Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ш дыбысы мен әрпі

09 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Пән мұғалімі: Жаназилова А.М.

Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Ш ш дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ш дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ш дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету. Ш дыбысының орнын анықтату, сөз, сөйлемдерді талдау жұмыстарын жүргізу

Сабақтың көрнекілігі: флипчарт, шана, шортан, шар, шахмат, шегіртке, шаян суреттері, кеспе әріптер
Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау-жинақтау, сөздік, көрнекілік, әңгімелеу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын тексеру. 27-бетіндегі буындарды оқып, сызба бойынша сөйлем құрау. 1-слайд. Сабақты жұмбақ жасырумен бастау.
Үрлеп алып ойнауға болады,
Жинап алып, байлауға болады. (Шар)

Мұғалім оқушылардан шар сөзін бірнеше рет қайталату арқылы жаңа дыбысты шығарып алуға болады (Ш-ш-ш-ар). Сөйтіп, оқушылардың өздеріне тапқызып, дыбыстату арқылы жаттығу жұмыстарын бастау керек. Дыбыстың әрпімен таныстыра отырып, оқулықтың 28-бетіндегі суреттерге байланысты сөздермен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар сөздің алғашқы екі дыбысын жалғастыра оқу арқылы келесі дыбыстарды табады. Мұнда жаңа сабақ тақырыбы назарда болу керек.

2-слайд. Оқулықтың 28-бетіндегі баған түрінде берілген буындарды оқу және оларға дыбыстық талдау жасау. Мазмұнды суретке байланысты мәтінді оқыту.
3-слайд. Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық

4-слайд. Жазу дәптерінің 25-бетіндегі Ш ш әрпінің жазба, басна түрін салыстыра отырып, графикалык талдау жұмыстары жүргізіледі. Осы беттегі тапсырмалар мұғалімнің басшылығымен жүйелі орындалады.
Оқуға жаттықтыру үшін берілген буындар мен сөздерді оқыту арқылы мұғалім оқушыларды сөздерді тұтас оқуға үйретеді.
Сызба үлгісіне қарап, сөйлем құрау, оны талдау жұмыстары ұйымдастырылады.
Тапқышбектің тапсырмасы орындалады.

Сергіту сәті
Отырып -ақ орнымда
Айдын көлді кешемін.
Сен білмесең, егерде
Былай ескек есемін.
5-слайд. Оқулықтың 29-бетіндегі баған түріндегі берілген буындар мен сөздерді оқушыларға оқытып, жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. Мұнда сөздердің дыбыстық құрамына қарай айтылуындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарына баса назар аударылады. Сызбаға сәйкес сөйлем құрау.

Тапқышбектің тапсырмасын орындау. Жауабы:
Ол - көгершін. Ол – шаян. Ол - қайшы. Ол - шегіртке.
Сөз, сөйлемдерді талдау жұмыстарын жүргізу.
Дәптердің 26 –бетіндегі үлгі бойынша Ш ш әрпін жазуды үйрету. Олардың ішінде шапан, шие сөздеріне байланысты шығармашылық бағытта жұмыстар орындалады. Дыбыстық, буындық талдау орындау.
«Әліппе серігіндегі» «Шие тергенде» мәтінін оқып береді. Ш дыбысы кездескен сөздерді тапқызу.
Сабақ әріптерге байланысты ойын түрлерінің бірімен аяқталады.
ІҮ. Сабақты бекіту.
Ү. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
31 802
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«С» дыбысы мен әрпі
«С» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: «С» дыбысы мен әрпімен таныстыру. «С» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Т дыбысы және әрпі
Т дыбысы және әрпі
Өткен дыбысты қайталату, зейінін аудару. Жаңа т дыбысымен таныстыра отырып, сөздер ойлатып, оларды дұрыс буынға бөлуін қадағалау. Қолдарын әдемі жазуға үйрету және қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Осы кезге дейінгі өтілген әріптерді қайталау. Ш дыбысы және әрпімен таныстыру, түсіндіру.«Ш» дыбысын таныту. Құрамында жаңа дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға үйрету. Ш дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.
Ы дыбысы мен әрпі
Ы дыбысы мен әрпі
Ы дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ы дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету.
Е дыбысы мен әрпі
Е дыбысы мен әрпі
Е дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету, адамгершілік тәрбие беру, сауатты жазу және оқуға дағдыландыру
Д дыбысы мен әрпі
Д дыбысы мен әрпі
Д дыбысы мен әрпін таныстыру. Д д дыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын үйрету, тілін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×