Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауырсақтың ізімен

23 маусым 2018, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Таным
Білім беру саласының бөлімі: Сенсорика
Тақырыбы: Бауырсақтың ізімен
Мақсаты: Балалардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. Қоршаған ортаны тану арқылы сенсорлық қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Пішіндер, түстер туралы ұғымдарын бекіту. Қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорын молайту. Табиғатқа деген аяушылық сезіміне, бір - бірімен дос болуға, бір - біріне көмектесуге тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: түсіндіру, ертегі, сұрақ - жауап, сергіту сәті, ойын.
Көрнекіліктері: Мнемокесте, әртүрлі пішіндегі қасқырдың суреттері, түстер, түлкінің суреті, ертегі кейіпкерлері, ағаштар, шыршалар,.
Дидактикалық ойын: «Пішінін тап», «Түстерді ата»
Қимылды ойын: «Ұйқыдағы түлкі»

Шаттық шеңбері:
Бала, бала, балақан,
Қане қайсы алақан,
Саусақтарым әйбат
Былай - былай ойнап.
Топ - топ басайық,
Жалаудан күн жасайық,
Жаса - жаса алтын күн
Жаса - жаса жарқын күн.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы менің қолымда не бар екен. Бұл ертегілер сандығы. Қане ашып көрейікші ішінде не бар екен.
- Сандықта кітап жатыр екен, бұл ертегі қалай аталады?
Балалар: Бауырсақ
Тәрбиеші: Балалар ендеше біздер осы ертегі әлеміне саяхатқа барайық. Бірақ бармас бұрын осы ертегінің кейіпкерлерін атайықшы.
Балалар: Ата, әже, қоян, қасқыр, аю, түлкі, бауырсақ
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, ал ертегіге тап болу үшін мына сиқырлы сөздерді айтайық.
- Өзіңді - өзің айналып, ертегіге кел жайланып.
(балалар шаңғы тепкен сиқты қимыл жасап жүреді)
Тәрбиеші: Міне біз ертегі әлеміне де келдік, бірақ қараңдаршы бауырсақ көрінбейді екен. Балалар мына бұталардың арасында біреу отырған сиқты.. Ол кім болды екен.
Балалар: Қоян
Тәрбиеші: Қане қояннан сұрайықшы бауырсақты көрмеді ме екен?
Тәрбиеші: Балалар қоян бауырсақты көріпті бірақ айтпаймын дейді.
Тәрбиеші: Ендеше біз қоянға қыс мезгілі жайлы айтып берейікші сонда бізге айтатын шығар. МНЕМОКЕСТЕ БОЙЫНША ҚЫС МЕЗІГІЛІ ТУРАЛЫ СҰРАҚ - ЖАУАП.
Тәрбиеші: Балалар қоянға біздің қыс мезгілі жайлы айтқан мәліметтеріміз ұнапты.
Тәрбиеші: Балалар қоян бауырсақтың ана тұрған шаршылар жаққа домалап кеткенін көріпті.
Балалар: Рахмет саған қоян.
(балалар шаңғы тепкен сиқты қимыл жасап жүреді)
Тәрбиеші: Балалар біздер шыршаларға да жеттік, қараңдаршы шыршаның артында біреу жасырынып қалған сиқты. Кім болды екен?
Балалар: Қасқыр.
Тәрбиеші: Қане балалар қасқырдан сұрайықшы бауырсақты көрмеді ме екен?
Тәрбиеші: Қасқыр бауырсақтың қайда домалап кеткенін көріпті бірақ менімен ойын ойнасаңдар ғана айтамын дейді. Қасқыр мен ойын ойнаймыз ба балалар.
Балалар: Иә.

ДИДАҚТИКАЛЫҚ ОЙЫН: «ПІШІНІН ТАП»
Шарты: Балалар қасқырдың денесі тәріздес пішінді тауып орналастыруы керек.
Тәрбиеші: Қасқырдың ашуы әлі де басылмапты, біз қане онымен бірге қоян жайлы әнімізді айтып денемізді сергітіп алайық.

Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Тәрбиеші: Қасқырдың ашуы басылыпты балалар, қасқыр бауырсақтың ана тұрған үйшікке қарай домалақ еткенін көріпті ендеше жолымызды жалғастырамыз.
(балалар шаңғы тепкен сиқты қимыл жасап жүреді)
Тәрбиеші: Үйшіктің қасына да жеттік балалар қане тоқтайық. Қызық бұл үйшікте кім тұрады екен.
Балалар: Аю.
Тәрбиеші: Ендеше аюдан да сұрап көрейікші бауырсақты көрмеді ме екен.
Тәрбиеші: Балалар аю көкөністердің суретін салмақшы екен бірақ түстерді білмейді екен егер біз түстерді атап берсек бізге бауырсақтың қайда кеткенін айтамын дейді.

ДИДАҚТИКАЛЫҚ ОЙЫН: «ТҮСТЕРДІ ОРНАЛАСТЫР»
Шарты: Қызыл, жасыл түстерді атап қай көкөніс қай түске ұқсайтынын қарап орналастырады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, енді аю түстерді білетін болды, бірақ есесіне аю бізге бауырсақтың қалай қарай домалап кеткенін айтты.
Тәрбиеші: Балалар бауырсақ анау тұрған түбіршек жаққа қарай домалап кетіпті қане жолымызды жалғастырайық.
(балалар шаңғы тепкен сиқты қимыл жасап жүреді)
- Балалар бауырсақтың түбіршікте отырғанын көреді, бірақ жанында түлкі отыр екен.
Тәрбиеші: Бауырсақ біз сені әреңдегенде іздеп таптық қой, қане бізбен бірге жүр.
Бауырсақ: Жоқ мен бара алмаймын мені түлкі ұстап алды. Жібермеймін дейді. Ол мені жеп қойғысы келеді.
Тәрбиеші: Мә балалар түлкі бауырсақты ұстап алыпты қане ендеше біз бауырсақты түлкіден құтқарайықшы.
Тәрбиеші: Ол үшін біз түлкінің көңілін көтеріп ойын ойнайық.

ҚИМЫЛДЫ ОЙЫН: ҰЙҚЫДАҒЫ ТҮЛКІ.
Ойын шарты: балалар арасынан «түлкі» сайланады. Алаңның бұрышына орындық қойылып түлкі отырып ұйқыға кеткендей кейіп танытады. Балалар алаңда жан - жаққа шашырап жүгіріп ойнайды. Жүргізуші: «түлкі оянды» дегенде, барлық бала «түлкіден» «үйге» қашады.(орындықтарына) «Түлкі» оларды қуалап ұстауға тырысады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар түлкінің көңілі көтерілді енді бауырсақты жемеймін дейді.
Біз түлкімен ойын ойнап көңілін көтердік. Сөйтіп біз бауырсақты құтқарып қалдық. Енді топқа қайтатын уақыт болды.
Тәрбиеші: Қане сиқырлы сөзімізді айтайықшы.
- Өзіңді - өзің айналып, ертегіге кел жайланып.
(Орындықтарына отырады)
Тәрбиеші: Балалар бауырсақ сендерге түлкіден құтқарғандарың үшін алғысын айтып бауырсақ әкелді. Иісін ай мына бауырсақтың.

Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар біз қандай ертегіде қонақта болдық?
Балалар: Бауырсақ ертегісінде
Тәрбиеші: Жолда кімді кездестірдік
Балалар: Қоянды, қасқырды, аюды, түлкіні.

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
Кел балалар МДҰ
Доскулова Малика Әлібекқызы
19 006
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сергіту сәттерінің жинағы
Сергіту сәттерінің жинағы
Доп, доп, Топ, топ, Допты қоямыз. Аяқпен тебеміз, Доп жоқ, Қап, қап, Тап, тап!
Қызықты ертегілер
Қызықты ертегілер
Ертегідегі кейіпкерлерді атай білу, заттардың түсін, көлемін ажырата білу. Балаларға қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, сөздік қорларын дамытып, тіл байлықтарын молайту. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Достық пен
Мектепалды даярлық сыныптарына сергіту сәттері
Мектепалды даярлық сыныптарына сергіту сәттері
Мектепалды даярлық сыныптарына сергіту сәттері Бала, бала балақан, Кәне, қайсы алақан. Саусақтарын әйбат, Былай - былай ойнат. Топ - топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн
Күн жарқырап, шөп шықты
Күн жарқырап, шөп шықты
Балаларды сурет салудың дәстүрлі емес (қағазбен бастыру, шиыршықталған қағаздар арқылы) тәсілдерімен жұмыс істеуге үйрету. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шығармашылық қиялын саусақ моторикаларын дамыту.
Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Ана тілім - қазақ тілім
Ана тілім - қазақ тілім
Екібастұз қаласы, №8 "Теремок" бөбектер бақшасының қазақ тілі мұғалімі Еркин Армангуль Мажитовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×