Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз және оның мағынасы

24 желтоқсан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы, Индер ауданы,
Құрылыс ауылы, М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Гулаим

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы (омоним сөздер)
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: Айтылуы бірдей мағынасы әр түрлі сөздер туралы түсінік беріп, жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту, сөздердің мағыналарын таныту.
Тәрбиелік мақсаты: Қазақ тілінің сөз байлығы жайлы тоқталып, ана тіліне құрмет сезімдерін арттыру.
Дамытушылық мақсаты: Өзіндік жұмыс түрлерін орындату арқылы ой - өрістерін кеңейту, шығармашылық тапсырмалар арқылы сөйлеу тілдерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, өзін - өзі тану
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, баяндау, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындық
Армысың, алтын Күн!
Көгілдір көк аспан.
Бармысың, достарым!
Бас иемін сіздерге
Білім берген біздерге
Ұстаздарым, ардақты!
3 - топқа бөліп алу 1 - топ 2 - топ 3 - топ
«Адасқан әріптер» ойын (әр топ тапсырмалар арқылы өз жұмысын қорғайды)
І топ м с и н и о н
ІІ топ м а н т о и н
ІІІ топ м о н о и м

ІІ. Үй тапсырмасын тексеріп, қорытындылау. 249 - жаттығу
1.«Ашық - жабық» әдісі
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлем мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?
3. Хабарлы сөйлем деп нені айтамыз? (мысал келтір)
4. Сұраулы сөйлем дегеніміз не? (мысал келтір)
5. Лепті сөйлем дегеніміз не? (мысал келтір)
6. Сөз дегеніміз не?
7. Антоним деген не?
8. Синоним деген не?
9. Омоним деген не?
«Кезектескен интервью» әдісі(әр топ өткен сабақтардан сұрақтар береді, жауап береді)

ІІІ. Жаңа сабақ.
2. «Ойланамыз, табамыз» әдісі

І топ
Омоним: жас...
антоним: жас....
синоним: жас....

ІІ топ
омоним: ер...
антоним: ер...
синоним: ер...

ІІІ топ
омоним: үй
антоним: үй
синоним: үй

3. Оқулықпен жұмыс 252 - жаттығу
1 - топ Бірінші сөйлем 2 - топ екінші сөйлем 3 - топ үшінші сөйлем
4. Топпен жұмыс. «Ұйқасын тап» ойыны
1 - топ
● Ыстық та туып та,
Шыдамаймыз …. (суыққа)
● Ащы терім ақты
Жеміс өсті …. (тәтті)
2 - топ
● Халқың үшін жаның сал
Қарғыс алма … (алғыс) ал!
● Ақылсыздар ұқпайды,
Аққа …(қара) жұқпайды.
3 - топ
● Еңбекші болсаң ерінбе,
Ауырдың өзін …(жеңіл) де.
● Сөздің де дұрысы бар … (бұрысы бар)
Әр кез дұрыс сөйлеуге тырысыңдар.

5. Сергіту сәті « Бір әріптің ізімен» ойын (әріптерді қатыстырып сөйлем ойлау)
1 - топ: Ссс 2 - топ Ббб 3 - топ: Шшш

Сабақты бекіту
6.«Жасырынған сөздер» ойыны./слайд/
Мақсаты: ойын арқылы омоним сөздерді пысықтау
1.... ұзын, ақылы қысқа.
2. Арман құстарға жем....

4.... сомың болғанша,
... досың болсын.

5 Шешеннің сөзі ортақ,
Шебердің... ортақ.
6. Шешен жігіт сөз бастар,
Батыр жігіт... бастар.

ІҮ. Кері әсер парағы
1. Бүгінгі сабақ ұнады ма?
2. Несімен ұнады?
3. Не үйрендім?
V. Үйге тапсырма. 254 - жаттығу ереже
VІ. Бағалау, мадақтау (смайликтер арқылы бағалау)
14 898
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз және оның мағынасы. Боксшы
Сөз және оның мағынасы. Боксшы
Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Сөз және оның мағынасы»
Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын. Сөз және оның мағынасы
Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын. Сөз және оның мағынасы
синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану.
Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 11. Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы 12. Көп мағыналы сөздер 13. Жаттығулар орындау 14. Омонимдер 15. Жаттығулар орындау
Кембридж тәсілімен оқыту бойынша ашық сабақ жоспарлары
Кембридж тәсілімен оқыту бойынша ашық сабақ жоспарлары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Өтебаева А.Е.
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Қызылорда қаласы, №112 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Караулова Гүлбарам Нұрсұлтанқызы
Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік
Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құмарова Құралай Тұрғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×