Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төрт түлік. Мал атасы. Дауыссыз дыбыс

08 қаңтар 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Төрт түлік. Мал атасы. Дауыссыз дыбыс.
Мақсаты:
Сөйлем ішінен жуан, жіңішке дауыстыларды таба білуге үйрету. Төрт түлік туралы мағлұмат беру арқылы, малдардың адам өміріне пайдасын ұғындыру. Төрт түлік төлдерін, пірлерін, дыбысталуын ажырата білуге үйрету.
Оқушылардың еркін сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, көркем жазу дағдысын қалыптастыру. Өз ойын анық жеткізу, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

Міндеті: Төрт түлік туралы мағлұмат беру арқылы, малдардың адам өміріне пайдасын ұғындыру.
Күтілетін нәтиже
1. Оқушылар төрт түлік туралы мағлұмат алады, малдардың адам өміріне пайдасын біледі.
2. Топпен бірге жұмыс жасауды үйренеді.
3. Төрт түлік төлдерін, пірлерін, дыбысталуын ажырата біледі.
4. Топпен жұмыс істей отырып, кері байланыс жасауды үйреніп, пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі артады.
5. Постермен жұмыс жасау арқылы ой - өрісі дамып, тіл байлығы, сөйлеу мәдениеті артып, өз ойын еркін айтып, алдына мақсат қоя білуді үйренеді.
Түйінді түсінік «Төлді қалай шақырады» өлеңі
Сабақтың өту барысы
Сабақ кезеңдері, модульдер
Мұғалім әрекеті Тапсырма мазмұны Оқушы әрекеті Бағалау Ресурстар
Сергіту сәті Сергіту сәтін тиімді ұйымдастыру
Ой сергек «Бағдаршам»тренингін өткізу

Жасыл түсті қол ( қолмен амандасады)
Сары түсті қол (иықтарынан қағады)
Қызыл түсті қол (құшақтасады).
Көзбен көру арқылы есте сақтау қабілетіне әр оқушы өзі баға береді. Оқулық
І. Бақылау (Оқу бағдарламасын анықтау: балалар нені оқып үйренеді және сабақта жоспарланған жұмыс формаларының нәтижесінде қандай әрекеттерді игереді) Топқа бөліп ой қозғайды Оқушыларды төрт - түлік суреттерімен топқа бөлу.
Диалог арқылы өткен сабақта өтілген тақырыптардан сұрақтар қойылады.

Оқушылар өздері таңдаған сурет бойынша топқа бөлінеді.
1. Жылқы.
2. Түйе.
3. Сиыр.
4. Қой.

Формативті бағалау, уәж, ынталандыру Суреттер
ІІ. Өткен тапсырмаларды пысықтау (сабақ басталмас бұрын оқушылар нені білетіндіктерін анықтау) Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Допты қағып ал» ойынын ойнау арқылы өткен сабақты еске түсіреміз.
- Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
- Неше әріп бар?
- Дыбыстар дыбысталуына қарай нешеге бөлінеді?
- Дыбыстарды не істейміз?
- Әріптерді не істейміз?
- Дауысты дыбыстардың ерекшелігін айт.
Қоян мәтінін сұрау.
- Қоян қандай жануар? Қоян жайында не білесіңдер? Алдын ала үйге берілген зерттеушілік тапсырмалармен жұмыс жасайды.
Оқушылар допты қағып алып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, кері қарай лақтырады.

Тапсырмалар орындайды.
Дискриптор, рубрикатор қолданылады
ІІІ. Негізгі бөлім (оқушылардың тарау бойынша оқып - үйренген білімдерін қорыту)
Тақырыптағы ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады. Өз ойларын айтуды ұсынады.
Жаңа сабақ:
Дауыссыз дыбыс әріптері туралы түсінік беру.
- Дауыссыз дыбыстар қанша?
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
Жұмбақ жасыру.
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар.(Қой)
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең - қанат, сүті дәрі, еті - тамақ. (Жылқы)
Үстінде тауы бар,
Өзі қызық жануар.(Түйе)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияғы бар. (Сиыр)
Басында таяғы бар,
Төр аяғы бар, иегінде сақалы бар.(Ешкі)
- Жақсы балалар, осы төрт түлікке Түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі жатады екен. Қазақ халқы ежелден мал баққан ел. Мал мінсе көлігі, ішсе - сусыны, жесе - тамағы, кисе - киімі, тұтынса - бұйымы, байлығы мен салтанаты осы мал болған. Қазақ елін малсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан біз кейінгі ұрпақ ата дәстүрін сақтап, қасиетті төрт түлікті, ұлтымыздың бай тәжірибесін қадірлеуіміз керек.
- Балалар, аналарымыз бізді қалай еркелетеді?
- Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып «Жүректен жүрекке» жылу берейік, яғни бір - бірімізді еркелетейікші.
1. Топтық тапсырма:
І - топ Қамбарата
ІІ - топ Зеңгібаба
ІІІ - топ Ойсылқара
ІV - топ Шопаната
Сөздерін жазып, дауыссыз дыбыстардың астын сыздыру.
Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
18 - жаттығуды дәптерге орындату.
«Төлді қалай шақырады?»өлеңін мәнерлеп оқу.
Шығармашылық тапсырма.
І - топ Төрт түлікке байланысты тыйым сөздер айту.
ІІ - топ Төрт түліктің пайдасын жазу.
ІІІ - топ Төрт түліктің суретін салу.
ІV - топ Төрт түлік туралы мақал - мәтелдер айту.

Оқушылар білетіндерін айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар бірлесе отырып жұмбақтың жауабын табады.
Оқушылар бір - біріне жақсы сөздер айтады.
Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы орындайды.
Топтық қорғау. Топ мүшелерінен біреуі және қалғандары толықтырады

Оқушылардың өз - өзін бағалау арқылы бағалау
ІҮ. Сабақты қорытындылау (оқушылардың оқып үйренгендерінің нәтижесін бағалау) Өз ойларын қорытуға бағыттайды. Рефлексия жазғызады - Төрт түлікке нелер жатады?
- Төрт түліктің төлдерін атаңдар.
- Төрт түліктің пірлерін атаңдар.
- Халық малды неліктен ерекше құрметтеген?
Өз тұжырымдамасын жасайды. Сабақтан алған әсерін айтады. Үйге тапсырма: Төрт түлік. Мал атасы.
Бағалау
Рефлексия
Көңіл – күй күнделігі
Кері байланыс
4 405
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Түйе – түлік төресі. Жылқы – түлік патшасы.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Атырау қаласы, Талғайраң селосы, Талғайраң негізгі мектебі Шағын орталық тобы тәрбиешісі Елеусинова Бибігүл Қанатбайқызы
Ақ бұзау. Жуан дауыстылар
Ақ бұзау. Жуан дауыстылар
Атырау қаласы, Атырау селосы, Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Мырзахметова Сауле
Етістік
Етістік
Атырау қаласы, Қ. И. Сәтбаева атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Тажмағамбетова Зульфия Хайруллаевна
Төрт түлік
Төрт түлік
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Ақ бұзау. Жуан дауыстылар
Ақ бұзау. Жуан дауыстылар
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі І санатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×