Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шылау

05 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Астана қаласы,
№ 63 мектеп - гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі:
Оразахимова Алуа Болатбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Шылау
Сабақтың мақсаты:
а) Шылау туралы түсінік беру, шылаудың өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер екенін түсіндіру, атқаратын қызметін ұғындыру.
ә) Танымын, ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін арттыру.
б) Ізденімпаздыққа, бірлікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білім беру
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, тест тапсырмалары, таратпа карточкалар

Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру
II. Психологиялық дайындық
III. Өткен материалды пысықтау
IV. Жаңа сабақ
V. Оқулықпен жұмыс
VI. Шығармашылық жұмыс
VII. Жаңа сабақты бекіту
VIII. Қорытынды

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Психологиялық дайындық
Қайырлы күн, достар!
Қайырлы күн, қонақтар!
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Бүгінгі күн ашық болсын,
Сәттілікке толы болсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең "бестіктер болсын"!

III. Өткен материалды пысықтау.
Көркем жазу
Сазан, Заман әріптерін жазғызу
Бұл сөздерге дыбыстық талдау жасау
Диктант жұмысы
Сағыз, нағыз, жалбыз, созақ, соғым, ұзынсары, сыбызғы, тамыз, тоғыз.

Тест жұмысы.
1. Ертең сөзі қай сөзбен байланысады?
а. күз
ә. биік
б. келеді
2. Былтыр сөзі қай сұраққа жауап береді?
а. қайтті?
ә. қандай?
б. қашан?
3. Бүгін циркке барамыз. Үстеу сөз қайсы?
а. бүгін
ә. үнемі
б. көмектеседі
4. Ілгері үстеуіне қарама - қарсы мағынаны білдіретін үстеу қайсы?
а. бұрын
ә. ерте
б. кейін
5. Қайталап айтуға болатын үстеуді тап.
а. оңға
ә. тез
б. іште
6. Мезгіл үстеуін көрсет
а. алда
ә. бүрсігүні
б. таста
7. Үстеулер тобын белгіле:
а. шіркін, тәйт.
ә. оқта - текте, сөзбе - сөз
б. бақта, аулада.
7 сұрақ дұрыс болса - «5»
5, 6 сұрақ дұрыс болса - «4»
4 сұрақ дұрыс болса – «3»

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
5 - жаттығу 155 бет

ІV. Үй тапсырмасын бекіту.
Жұптасу арқылы қойылған сұрақтарға сөздерді топтастырып жазады.
Тез, бұрын, биыл, жоғары, кейін, алыста, ақырын, шапшаң, тыста

Қашан ------- Қайда --------- Қалай

Сұрақтарға байланысты мысалдарды атай отырып үстеулердің қай түріне жататынын айтады. Ережені бір қайталап өтеді.

V. Жаңа сабақ.
- Бүгін біз тағы бір сөз табымен танысамыз ол шылау. Барлығымыз
1 - жаттығуға назар аударайық.
Қарамен жазылған сөздерді тіркесіп тұрған сөздермен теріп жазу.
Қарамен жазылған сөздерді жеке оқиықшы. Қандай қорытынды жасауға болады?
1. Бұл сөздердің толық мағыналары бар ма?
2. Сөйлем ішінде сөйлем мүшесі болып тұр ма?
3. Сөйлем ішінде қандай қызмет атқарады?
Электронды оқулық пен жұмыс.
Ережемен жұмыс (хормен оқыту)
- Жақсы балалар, енді ережеде мысал болып көрсетілген сөздер 2 - жаттығуда кездесе ме екен?
2 - жаттығуды ауызша орындау, шылауларды теріп айту.
Өлең не туралы айтылған?
Ендеше барлығымыз экранға назар аударайық. "Алтыбақан" туралы ролик көрсету.
Қазақтың тағыда қандай ұлттық ойындарын білесіңдер? (жапырақтармен жұмыс)

Сергіту сәті.
- Балалар, шаршаған сияқтысыңдар. Олай болса, «Елім менің» әнінің бір шумағын бәріміз қосылып орындап көрейік. Әннің сөзі тақтада жазулы тұр.
«Елім менің»
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін.
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың!
Тапсырма.
1. Өлең шумағындағы шылауларды табыңдар.(үшін, мен)
2. Ән не туралы екен?

4 - жаттығу Төмендегі шылауларды қатыстырып, сөйлем құрастырып жаз.(3 қатар бойынша бөліп тастау)
Үшін, бен, - ақ, па, туралы, да.

Шығармашылық жұмыс.
Нұржан көпке үн қатпай тұрды.
Амантай Маралбек малды кезек бағады.
Нан дүкеніне барып келе.
Батыр ел туады, ел өледі.

5 - жаттығу. Сөйлемдерді оқып, тек шылауы бар сөйлемдерді айту.

Сабақты бекіту:
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Құлақ деген не үшін керек?
Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін.
- Ал аяғың не үшін керек?
- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін - депті Қадір Мырзалиев ағамыз.
Ал, шылау не үшін қажет?... Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру үшін керек екен.

Қорытынды.
Сонымен балалар, қорыта келгенде шылаудың басқа сөз топтарынан қандай айырмашылығы бар екен.

Шылау

Сөйлем мүшесі болмайды
Толық мағынасы жоқ
Сөзбен сөзді сөйлем мен сөйлемді байланыстырады
көмекші сөз
Арнайы сұраққа жауап бермейді
Сөзге қосымша мағына береді

Бағалау.
Үй тапсырмасы: 3 - жаттығу 158 бет. Өлеңді түсініп оқып шылауларды теріп жазу.
4 234
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар
Балаларды түрлі есеп шығара білуге үйрету, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту. Танымдық, шығармашылық, белсенділіктерін арттыру.
Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың ерекшелігі. Шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар.
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Сулейманова Жанылай Анесовна
Я дыбысы мен әрпі
Я дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аманиязова Шынар Болатқызы
Белгісіз азайтқышты табуға берілген есептер
Белгісіз азайтқышты табуға берілген есептер
Сабақтың тақырыбы: Белгісіз азайтқышты табуға берілген есептер
Шылау
Шылау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,Үстірт орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Зәуреш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×