Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ө дыбысы мен әрпі

13 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
І. Танымдық: Ө ө дыбысы мен әрпін таныту, бас және кіші әріптерін үйрету, Ө дыбысын жеке, дұрыс дыбыстату, қызығушылығын арттыру.
ІІ. Тәрбиелік: Үй жануарларының адамға пайдасын, өсу жолын білу, жан-жануарларға қамқор болу халықтық кәсіпті танытып, оны бағалай білуге үйрету және адамгершілікке, табиғатын сүюге
баулу, әдемі, таза, сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың типі: Білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы.
Сабақтың түрі: Дамытпалы сабақ.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі, бейнелеу, дүниетану.
Сабақтың әдісі: Ассоциация, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап «Үш қадам сұхбат» әдісі, «Семантикалық карта» әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, Ребус «Сөзжұмбақ» «Өшіргіш» құралы, дидактикалық ойындар мен тапсырмалар («Сөз ойла, тез ойла», «Сөздік», «Кім суретші», Артығын тап», «Үндемес», «Жоғалған әріпті тап» ойыны).

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың құралдарын алдырып, назарын
сабаққа аудару.
ІІ. Өткенді қайталау:
Дидактикалық ойын «Сөз ойла, тез ойла»
Шарты: 9 әріптен тұратын жаңа сөз ойлап табу.

«Сөздік ойыны»
Мараттан «М» әрпін, Ұлданадан «Ұ» әрпін, Ұлғаздан «З» әрпін, Дәулеттен «Д» әрпін, «Ыдырыстан» «Ы» әрпін, «Нұрланнан» «Н» әрпін, Ырыстыдан «Ы» әрпін алдым.
Сонда «Мұз айдыны» деген сөз шықты.
«Мұз айдыны» мәтініне «Үш қадам сұхбат» әдісімен әңгімелету.

ІІІ. Негізгі бөлім.
Қызығушылығын ояту.
«Ребус» шешу «Өзен»
«Өзен» сөзіне ассоциация құрау

Өзен мен көлге симантикалық карта жасату.
-----------ағады ақпайды балық бар құс
өзен.........+........... –............. +........... +
көл ...........–.......... +............. +........... +

«Кім суретші» ойыны
Шарты: «Өшіргіш» құралымен өз қиялынан сурет салу.
Ө дыбысы және әрпімен таныстыру

«Артығын тап» ойыны арқылы Ө дыбысының орнын тапқызу.
Оқулықпен жұмыс:
Ө...зен Өріс, бөрік, өрнек, көрме;
Ө... лең Өрік, көрік, өрмек, көрпе;
Ө...нер Өмір, көмір, өркеш, көрші.
Дәптермен жұмыс:
Ө Ө Ө
ө ө ө
өзен өзен өзен

Тақтамен жұмыс:
«Жоғалған әріпті тап» ойыны
Шарты: Көп нүктенің орнындағы жасырын әріпті табу.
1-оқушы
Б...рік
К... рік
2-оқушы
... гіз
...рік
3-оқушы
к...йлек
б...дене
Өз бетінше жұмыс:
Бүгінгі сабақта кездеспеген сөздер ойлап табу.
Сергіту сәті: «Үндемес» ойыны.
Шарты: Сөз арқылы қимыл жасау (қол шапалақтау, отырып тұру)
Топпен жұмыс: Оқулықтағы сурет бойынша «Ең қызықты әңгіме құрастыру» 4 топтың әңгімесін тыңдап, салыстыру.

Сөзжұмбақ «Өркеш»
ӨРІС
ӨРІК
КӨМІР
ӨЗЕН
КӨРШІ
1. Мал жайылатын жайылым.
2. Жеміс-жидек түрі.
3. Қыста жағатын отын.
4. Ағатын су.
5. Ең жақын тұратын адам.
«Өркеш» мәтінімен жұмыс жүргізу рольге бөліп оқыту.
VІ. Қорытынды бөлім.
Деңгейлік тапсырма.
Әріптерден қыздың атын құра Әріптерден баланың атын құра

Бағалау
Үйге тапсырма.
Ө дыбысына жаңа сөздер ойлап табу.
Оқулықтың бетіне дайындау. № 3 жазу дәптерінің 1-бетімен жұмыс жасату.
9 441
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Т дыбысы және әрпі
Т дыбысы және әрпі
Өткен дыбысты қайталату, зейінін аудару. Жаңа т дыбысымен таныстыра отырып, сөздер ойлатып, оларды дұрыс буынға бөлуін қадағалау. Қолдарын әдемі жазуға үйрету және қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпін танып білу, баспа жазба түрлерін айырып білу.
І дыбысы мен әрпі
І дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсатты: Білімділік: І дыбысы мен әрпін таныту; І әрпі және і әрпі бар сөздерді оқып, жазып үйрету, сонымен қатар, өз тілінің қадір-қасиетіңмен, тіл туралы, кітап туралы мақалдармен танысып, түсінік
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Баймурзиева Нұрғаным Сабырқызы
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×