Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстардың алуан түрлілігі

09 қараша 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
БҚО, Тасқала ауданы, Мерей ауылы
Жалпы білім беретін Шипов орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Муканова Салима Ханатовна

Тақырыбы: Құстардың алуан түрлілігі
Сабақтың мақсаты: оқушылардың құстар, олардың тіршілік жағдайлары туралы алған білімдерін кеңейту, олардың пайдасы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелігі: құстарға қамқор болуға, қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: құстар бейнеленген суреттер, жұмбақтар, сөзжұмбақ, сызбалар, бақылау күнделігі.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, топтастыру, ой толғаныс.
Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық.
Құстар, құстар келеді,
Жерді шуға бөледі.
«Көктем келді!» - деп бізге,
Жақсы хабар береді.
Жаңа сабаққа дайындық.
- Балалар, енді мына тақтадағы сөзжұмбақты шешіп көрейік. Егер оны шешсек, бүгінгі жаңа тақырыбымызға байланысты сөз шығады.

Жұмбақтар
1. Түрі қара мамықтай,
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды,
Көктен жұлдыз аққандай. (қарлығаш)

2 Тау басында түндіксіз отау. (ұя)

3. Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі аласа,
Бұл қандай құс? (сауысқан)

4. Орманда жоғары
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға ғып,
Тоқ - тоқ соғады. (тоқылдақ)

5. Ақ сарайды талқандап,
Шықты біреу талтаңдап.(балапан)

6. Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені.
Жаздай сайран салып - ақ,
Қыста алысқа кетеді. (қараторғай)

Оқушылардың құстар туралы не білетіндерін тыңдау.
Берілген мәтіннің мазмұны төңірегінде әңгіме жүргізу.
Айдар айналада болып жатқан өзгерістерді, табиғатты бақылағанды жақсы көреді.
Бірде ол хайуанаттар паркіне барды. Торда отырған алуан түрлі құстарды, олардың дауыстарын естіп, таң - тамаша болды. Кенет көлшіктің ортасында ашылып тұрған аппақ гүлге көзі түсті. Гүл көз алдында ашылып, лезде ғайып болды. Гүл дегені аққу екен.
Айдардың сол күні құстардың алуан түрлілігіне көзі жетті.

«Құстар» сөзіне топтастыру құру.
«Құстардың алуан түрлілігі» мәтінін оқыту.
Жер шарында жүз миллиардтай құс тіршілік етеді. Олардың 90 пайызы насекомдармен қоректенеді. Жеті жүздей құстың түрі бар. Бұлардың барлығы да пайдалы.
Дүниедегі ең үлкен құс – африка түйеқұсы. Оның салмағы 100 кг. Ал ең кішкентай құс - колибри. Оның салмағы 2 кг.
Ұшпайтын да құстар болады. Олар пингвин мен түйеқұс.
Тоқылдақ - өте пайдалы құс. Ол ағаш қабығының астынан қабықжегі мен ағашжегінің дернәсілдерін бұлжытпай табады. Тоқылдақтың тұмсығы мықты болады, тұмсығымен ағаштың қабығын оңай теседі. Тілі ұзын, жабысқақ әрі ұшында қатты түктері болады. Тоқылдақ қабықты теседі де, тілін қабықтың астына сүңгітіп жібереді. Сөйтіп, кез келген саңылаудан жәндікті алып шығады. Осылайша тоқылдақ ағашқа зиянды жәндіктерді құртады. Оны «орман» дәрігері деп бекер атамаған.
Көкек: Өз ұрпағыма ұқыпсыз болсам да, мен өте пайдалы құс боламын. Мен күніне 39 шегіртке, 43 құрт, 50 шытырлақ қоңыз, 4 өрмекші т. б. зиянды құрттарды жеймін.
Пайдалы құстың бірі – қараторғай. Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна шегірткені азық етеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 782
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстардың ұя салуы (ертегі)
Құстардың ұя салуы (ертегі)
Еліміздің байлығын, табиғатын бағалай білуге, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Құстар
Құстар
Балалардың ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту, қазақша сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.
Құстар
Құстар
Құстардың көптүрлілігі туралы түсінік беру, топтарын ажырата білу. Әңгімелеу, сипаттау, талдау, бақылау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
Құстар
Құстар
БҚО, Орал қаласы, №14 орта жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақболатова Лунара Төлегенқызы
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Алға селосы, Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Темірова Мұхсина
Құстар – біздің досымыз
Құстар – біздің досымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Науалы ауылы «Балбөбек балабақшасы» КММ - нің тәрбиешісі Байтикова Динара Сейтжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×