұпайларын айту. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.
Үйге тапсырма.
359 - жаттығу. «Білім керек бәріне» тақырыбына әңгіме құрау.
5 994
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Сын есім
Сын есім
Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Шығыс септік
Шығыс септік
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сапарбаева Сәуле Серикбаевна
Етістік
Етістік
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы № 7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×