Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нағыз байлық

15 қараша 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
№42 «Ақ ниет» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Шаиева Алия Сайфеденқызы

Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Нағыз байлық

Мақсаты: 1) Мәтінмен жұмыс жасай білуге, топтық жұмыста негізгі ойды талқылауға, ой түйінін таба білуге, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету арқылы оқушы құзіреттілігін қалыптастыру;
2) Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын арттырып, дұрыс сөз қолданыстарын қолдана білуге үйрету;
3) Адам баласы үшін ең қажетті нәрсенің, нағыз байлықтың не екенін ұғындыру.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, суреттер, үлестірме материалдар, слайдтар,
интерактивті тақта.
Сабақтың технологиясы: «Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы»
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, қазақ тілі.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық тренинг
- Біз қандай баламыз?
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз
Біз - талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
1 - топ. Сахналау. «Қожанасыр мектепте»
2 - топ. Сахналау. «Төрттен төрт алса, не қалады?»
3 - топ. Қожанасырға сипаттама.
4 - топ. Қожанасырға хат.

3. Жаңа сабақ
І. Қызығушылықты ояту кезеңі. «Ой қозғау»
- Қазіргі заманда адамға жақсы өмір сүру үшін не қажет деп ойлайсыңдар? (оқушы жауабынан кейін)

ІІ. Мағынаны тану
Ендеше біз бүгін жақсы өмір сүру үшін ең алдымен не қажет екенін білетін боламыз.
1. Мәтінді мәнерлеп оқу. «Нағыз байлық»
2. Жанұялық топтарға бөлінген балалар кілең 1 - лер, 2, 3, 4 болып топтасып отырып, өзіне тиісті бөлімді оқып, талқылайды.
3. Жанұялық топтар орындарына қайтып келіп, топта түсіндіреді.

Топ атаулары:

1. «Сүйіспеншілік» тобы
2. «Табыс» тобы
3. «Байлық» тобы
4. «Бақыт» тобы

4. Топқа сұрақтар (мұғалім)
1 - топқа - Сүйіспеншіліктің қандай артықшылығы бар?
2 - топқа - Адамды сыйлап, жақсы көрсең, басқа да қасиеттер өзінен - өзі
келетінін отбасында кім білді?
3 - топқа - Баланың анасы неліктен көзіне жас алды?
4 - топқа - Отбасы мүшелері бақытты ма?

Отбасы бақытты болды дәлелдеу
1 - топ Анасы бақытты, өйткені... (постермен жұмыс)
2 - топ Бала бақытты, өйткені...
3 - топ Әкесі де бақытты, өйткені...
4 - топ Осы үш қонақтың қайсысын өз үйлеріңе шақырар едіңдер? Неге?

ІІІ. Ойтолғаныс кезеңі.
1) Осы мәтіндегі негізгі ой қандай?

Сүйіспеншілік болса → табыс келеді → байлыққа кенеледі
2) Эссе жазу. «Нағыз байлық деген не?» (сызбаға сүйене отырып)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 775
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейтудің қасиеттерін есептеуде қолдану
Көбейтудің қасиеттерін есептеуде қолдану
Көбейтудің қасиеттерін есептеуде тиімді әдістерін қолдана отырып, оқушылардың есептеу дағдыларын пысықтау, есептер шығару, өткенді қайталау. Көбейтудің қасиеттері, амалдардың орындалу реті жайлы білімдерін жетілдіру.
Алғыс
Алғыс
Мәтінмен жұмыс жасай білуге, топтық жұмыста негізгі ойды талқылауға, ой түйінін таба білуге, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету арқылы оқушы құзіреттілігін қалыптастыру
Етістіктен өткенді қайталау
Етістіктен өткенді қайталау
Етістіктерді тауып дара және күрделі екенін ажырата білуге үйрету. Тілін сөздік қорларын дамыту
Етістік
Етістік
Етістіктерді тауып дара және күрделі екенін ажырата білуге үйрету. Тілін сөздік қорларын дамыту. Байқампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
«Құмырсқаның өнері» Жәди Шәкен
«Құмырсқаның өнері» Жәди Шәкен
Сабақтың мақсаты: Мәтінмен жұмыс жасай білуге, топтық жұмыста негізгі ойды талқылауға, ой түйінін таба білуге, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету арқылы оқушы құзіреттілігін қалыптастыру. Адам баласы үшін ең қажетті нәрсенің барлығына біріге отырып
5 саны және цифры
5 саны және цифры
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Карабаева Зайтуна Маженовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×