Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Құмырсқаның өнері» Жәди Шәкен

21 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Құмырсқаның өнері». Жәди Шәкен
Сабақтың мақсаты: Мәтінмен жұмыс жасай білуге, топтық жұмыста негізгі ойды талқылауға, ой түйінін таба білуге, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету арқылы оқушы құзіреттілігін қалыптастыру. Адам баласы үшін ең қажетті нәрсенің барлығына біріге отырып қол жеткізуге болатынын ұғындыру.
Күтілетін нәтижелер: - Мәтіннің мазмұнын өздері аша алады.
- Сыни тұрғыда ойлай отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Сабақтың түрі, әдіс - тәсілдері: Аралас сабақ
Сұрақ – жауап, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс
Тапсырмалар: Жұмбақ шешу, мәтін мазмұнына сай сурет салу, қарға мен құмырсқа туралы мысал, ертегі, өтірік өлең айту, «қарға мен құмырсқа» сөздерінен бірнеше сөз шығару.
Керекті жабдықтар: Интербелсенді тақта, бор, маркер, стикер, А - 3форматы және т. б.

Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Кіріспе. - Амандасу, топқа бөлу. Психологиялық дайындық.

Түстерге байланысты топқа бөлінеді.
Әр топ өздеріне топ басшысын сайлайды. Оқушылар амандасады. Топқа бөлінеді.

Тұсаукесер. Үй тапсырмасын тексеріп, сұрау.
1. Сауысқан Көкекке шын көмектескісі келгенін қалай байқауға болады?
2. Көкек неліктен құр айғайлай берді? Көкекке ұқсас адам қылықтарына мысал келтір.
3. Мәтіндегі құс ұясының жасалу сипатын айтып бер.
4. Құстар ұяны не үшін жасайды деп ойлайсыңдар?
Әр топтан оқушылар жауап береді.
Топ басшысы қадағалап, бағалап отырады.

Негізгі бөлім. 1.«Ой қозғау».

2. Оқулықпен жұмыс.
а) Автор туралы мәлімет, сөздікпен жұмыс:
ә) Мәтінді рөлдерге бөліп оқыту.
Жұмбақ шешу.
1. Бір балуан өзі күшті, қайраты мол,
Өзінен үлкен затты көтерер ол.
Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,
Қайқаңдап аса берер бәрінен ол. (құмырсқа)
2. Қара түсті қарқылдақ,
Ұшып - қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем іздейді там - тұмдап. (қарға)

Әр топ жеке - жеке мәнерлеп оқиды
Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа
Допты қойдым алдына,
Оң жағына қарады,
Сол жағына қарады,
Тау екен деп ойлады.
3. Шығармашылық тапсырма (топпен жұмыс)
1 - топ: «Мәтін мазмұнына сай сурет салыңдар»
2 - топ: «Қарға мен құмырсқа туралы қандай мысал, өлең, жұмбақ» білесіңдер?
3 - топ: «Қарға, құмырсқа» сөздерінен бірнеше сөз шығарыңдар.

Әр топ бірлесе жұмыс жасайды. Топтан оқушылар шығып, жұмыстарын қорғайды.
Қорытынды. 4. «Ойтолғаныс кезеңі»
Осы мәтіндегі негізгі ой қандай?
Оқушылар бірлік болса, еңбек болады, табысқа кенеледі.

Үйге тапсырма беру. Мәтінді түсініп оқы.
Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрып
келу.
Оқушылар тапсырманы күнделікке жазып алады.
Бағалау. Оқушыларды бағалау. Топ басшысы бағалау парағындағы ұпайға қарап оқушыларды бағалайды.
6 415
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сауысқанның ұясы
Сауысқанның ұясы
Оқушылар мәтіннің мазмұнымен танысып, негізгі идеясын біле отырып, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді
Алғыс
Алғыс
Мәтінмен жұмыс жасай білуге, топтық жұмыста негізгі ойды талқылауға, ой түйінін таба білуге, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету арқылы оқушы құзіреттілігін қалыптастыру
Нағыз байлық
Нағыз байлық
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №42 «Ақ ниет» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Шаиева Алия Сайфеденқызы
Шегіртке мен құмырсқа (мысал)
Шегіртке мен құмырсқа (мысал)
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №5 Ақарал орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекасилова Молдир Амантаевна
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Жалпы мақсаты Хабарлы сөйлем туралы түсініктерін нақтылап, білімдерін арттыру. Күтілетін нәтижелер Сөйлем түрлерін ажырата алады.
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Оқушыларға ертегі жайлы толық мағлұмат беру, ертегі түрлеріне тоқталу. ”Қарлығаштың құйрығы неге айыр?”ертегісінің негізгі идеясын ашу;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×