Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы даланың жеті қыры

07 наурыз 2019, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ұлы даланың жеті қыры
Мақсаты:
• Оқушылардың туған жеріне, еліне, деген сүйіспеншіліктері артады.
• Болашаққа деген сенімі, ой - өрісі дамиды.
• Оқушылар елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиеленеді.
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, видеофильмдер, сөзжұмбақ, флипчарт, түрлі - түсті фломастерлер, жапсырма қағаз, плакат.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ол – сәніміз.
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нәрін бәріміз.

II. Қызығушылықты ояту:
Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты ашу.
1. Біздің еліміз қалай аталады?
2. Рәміздеріміздің бірі3. Орман неден құралады?
4. Бал жинайтын жәндік?
5. Пайдалы қазба
6. Қамбар ата төлі
7. Рәміздердің бірі.
8. Астанадағы Қазақстан символы?

Қ А З А Қ С Т А Н
Т У
А Ғ А Ш
А Р А
М Ұ Н А Й
Ж Ы Л Қ Ы
Е Л Т А Ң Б А
Б Ә Й Т Е Р Е К

- Ендеше бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды.. Осы бағыттың жүзеге асырылуына сендер де туған жерді дәріптеу, құрметтеу арқылы үлес қосаса аласыңдар.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын - соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан - ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.
1. Атқа міну мәдениеті
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
3. Аң стилі
4. Алтын адам
5. Түркі әлемінің бесігі
6. Ұлы Жібек жолы
7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны
ІІ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ
Көтерілген мәселелер жан - жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай - ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты.
Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар арқылы бастауға болады деп ойлаймын.
1. Архив – 2025
2. Ұлы даланың ұлы есімдері
3. Түркі әлемінің генезисі
4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі
5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы
6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі

Мұғалімнің кіріспе сөзі: (Туған жер туралы слайдтар көрсетіледі)

Біздің Отанымыздың табиғаты бай алуан түрлі: өзен - көлі, кең даласы, жасыл орманы, жайқалған егісі көз тартады. Біздің еліміз – пайдалы қазбалардың қоймасы. Әрине, біз Отанымыздың осындай байлығы барына қуанамыз. Қуануға, мақтануға да тиіспіз. Осының барлығын ата - бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, болашақ ұрпағына аманат еткен.
• Ал қазір атасы мен немересінің әңгімесін тыңдап көрейікші. Не жайлы айтады екен?
Көрініс: «Туған жер»(Аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі: Ата, «Өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «Өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: Ол қандай болған?
Атасы: Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін
Болмаса да оқыған тарихшы атым,
Жинадым ескілерден тарих хатын
Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Есімі еш адамның өшпейді екен,
Артында ұрпақ жүрсе жаңғыратын,
Ұмыттырмау «Жеті атасын» парыз екен
Бұрынғылар ұрпақтың қамын жеген.
Сондықтан, балам, сен де өз тарихыңды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезден біздің ата - бабаларымыз туған жерін қызғыштай қорғап, осы күнге жетуді арман еткен.
Немересі: Ата, туған жер дегенді қалай түсінуге болады?
Атасы: Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, көз қарашығындай сақтауың керек
Немересі: Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем.
Атасы: Жарайсың, балам!
Мұғалім:
Көрініс не жайлы болды?
Сенің туған жерің қалай аталады?
Ендеше, Қазақстанның кешегі, бүгінгі күндерін айтып, ертеңін болжап көрейікші.
Қазақстан кеше, бүгін, ертең …Кеше (өткен тарихқа шолу)
• Жоңғар шапқыншылығы;
• 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс;
• 1928 - 1932 жылдардағы аштық;
• 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы;
• 1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы.
Бүгін (бүгінгі күннің тарихына шолу)
Біздің туып - өскен жеріміз – Қазақстан.
Еліміз тәуелсіз, дербес ел атанды.
Ел өз қалауымен президентті сайлап,
Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық.
Ана тіл - қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы.
Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.
Ұлы даланың жеті қыры жүктеу
14 555
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейту және бөлу
Көбейту және бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға түріндегі жазбаша көбейту және бөлу амалының әдіс - тәсілдерін таныстыру. Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа және жарастыру арқылы тез, тәрбиелеу.
Жеті қазынаның бірі
Жеті қазынаның бірі
Жеті санының киелі сан және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың өсиет - танымының көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Тәуелсіз Қазақстан - жарқын болашақ жолында
Тәуелсіз Қазақстан - жарқын болашақ жолында
Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Мен елімнің патриотымын!
Мен елімнің патриотымын!
Отанды сүюге, туған еліне, жеріне Отанға деген мақтаныш, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы патриоттық жауапкершілік сезімдерін ояту, болашақта елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. «Патриот» сөзінің мағынасының терең
Туған жер. Өтебай Қанахин
Туған жер. Өтебай Қанахин
Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушылардың тілін дамыту, мәтіннен негізгі ойды анықтау.
Ежелгі өркениет ескерткіштері
Ежелгі өркениет ескерткіштері
Астана қаласы, № 8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сексенбаева Серіккүл Аббасқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×