Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Экономика ертегілер елінде

10 желтоқсан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы,
Абай атындағы №2 лицей
Жортарова Нургуль Николаевна

Сабақтың тақырыбы: «Экономика ертегілер елінде» («Қаржы негіздеріне кіріспе» қолданбалы курс бойынша кіріктірілген сабақ)
Сабақтың мақсаты: Халық ертегісін пайдалана отырып, ойын арқылы оқушыларды этномәдени, экономикалық, экологиялық білім негіздерін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
- Ертегі желісінің негізінде ұлттық тағам - бауырсақтың құрамы экологиялық таза тағамдардан тұратынын білу;
- Бауырсақтың дайындалу технологиясын білу;
Күтілетін нәтижесі:
- Оқушылардың бауырсақ құрамына қандай тағамдар кіретінін білуі
- Бауырсақтың дайындалу технологиясын білуі;
- Бауырсақ түрлерін ажырата білуі;
Сабақтың түрі: кіріктірілген. (Ана тілі, экономика, дүниетану, технология)
Сабақтың әдіс - тәсілі: театрланған қойылым, рольдік ойын.
Сабақтың көрнекілігі: безендірілген зал, слайд, костюмдер, 2 жұмыртқа, 300 г ұн, 200 г сүт, ыдыс, 200 г май.

Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру.
2. Ертегі қойылымы
3. Слайд
4. Түйіндеу.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру, ақырын музыка ойнап тұрады.
Мұғалім: О, адамдар, айтарым бар,
Нанды баспаңдар.
Онда қол жетпейтін аспан бар,
Әлі ешкім жазбаған дастан бар.
Өтініп сұраймын,
Ана бол, дана бол, бала бол,
Нанды баспаңдар.

Ол биіктен төгілген
Мөп – мөлдір,
Зәмзәм суынан өседі,
Нан – өмір
Нанға «пірім» деп,
Нанға « жырым» деп
Табынам.
Даланың арынан
Даланың таңынан
Даланың жанынан
Даланың қанынан өседі.

Нанға үлкен жүрекпен
Қараңдар!
Нанды өмір деп санаңдар,
Нан болмаса,
Қызығың бақытың
Құр әуре далбаса.

Нансыз тыныштық та болмайды,
Көкіректі мұң,
Жерді шаң торлайды,
Екі ел бірін - бірі жалмайды.

Елімнің құдіретін асырып тұрған,
Менің де, сені де, оның да,
Мерейін үстемғып тұрған,
Дән емес пе,
Дән - ән емес пе?
Дән – нәресте
Дән – тіршіліктің сәні.

О, адамдар тіршілік арнасын сақтаңдар,
Диқанның еңбегін
Тер төгіп ақтаңдар,
Әр дәнді жоғалтпай
Өмірдей сақтаңдар!
Мұғалім: - Өлең не туралы болды балалар? Ал енді нан туралы жаңа
мазмұндағы «Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар!
2. Ертегі қойылымы.
Автор: - Ерте, ерте, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен,
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен.
Баяғы өткен заманда бір атай мен әжей өмір сүріпті.
Ата: - Кемпірім, кемпірім, қайдасың? Бауырсақ пісіріп берші.
Кемпір: - пісіру қиын емес, бірақ біздің ресурстарымыз мүмкіндік бермейді. Жұмыртқа, май, ұн, сүт бітуге жақын.
Ата: - Е, кемпір - ай, ойланып көрші, мүмкін бауырсаққа жетіп қалар. Жаңа піскен бауырсақты өте қатты жегім келіп отыр.
Кемпір: - Жарайды, қорларымды санап көрейін.
Ата: - Мен Қызыл Телпектің құлпын жөндеп берейін.
Кемпір: - Е, 3 жұмыртқа, 200 г май, 1 стақан сүт, 300 граммдай ұн бар екен ғой. Мұндай азықтан керемет бауырсақ шығады. Шал жұмыстан келген соң қуантайын. Шал зейнетақы жетпегендіктен қосымша жұмыс істейді. Біреуге құлып қойып, біреудің шарбағын түзеп күн көреміз. Көп болмаса да қолыма ақша әкеледі. (Сөйлеп жүріп бауырсақты пісіріп қойды)
Автор: - Бауырсақ демалып келуді жөн көрді. Далаға шығып, орманға қарай бет алды.
Бауырсақ: Айнала биік - биік ағаштар, гүлдер. Орман қандай әдемі! Таза ауа! Зымыраған машиналар түтінімен уланған қаламен салыстырғанда бұл жерде ауа керемет! Ата мен әженің орманға жиі баратыны енді түсінікті болды. Олар таза ауамен дем алып, денсаулығын күтеді.
(музыка)
Қоян: - Қайшы құлақ қоянмын, ақшыл түске бояндым.
Сытыр еткен бұтақтан елең етіп ояндым.
Бауырсақ, мен сені жеп қоямын.
Бауырсақ: - Жоқ, қоян, сен мені жей алмайсың. Оған сенің ресурстарың мүмкіндік бермейді. Мен өте қымбат тұрамын.
Қоян: - Мынау не деп тұр, түсінбедім.
(музыка)
Аю: - Балпаң, балпаң басамын, алты қырдан асамын.
Аю деген ағаңмын, аңшы көрсем қашамын.
О, бауырсақ, мен сені жеп қоямын.
Бауырсақ: - Жоқ, аю, сен мені жей алмайсың. Мен өте қымбат тұрамын. Мен орманда өспеймін. Мені жасау керек. Мені жасау үшін жұмыртқа, май, сүт, ұн керек, пеш жағылу үшін отын керек. Оған қоса кемпірдің еңбегі тағы бар. Ал енді сенің таңертеңгі тамағың қаншаға түсетінін есептей бер. Сенде ондай ақша бар ма?
Аю: - Менің ақшам жоқ, бірақ балым бар. Айырбас жасағың келе ме?
Бауырсақ: - Кемпір - шалмен ақылдасу керек. Олар келісе ме, жоқ па?
Аю: - Бауырсақ, осы сен қай тілде сөйлеп тұрсың? Мен сені толық түсінбедім.
Бауырсақ:- Түсінбегеніңді байқап тұрмын. Экономика оқымағаның көрініп тұр. Мен экономика тілінде сөйлеп тұрмын.
Аю: - Экономика дегеніміз не? Мен ондай нәрсені естіген жоқпын. Орманда ондай тілде сөйлеспейді. Қонжықтарымды орман мектебіне апарайын, жаңа тілді үйренетін болсын.
(музыка)
Түлкі: - Мен түлкімін, түлкімін, тұнып тұрған күлкімін.
Бәрің де маған жетпейсің, алдымнан кесе өтпейсің.
Бауырсақ, мен сені жеп қоямын.
Бауырсақ: - Жоқ, сен мені жей алмайсйң. Сенің ақшаң жетпейді. Мен қымбатпын. Сен ешқашан жұмыс істеген жоқсың, тек алдаумен өмір сүрдің. Ол уақыт өтті. Қазір бәріне төлеу керек. Төлеу үшін ақша керек. Еңбексіз ақша таба алмайсың.
Түлкі: - Ол қай уақыт?
Бауырсақ: - Нарықтық қатынас, түлкім. Тауар сатып алынады және сатылады. Қулықпен, күшпен ала алмайсың. Экономиканы білу керек.
Түлкі: - Шынында да ешқандай экономиканы білмеймін. Нарықтық қатынас туралы естіген жоқпын.
Қасқыр: - Ей, түлкі, мақтанба, сиқырланып ақталма.
Күніңді сенің көрейін, қасекең келе жатқанда.
Бауырсақ, мен сені жеп қоямын.
Бауырсақ: - Сен мені жей алмайсың. Қоянның, аюдың, түлкінің жегісі келді, бірақ түк шықпады. Олардың ақшасы жетпей қалды. Сенің де ақшаң көп емес. Сондықтан сен де мені жей алмайсың. Ал қазір ақшаңды әкел де тауарды ала бер. Басқаша болмайды. Тегін ешкімге ештеңе берілмейді. Кемпір мен шал – зейнеткерлер. Оларға өздерін асырау қиын, бәрі қымбат. Олар қайырымдылықпен айналыса алмайды. Еңбектену керек, қасқыр, сонда таңертеңгі асқа көңіл қалаған нәрсені жейсің.
Қасқыр: - Не деп тұрсың, орманға да өзгеріс келген бе? Құрысын, кетейін.
Бауырсақ:- Қандай сауатсыз аңдарға кездестім. Тіпті, экономиканы білмейді. Ал сендердің орталарыңда экономиканы білетіндер бар ма?
1 оқушы: - Экономика – грек тілінен шыққан сөз. «Үй шаруашылығын жүргізу» деген мағынаны білдіреді.
2 - оқушы: - Экономика адамдардың өздерін материалдық жағдаймен қамтамасыз етуге үйрететін ғылым.
Мұғалім: - Ертегіден қандай экономикалық терминдер кездесті?
3 - оқушы: - Ресурс,
4 - оқушы: - табыс
5 - оқушы: - шығын
6 - оқушы: -
7 - оқушы:-
Мұғалім: - Ертегідегі бауырсақтың құны қаншаға түсті деп ойлайсыңдар?
Экономикалық есеп.
2 жұмыртқа – 40 теңге;
300 г ұн – 24 теңге
200 г май – 40 теңге;
200 г сүт – 22 теңге;
1г тұз – 2 теңге
Тоқ – 5 киловат*7 - 35 теңге;
Апаның еңбегі -?
Адамның еңбегі – материалға кеткен шығыннан екі есе артық.
Технология. ( Бейнефильмнен бауырсақ пісіру технологиясы көрсетіліп жатады)

Мұғалім: Бауырсақ – шай, қымыз, ішкенде дастарханға бірге қойылатын халқымыздың ұлттық тағамы. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты ұннан пісіреді. Оны қамырды ашытып та, ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірілген бауырсақ көпке шыдайды. Ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса жеуге жарамсыз болады. Ашымаған қамырдан пісіру үшін ұнға май, тұз, жұмыртқа, сүт қосып илейді Қамырды иін қандырып қатты илеп қоя тұру керек. Содан кейін қамырды жіңішкелеп есіп, қолмен дөңгелектеп үзіп алып тізіп қояды. Бауырсақтың бетін кеуіп кетпес үшін жауып қойған жөн.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 975
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты ертегілер
Қызықты ертегілер
Ертегідегі кейіпкерлерді атай білу, заттардың түсін, көлемін ажырата білу. Балаларға қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, сөздік қорларын дамытып, тіл байлықтарын молайту. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Достық пен
Бауырсақтың ізімен
Бауырсақтың ізімен
Қоршаған ортаны тану арқылы сенсорлық қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Бауырсақ қалай домалайды
Бауырсақ қалай домалайды
оңнан солға қарай түзу сызықтар сызуды жалғастыру, қарындашпен жұмыс істеу дағдыларын бекіту. саусақ бұлшық еттерін дамыту.
1 - 10 көлеміндегі сандарды қайталау
1 - 10 көлеміндегі сандарды қайталау
Мақсаты: 1. Оқушыларға 1 - 10 дейінгі сандарды тура және кері санау, сандар құрамын анықтауды пысықтау. 2. Дүниетанымдарын кеңейту, және пәнге деген қызығушылықтарын ары қарай дамыту.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Ақтөбе облысы, Алға ауданы №4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жарикова Гульназ Абдешовна
Банк дегеніміз не?
Банк дегеніміз не?
Физика және экономика пәнінің мұғалімі Жунисова Нурзила Муратовна 5 сынып. Пәні: Қаржы сауаттылығы және экономика негіздері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×