Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған жер. Өтебай Қанахин

09 қараша 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Туған жер. Өтебай Қанахин
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушылардың тілін дамыту, мәтіннен негізгі ойды анықтау.
Көрнекіліктер: оқулық, дәптер, суреттер, слайд, Өтебай Қанахиннің портреті.
Оқытудың әдістері:«Блум таксономиясы», АКТ - ны пайдалану, топтық жұмыс, постер қорғау, сұрақ – жауап әдісі, жұптық жұмыс, «Синквейн» әдісі, эссе.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал.
Біз Отанды сүйеміз,
Біз Отанға адалмыз.
Көгілдір ту иеміз,
Қалай жасық болармыз.

Үй тапсырмасын тексеру
2 - тарауды қайталауға арналған тестік тапсырма
Әр оқушы жеке тест парағымен жұмыс жасайды.

Жаңа сабақ
Сабақты сөзжұмбақ шешуден бастау.
1. Біздің еліміз қалай аталады?
2. Рәміздеріміздің бірі
3. Орман неден құралады?
4. Бал жинайтын жәндік?
5. Маңғыстауда өндірілетін пайдалы қазба?
6. Қамбар ата төлі
7. Солтүстік Қазақстанда ағып өтетін өзен?
8. Астанадағы Қазақстан символы?

Қ А З А Қ С Т А Н
Т У
А Ғ А Ш
А Р А
М Ұ Н А Й
Ж Ы Л Қ Ы
Е С І Л
Б Ә Й Т Е Р Е К

Білу категориясы
Балалар қазақтың қандай ақын, жазушыларын білесіңдер?
Топтастырыңдар

- Балалар бұған менің де қосарым бар. Мен бұл аймаққа Өтебай Қанахинді орналастырар едім.

Өтебай Қанахин (1923 - 1990 ж.) 17 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тәуіп ауылында туған.
Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
Алғашқы әңгімесі «Екі кездесу» 1947 жылы жарық көрді.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Туған елім – туған жерім»
Туған жер туралы слайдтар көрсетіледі.
Біздің Отанымыздың табиғаты бай алуан түрлі: өзен - көлі, кең даласы, жасыл орманы, жайқалған егісі көз тартады. Біздің еліміз – пайдалы қазбалардың қоймасы. Әрине, біз Отанымыздың осындай байлығы барына қуанамыз. Қуануға, мақтануға да тиіспіз.
- Балалар, слайдтарды көргенде, көз алдарыңа не елестеді?
Балалардан күтілетін жауаптар:
- Туған жеріміздің әсем табиғаты, оның байлығы.
- Ендеше, балалар, сабағымыздың келесі бөлімі
«Туған елім – туған жерім» деп аталатыны белгілі болды.
- Өтебай Канахиннің «Туған жер» деген мәтінімен танысайық.
Түсіну категориясы
Оқулықтағы мәтінді іштей оқыту.
«Мәтінді зерттеу» әдісі бойынша топпен жұмыс жасау.
Зерттеу бағыттары
1 топ – «Туған жердің табиғаты»
2 топ – «Туған жердің байлығы»
3 топ – «Туған жерді қорғау»
Ұжыммен оқушылар мазмұнын зерттейді, зерттеу қорытындысы «Ұшақ» әдісі арқылы 3 топқа сұрақтар қою арқылы тексеріледі. Ұшақтың қанаттарында тапсырмалар беріледі. Әр топ тапсырманы орындау керек.
Сергіту сәті.« Қара жорға»
Қолдану категориясы
Оқулықпен жұмыс.
І топ – Сөздік жұмысы слайдтан көрсетілмес бұрын, алдымен, осы сөздер бойынша оқушылардың ойы тыңдалады.
1. Киелі – ерекше қасиеті бар.
2. Ризық – бұйырған нәсіп, ырыс.
3. Маңғаз – кербез, паң, тәкәппар
4. Зеңгер – аспанмен таласқан, биік.
ІІ топ – «Байлық» торсықтай, мамықтай, жердің нәрі, кербез аққулар жымыңдаған ару ай сөздері бойынша талдау жүргізіледі. Осы сөздермен мысалдар келтіріледі.
ІІІ топ – «Ауылым - туған жерім» тақырыбына ойынды жаз.
Талдау категориясы
Ұжыммен жұмыс
Проблемалық сұрақтар қою.
1 - тапсырма
- Мәтінде туған жердің табиғаты, туған жердің байлығы, байтақ қазақ даласы қалай суреттелген?
2 - тапсырма
- Қандай жан - жануарлар, құстар туралы әңгіме болды?

Жинақтау категориясы
Жеке жұмыс «Синквейн» әдісі бойынша Туған жерге 5 жолды өлең құрастыру

Салыстырмалы бағалау категориясы
Жаңа сабақта игерілген білімді қорытындылау
Әр топ берілген сұрақтар бойынша Постер қорғайды.
I топ - Сирек кездесетін жануарлар және олардың қорғау жолдарын көрсет.
II топ - Қызыл кітап адамдар үшін маңызды ма, дәлелде?
III топ - Қазақстан қорықтарына шолу жасау.

«Ыстық орындық» әдісі
Мұғалім: Балалар, автор өз шығармасы арқылы бізге не айтқысы келді деп ойлайсыздар?
Оқушылар еркін сөйлеп, өз ойларымен бөліседі.
Күтілетін жауап: Әр адамның өз туған жерін, табиғатын қорғау – азаматтық борышы.
Үйге тапсырмасын беру. Мәтінді мазмұндау. «Туған жерімді сүйемін»
тақырыбына эссе жазу.
Бағалау.
Рефлексия.
12 105
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем
Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінің мағынасын түсіндіру және туған өлке, туған жер, атамекен туралы түсінік беру.
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжановтың өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.
С. Сарғасқаев «Шыбық»
С. Сарғасқаев «Шыбық»
Көктемгі ағаш отырғызу науқаны жайлы шығармамен таныстыру, Оқушылардың тілін дамыту, мәтіннен негізгі ойды анықтау.
Ұлы даланың жеті қыры
Ұлы даланың жеті қыры
Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын - соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған.
С. Сарғасқаев «Шыбық»
С. Сарғасқаев «Шыбық»
Көктемгі ағаш отырғызу науқаны жайлы шығармамен таныстыру, Оқушылардың тілін дамыту, мәтіннен негізгі ойды анықтау.
"Туған өлкем" Өтебай Тұрманжанов
"Туған өлкем" Өтебай Тұрманжанов
Отан, туған жер, туған тіл жайлы түсініктерін, оның табиғатының әсемдігі, байлығы жайлы түсініктерін тереңдету. Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңін оқу, мағынасын түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×