Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шона Смаханұлы "Он саусақ"

16 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ата - тілі
Тақырыбы: Ш. Смаханұлы. Он саусақ.
Мақсаты: 1. Оқушыларға мамандық туралы мағлұмат бере отырып, әр мамандық түрлеріне тоқталу. Олардың өз ерекшелігін түсіндіру.
2. Оқушылардың ой - өрісін, тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Көркем сөйлеуге баулу.
3. Еңбексүйгіштікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс тәсілдер: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнектілік, әңгімелеу, асосация әдістері.
Көрнекілігі: Ш. Смаханұлының суреті. Әр мамандыққа байланысты суреттер, заттар. Домбыра. Дина, Құрманғазының суреті, жемістер.

Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды сабаққа даярлап алу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Ф. Денисламовтың «Кім болғым келеді?» өлеңі. (рольге бөліп айтқызу) 5 мин.

ІІІ. Білімді жан - жақты тексеру кезеңі.
- Балалар, өлең не туралы?
- Өлеңдегі балалар кім болғылары келеді?
- Осы өлеңдегі мамандықтар туралы кім не біледі?
- Сендерге қай мамандық көбірек ұнайды?

ІҮ. Жаңа білімді саналы және белсенді игеруге даярлау кезеңі.
- Балалар, мен сендерге қазір бір өлең оқимын. Мұқият тыңдап отырыңдар. Өлең не туралы екенін айтасыңдар. (А. Құнанбаевтың)
Епті болса екі қол,
Шеңбер болса он саусақ.
Сарқылмас байлық деген соң.
Қашпас дәулет, кетпес бақ.
Өнері бар кісіге
Байлық өзі келеді.
Береке дарып ісіне
Жоқшылықты жеңеді.
Ерте тұрса орнынан
Оңынан таң атады.
- Өлең не туралы? (еңбек туралы)
- Еңбек етсек қандай боламыз?
- Ал осы еңбекті не арқылы істейміз? (қол күші арқылы)
- Біздің қолымыздан қандай істер келеді?
- Ендеше біз бүгін Ш. Смаханұлы
Ш. Смаханұлы
1924ж.- 1988ж
Жамбыл облысы, Талас ауданы
Қазақтың белгілі сықақшысы, ақын.
Ұр, тоқп., ұр!
Қу түлкі сыбағасы.
Қоңыр. Шеңгел.

Ү. Жаңа білімді меңгеру кезеңі.
1. Өлеңді мұғалімнің оқуы. (Тегеурінді, селдетіп)
2. Мазмұнын ашатын сұрақтар:
- Өлеңде қандай еңбек түрлері әңгімеленеді?
- Өлең неге он саусақ деп аталған?
- Осы өлеңдегі мамандықтар жөнінде не білесің?
- Саған осы мамандықтың қайсысы көбірек ұнайды?
3. Оқушыларға оқыту.
1 оқушыға толық оқыту. (тауып оқытқызу)
4. Әр шумақта ат қою.
1 шумақ «Сауыншы» (1 оқушы)
2 шумақ «Күйші». (2 оқушы күй тартады). Күй туралы айту.
3 шумақ «құрылысшы» (3 оқушы)
4 шумақ «Бағбан» (4 оқушы)
5 шумақ «Егінші» (Ержан).
Дәптермен жұмыс.
- Осы мамандықтың бәрі ненің арқасында жүзеге асады?
(еңбектің)
І қатар -------------------- ІІ қатар ----------------------------- ІІІ қатар
Еңбек туралы ---------- еңбек туралы -------------------- еңбек туралы
Шағын әңгіме ---------- шағын өлең шумағы ---------- мақал - мәтел жаздыру.

ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту.
«Мамандық таңдау» ойыны

Мамандық таңдау
1. Ш. Смаханұлы кім? Ол кісінің қандай әңгімелерімен таныссың?
2. Он саусақ өлеңдегі мамандықтар
3. Өзің ұнататын мамандықтар туралы әңгіме.
4. Мал дәрігері туралы не білесің?
5. Мұғалім туралы мақал - мәтел айт.
6. Бүгінгі сабақтан не жайында білдің?

ҮІІІ. Қорытынды.
- Біз бүгін кімнің өлеңімен таныстық?
- Ш. Смаханұлы кім?
- Оның қандай еңбектері бар?
- Мамандықтың қандай түрлері бар?

ІХ. Үйге тапсырма беру.
«Он саусақ» өлеңін жаттау.
Х. Бағалау.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
15 363
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шона Смаханұлы «Бұлбұл мен тоқылдақ» (Мысал)
Шона Смаханұлы «Бұлбұл мен тоқылдақ» (Мысал)
Шона Смаханұлы. «Бұлбұл мен тоқылдақ» (Мысал)
9 санының құрамы
9 санының құрамы
9 саны жайлы түсінік беру. Суреттен саны 9 болатын заттарды тапқызу арқылы оқушыларға 9санының құрамын түсіндіру. Өрнек, теңдік жайлы білімдерін пысықтау.
Мен таңдайтын мамандық. Ө. Ақыпбекұлы
Мен таңдайтын мамандық. Ө. Ақыпбекұлы
Мамандық түрлерімен таныстыру, мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. Кәсіпті таңдап, игеру үшін оқып, білім алу қажеттілігін түсіндіру
Кім болғым келеді?
Кім болғым келеді?
Шымкент қаласы №30 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі Нажиметова Анар Мәлікайдарқызы
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Джолжигитова Лаззат Амантаевна
Зергер
Зергер
Қызылорда облысы , Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектеп Ысқақ Шамсия Тақырыбы: Зергер
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×