Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын

15 қаңтар 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын»
Мақсаты: Ата - бабамыздың ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бергенін балаларға ұғындыру.
Шығармашылық қиялын дамыта отырып, іскерлікке, шеберлікке баулу.
Көрнекілік: таблица, үлгілер, Қазақ халқының қол өнер суреттері, тақта ұпай сандары жазылған қағаздар.
Мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!
«Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын» сайысқа қош келдіңіздер, «Шебер», «Іскер» топтары.

І бөлім Кіріспе
І бөлім « Сен білесің бе?»
1. Қазақ халқының қол өнері туралы мәлімет
2. Ою - өрнек туралы түсінік.
3. Қамшы туралы түсінік.

І бөлім Сайыс 8бөлімнен тұрады.
1.«Сәлем сөздің - анасы» (топты таныстыру)
2. ««Ұлттық киім ұлағаттары»» (ұлттық киімдер көрсетіледі)
3. «Кім жылдам?» (картоп тазалау, түйме қадау).
4. Дастарқан деген сөздің ішінен, бірнеше сөз құрау. (1 минут)
5.«Құрақ құрау да өнер».
6. «Атадан қалған асыл сөз» «Жалғасын тауып айт» (өнер туралы мақал)
7. «Ою ойғанның - ойы ұшқыр»
8. «Бұл қандай ән» атты музыкалық әуенді сайыс. (музыканың атын және жалғасын табу)

І бөлім « Сен білесің бе?»
1. Қазақ халқының қол өнері
1. Зергерлік бұйымдар
2. Ұлттық киімдер
3. Ағаштан жасалған бұйымдар мен құралдар
4. Жүннен жасалған мүліктер
5. Көлік тұрмандары
6. Металдан жасалған бұйымдар мен құралдар
7. Шаруашылық және тұрмыс құралдары
2. Ою - өрнек туралы түсінік.
Ою - өрнектің көнеден келе жатқанын дәлелдейтін бұйымдар мұражайларда сақтаулы. Адамдар ертеден – ақ өздерін қоршаған айнала дүниені тасқа бейнелеген, бертін келе киім - кешектеріне, қолданатын бұйымдары мен ыдыстарға қарапайым сурет ретінде салынған. Осылай бірте - бірте ою - өрнек пайда болады.
Өнер өшпейді, сөнбейді, көнермейді
Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан «қазақтар ою - өрнек әлемінде өмір сүреді» деп айтқандай, қазақ халқының ұлттық бұйымдарының барлығында ою - өрнектің әсемдік пен сәнділіктің белгісі. Ою - өрнектің сан алуан астары терең.
3. Қамшы туралы түсінік.
Қазақтың ең қасиетті бұйымы – қамшы. Қамшы – әрі қару, әрі құрал, әрі рухани күш – қуат, сый сияпат, жігітпен қыздың сәні салтанат, азамат айбыны, қолөнер туындысы, шаңырақтың киесі атадан балаға мирас болып қалатын асыл мұра. Оның көп үйдің төрінде ілулі тұратыны да сондықтан. Қамшы бар үйге жын - шайтан жоламайды. Ол үйдің иесі бар. Үйге келген кісі де сыпайы келіп, сыпайы кетеді. Өйткені оны қамшының мысы басады. Қазақ еш уақытта «қанша балаң бар» деп сұрамаған. Керегеде ілулі тұрған қамшының санына, қалай жасалғанына қарап - ақ ол үйдің қанша баласы бар, оның нешеуі ұл, нешеуі қыз, қай баласы қандай кәсіппен айналысатынын айтқызбай білген
ІІ. бөлім «Қол өнер – мол өнер»
1.«Болар елдің баласын сәнімен емес, сәлемінен танисың»- демекші, алғашқы сайысымыз «Сәлем сөздің - анасы».
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнер білім жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.
2.«Ұлттық киім ұлағаттары»
1. Ұзатылатын қыздардың бас киімі (Сәукеле)
2. Жиегіне аң терісін салған, ерлерге де арналған бас киім. (Бөрік)
3. Әжелердің тек беті ашық, басын, иығын, жауып тұратын бас киім.(Кимешек)
4. Ішіне жабағы жүн салып сырыған шапан түрі.(Күпі)
5. Аң терілерінен тігілген қыста киетін сәнді киім.(Ішік)
6. Қазақ жауынгерлерінің бас киімі.(Дулыға)
7. Аң, мал терісінен жасалған қыстық бас киім.(Тымақ)
8. Әйелдердің көйлек сыртынан киетін жеңсіз жеңіл киім.(Қамзол)
3. «Кім жылдам?» деп аталады.
Әр топтан екі оқушы шығады. Бір қыз картоп тазалайды, екінші қыз түйме қадайды. Картоптың қабығы жұқа, әрі үзілмеген болса өте жақсы. Түйме мата сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескеру керек.
4. Дастарқан деген сөздің ішінен, бірнеше сөз құрау. (1 минут)
5. Келесі сайысымыз «Құрақ құрау да өнер». Мұнда тез арада суреттерге қарап, қағаздан қиылған үлгілер бойынша құрақ құрау.

Қазылар алқасы ұпай санын білдірсеңіздер.
6.«Атадан қалған асыл сөз»деп аталады.
«Жалғасын тауып айт» (өнер туралы мақал)
1. Өнерлі бала (Сүйкімді)
2. Өнер – (ағып жатқан бұлақ)
3. Білім – (жанып жатқан шырақ)
4. Қыз еркелі – (кестесімен көркем)
5. Ұл еркелі - (өнерімен көркем)
6. Өнерліге - (нұр жауар)
7. Өнер көзі – (халықта)
8. Өнер табу – (өрге шабу)
9. Ерінбеген етікші болады.
10. Шебердің саусағы – (алтын).
11. Жеті рет өлшеп, (бір рет кес).
12. Адамды адам еткен – (еңбек).
7. Ендігі «Ою ойғанның - ойы ұшқыр» сайысы.
Ою - өрнекке қарасаң,
Өңкей мүйіз тігілген.
Қайсысын қаласаң,
Қиып ал сызған ізімнен.
Қию оңай демеңдер,
Оған да өнер ой керек.
Бос мақтанып жүрмеңдер,
Қиюға пысық қол керек.

8. Ендігі кезекте «Бұл қандай ән» атты музыкалық әуенді сайыс.
Айналайын, қарағым,
Бәрекелді, жарадың.
Енді бізге еліңнің,
Айтып берші бір әнін.
Ал, қазір қатысушы топтардың жалпы ұпай санын есептеп, жарыста жеңген жеңімпаз топты марапаттау үшін әділ қазыларға сөз берейік.

Мұғалім: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Уақыт біраз жерге таяп қалды.
Көріскенше хош сау болып тұрыңыздар,
Сайысымыз осымен аяқталды.
2 401
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шебер көп жерде өнер көп, Ал, қанеки қыздар! сайысы
Шебер көп жерде өнер көп, Ал, қанеки қыздар! сайысы
Сайыс, жарыс өткізу оқушыны жылдам шешім қабылдауға, тез ойлануға, көшбасшы болуға қолынан келгенше жолдасына көмектесуге үйрету
Өнерлі болсаң, озып көр
Өнерлі болсаң, озып көр
Оқушылардың техникалық пәнінен алған білімдерін іс - тәжрибемен ұштастыра және толық мұғлұмат бере отырып, шығармашылық қабілетін ояту.
Өнерлінің қолы - алтын, өлеңшінің сөзі - алтын
Өнерлінің қолы - алтын, өлеңшінің сөзі - алтын
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, «Жасұлан» балалар бақшасы Телманова Әсия
Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі  алтын
Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын
Атырау қаласы, Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Досаева Салтанат Уразқызы
Қолданбалы қолөнер
Қолданбалы қолөнер
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі: Қасымова Айгуль Идрисовна
Өнер адамдары
Өнер адамдары
Өнер адамдары жөнінде түсініктер беру; Өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру; Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×