Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Д дыбысы мен әрпі

09 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Пән мұғалімі: Жаназилова А. М.

Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: "Д д" дыбысы мен әрпі (2 - сағат)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға "Д д" дыбысы мен әрпін таныстыру. Д д дыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын үйрету, тілін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі: оқулық, суретті әліппе, қима әріптер, слайд
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
ә) сабаққа дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Өткен сабақты қайталай отырып, сұрақтарға жауап алу.
2. 1 - слайд. Қ әріпіне берілген сөздерді оқыту.
III Білімді тексеру кезеңі:
2 - слайд. «Тиісті әріпті жаз» ойыны
- Қ дыбысы қандай дыбыс?
- Қ дыбысының айтылуы мен жазылуы?
Қ дыбысының айтылуы мен жазылуын, сөздерді буынға бөлу арқылы қайталау.
Оқулықта берілген сөздерді оқыту
3 - слайд. Жұмбақ жасыру:
Бала біткен соғады
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң, ұшып жоғары
Жерге түсер домалап.
Ол не? (Доп)

Оқушыларға доп сөзін қайталап айтқыза отырып, д дыбысының орны анықталады. Суреттерге сүйене отырып, олардың атын атату керек. Алғашқы екі дыбысты біріктіре оқыту арқылы толық сөзді табуға үйрету (дауылпаз, домбыра, дуадақ).
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны

IY. Мақсат қою тақырыбын, мақсатын хабарлау
Y. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Оқушылармен оқулықтағы тақырыптық сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Доптың суретін көрсету. Суреттегі балаларға ат қою. Дала, доға, долана туралы оқушыларға сөйлем құрату. Дала қандай әдемі. Долана тауда көрінеді т. б.
- Дала деген сөздегі таныс емес дыбыс қандай дыбыс?
- Д дыбысы. Д дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, д дыбысын дұрыс айтуға үйрету.
Д дыбысы тақтаға ілініп, Д - бас әрпі, д - кіші әрпі деп ажыратып айтып, оны оқушыларға хормен қайталап айтқызу.
4 - слайд. Д д әрпі интерактивті тақтадан көрсетіледі.
Добым, добым домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Доп, дала, доға, долана, дода сөздерін оқытып, буынға бөліп айтқызу.
- Д дыбысы дауыссыз дыбыс екенін аңғарту.
Бағандағы сөздерді оқыту. Долана, домбыра, дала сөздеріне дыбыстық талдау жасау
Д дыбысын бірнеше рет хормен айтқызу.
Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық

Жазу дәптерінің 33 - бетіндегі д әрпінің баспа және жазба түрлерін салыстыру қажет. Олардың арасындағы айырмашылықтарына оқушылардың назарын аударып, шатастырып алмау жолын қарастыру
керек.
Қолды еркін жазуға жаттықтыру жұмыстары үлгі бойынша орындалады.
Д әрпінің кіші жазба түрінің бөліктерін үлгідегідей жазып үйрету.
Д әрпі мен дос сөзін көркем етіп көшіріп жазған соң, сергіту сәті өткізіледі.

Ду, ду, ду! Дүк - дүк!
Пойыз келеді.
Ду, ду, ду! Дүк - дүк!
Бәрі жол береді.
Ду, ду, ду! Дүк - дүк!
Жүгіріп өтпе,
Ду, ду, ду! Дүк - дүк!
Тұра тұршы шетте.
Ду, ду, ду! Дүк - дүк!
Пойызды өткіз.
Қол бұлғап қалайық
«Жолболсын!» - деп біз.

Дәптердегі Тапқышбектің тапсырмасы орындалады.
Жазу дәптерінің 33 - 34 - беттеріндегі д әрпінің бас және кіші әрпін жазуға арналған жаттығу жұмыстары орындалады.
Дәптердегі сөйлемді сызбаға салып, талдау жұмысы жүргізіледі. Одан кейін сөйлемнің өзін көркем етіп жазу ұсынылады.
V. 5 - слайд. Оқулықтың 37 - бетіндегі бірінші баған бойынша дыбыстардан
жеке буын жасалады. Келесі бағандар бойынша буындардан сөздер құралады. Олардың қатысуымен суреттерге негізделген сызбаға сәйкес сөйлемдер құрылады.

VI. Осы беттегі суреттер мен сызбаны пайдаланып, Шора туралы жаңылтпаш оқылып, талданады. Оқушылардың тілін жаттықтыру мақсатында тез айтуға дағдыландыру.
Сабақты қорыту үшін оқулықтағы соңғы тапсырма ойын түрінде

орындалады. Қажет болған жағдайда оларды дәптерге көшіріп жазуды тапсыруға болады.
Шырша, шашу, шула, суар, арша, шала.
VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1 ) Д дыбысы – дауыссыз дыбыс.
2) Д дыбысы сөздің қай буынында келеді?
YII Бекіту кезеңі «Кім тез?» ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімін бекіту.
YIII: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
«Әліппе серігіндегі» мәтінмен жұмыс. Д дыбысы кездескен сөздерді тапқызу.
Сабақ әріптерге байланысты ойын түрлерінің бірімен аяқталады.
ІҮ. Сабақты бекіту.
Ү. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
36 495
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішіндегі ш дыбысының ерекшелігін меңгерту, ш дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жаздыру. Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Сабақтың тақырыбы: Хх дыбысы мен әрпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Д дыбысы мен әрпі
Д дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Д дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. Д - дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға жаттықтыру
У дыбысының дауысты болып айтылуы
У дыбысының дауысты болып айтылуы
Сабақтың мақсаты: У дыбысының қай кезде дауысты болатынын түсіндіру. Білімділігі: У дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×