Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүзден жүйрік

13 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
“№ 45 орта мектеп” КММ
Математикадан сыныптан тыс жұмыс «кім жүйрік?»
Өткізген: Абильмажинова Г. Ж

«Кім жүйрік?» математикалық ойын сабағы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
4. Математикалық сұрақтар
5. Ойымды жалғастыр (мақал - мәтелдер)
6. Сөзжұмбақ сайысы (карточка арқылы топқа беріледі)
7. «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ)
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К. Гаусс)
2. Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М. В. Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да,
қажет те. (Р. Бэкон)
Мұғалім: Уа халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі жарыс төрінде
Математика елінде
Математика тілінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып шалқысып
Есеппен ән салысып
Көңілді жарыс жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш», «Шаршы»,
топтарын шақырамыз.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
1. Кезекте амандасу рәсімі
І топ «Үшбұрыш» тобы.
Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі: Білімге құштар ұланбыз
Білімге толы санамыз
Бүгінгі күн жеңісті
Алғырлық пен аламыз
Ән: Бір сыныпта оқимыз бәріміз де,
Достың сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұртың таңырқасын бәрі бізге.
«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топқа сәлем.
Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.
Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі:
тең қабырғалы үшбұрыш
тең бүйірлі үшбұрыш
әр қабырғалы үшбұрыш
Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш түрлі:
тік бұрышты үшбұрыш
сүйір бұрышты үшбұрыш
доғал бұрышты үшбұрыш
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800 - қа тең.
ІІ топ. «Шаршы» тобы.
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
«Шаршы» тобынан қарсылас топтарға сәлем.
Әні: Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп
Ойламаңдар қорқып бізден қашар деп
Біз дайынбыз жарысуға достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Таныстыруы: Барлық қабырғалары бір - біріне тіктөртбұрыш шаршы деп
аталады.
Қасиеттері: 1) қабырғалары тең
2) қабырғалары бір - біріне параллель болады
3) ішкі бұрыштарының қосындысы 3600 - қа тең.
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
«Шаршы» тобына.
1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады.
Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. Бөлменің төрт бұрышында бір - бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында
үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
4. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары
бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
5. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны – он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2 тауық, 2 бұзау)

«Ұшбұрыш» тобына.
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
4. Асханаға 50 кг пияз және одан 20 кг артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (70 кг)
5. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)

3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
«Қарлы кесек». Балалар қазір қандай жыл мезгілі? (Қыс)
«Шаршы» тобына:
10+5=
20 - 10=
10+7=
16 - 6=
25+5=
15 - 5=
20+4=
10 - 8=
«Үшбұрыш» тобына:
30+20=
30 - 10=
35+5=
25 - 20=
40 - 20=
3+3=
50 - 10=
20+20=

4. Бұл не деген жұмбақ? 5 балл
Сол жақтағы дауыссыз дыбыстардың ортасына не алдына, соңына, оң жақтағы дауысты дыбыстарды қосып оқыңдар. Сонда бір жұмбақ шығады. Шешуі не?
тдсмиед
тмдсмид иеетмйі
иееетеі

Жауабы: Ти десем тимейді, Тиме десем, тиеді. (ерін)
5. Математикалық сұрақтар:

1) Аптада неше күн бар? (7)
2) Атамнан да құтылдым, апамнан да құтылдым да құтылдым Бұл не? ( бауырсақ)
3) Балалар білім алатын орын ( мектеп)
4) Аптаның 5 ші күні ( жұма)
5) Құста қанат, ал адамда ( қол)
6) 3 бұрышы, 3 қабырғасы бар фигура (үшбұрыш)
7) Бағдаршамның қай түсі жанғанда жүруге болады? ( жасыл)
8) 5 пен 7 нің арасында қандай сан бар? (6 саны)
9) Алфавиттегі 6 - ші әріп ( ғ әрпі)
10) Үстелдің астынан мысықтың 4 аяғы, тауықтың 2 аяғы көрінді. Үстелдің сыртында неше мысық? Неше тауық (1 тауық, 1мысық)
1) Білімге жетелейтін адамды кім дейміз? ( Мұғалім)
2) Қазақстанның астанасы қай қала?(Астана)
3) Жеті күнді бір сөзбен қалай атаймыз?(Апта)
4) Ең жақсы баға(Бес)
5) Аптаның бесінші күні(Жұма)
6) Елді басқаратын адамды кім дейміз?(Елбасы)
7) Еліміздің туынды қандай құстың бейнесі бар?(Бүркіт)
8) 1 сағатта неше минут (60 минут)
9) Сегіз ондық(Сексен)
10) Қосуға кері амал (Азайту)
6. Грамматикалық арифметика. 5 бал

Жауабы: алма, айна, Айша, апта, арпа, арқа, айла.

7. Ойымды жалғастыр (мақал - мәтелдер)
 «Ел құлағы елу»
 «Көп түкірсе көл болады»
 «Адам жүрген жермен адам жүреді, біреу білмегенді біреу біледі»
 «Он адам жүрген жерде із қалады
 «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»
 «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
 «Бір теңге беріп жырлатып, мың теңге беріп қойдыра алмайды»
 «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді»
 «Бес саусақ бірдей емес»
 «Екі жүзді пышақтан сақтанба, екі жүзді адамнан сақтан»
 «Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызынан құтыла алмайсың»
 «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас»
 «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»
 «Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық, үшінші байлық - он саулық»
8: Ребусті шешу.
9. Қорытынды бөлім: 5 жолды өлең құрастыру
1. зат есім. Кім? Не?
2. сын есім. Қандай?
3. етістік. Не істеді? Қайтті?
4. сөйлем
5. мағыналас сөз
10. Рефлексия «Блоб» ағашы.
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Сіздермен кездесеміз біздер әлі,
Жеңімпаздар бүгінгі анықталды.
Марапаттау.
4 029
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жарикова Гульназ Абдешовна
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Тек ғана математика
Тек ғана математика
Қарағанды қаласы Математика - информатика мұғалімі Кулшархан Темиреева
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×