Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шылау

24 желтоқсан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы,Үстірт орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Зәуреш


Сабақтың тақырыбы: Шылау
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға шылау туралы толық мағлұмат беру.
2. Шығармашылық деңгейдегі жаттығу жұмысын орындау арқылы ойлау қабілетін, сөздік қорларын дамыту.
3. Зеректікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, доп, ребус, сызбалар, слайд.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дене шынықтыру.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең - еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
- Ендеше, балалар, еңбектеніп білім аламыз. Білім арқылы көздеген мақсатымызға жетеміз.
2. Үй тапсырмасын сұрау
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде бәріміз де жыл құстарын асыға күтіп жүреміз. Жыл құстарының сендерге арнап дайындаған тапсырмалары бар екен. Сол тапсырмаларды орындап көрейік. Слайдтан көрсету.
1. « Қарлығаш» -Үстеу дегеніміз не? Мысал келтір.
2. «Тоқылдақ»-Мезгіл үстеуі туралы айт.
3. «Торғай»-Мекен үстеуінің ережесін айт. Мысал келтір.
4. «Бұлбұл»-Есімдік дегеніміз не? Есімдіктің неше түрі бар? «Мен» есімдігін септеп айт.
5. «Сауысқан»-Сын-қимыл үстеуінің ережесін айт. Мысал келтір.Оқушылардан құстардың орыс тіліндегі атауларын сұрау.
3.Жаңа сабақ.
Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Слайдтан көрсету.

Шешуі: « Шылау.»
- Сонымен, балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы -«Шылау».Сабақтың мақсаты айтылады.
Оқушыларға шылау туралы толық мағлұмат беріп, шылаулармен таныстыру.
4. Дәптермен жұмыс.Күннің жады, тақырыпты жазып, көркем жазу жұмысын жүргізу.
5. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығуды орындату.Жаттығуды оқушыларға оқытып, сөйлемдегі шылауларды дәптерлеріне жаздыру.Жаттығуды талдау.
2-жаттығу.Өлеңді жатқа жаздырып, өлеңдегі шылаулардың астын сызып, жаттығуды талдау.
3-жаттығу. «Кім зерек?» ойыны
Шылауларды қатыстырып, сөйлем құрау
4-жаттығу. Ауызша орындату.Сөйлемдегі « мен» шылауын өзара салыстыру.Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын өзара салыстырып, жаттығуды талдау.
6. Сергіту сәті. «Доп тастау» ойынын ойнау.
Оқулықпен жұмыс. 5-жаттығу.Жаттығуды оқушыларға өз бетімен орындату.
7. Сабақты қорыту. Сабақты қорыту үшін тест тапсырмаларын орындату.
Тест тапсырмалары.
1.Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді не дейміз?
а) етістік ә) шылау б) үстеу
2.Мына сөйлемге қай шылау лайықты?
Отан ... отқа түс, күймейсің.
а) туралы
ә) дейін
б) үшін
3. «Ы» әрпі қойылатын қатарды тап.
а) ...рақмет ә) ...рыс б) ...рай
8. Оқушыларды бағалау.
9. Үйге тапсырма: 6-жаттығу. Ереже жаттау.
11 757
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Антоним дегеніміз не?
Антоним дегеніміз не?
Синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану, сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану) Антоним сөздерді ажырату мағынасын түсіну. Сөйлеу барысында қолдану, білу.
Сын есім
Сын есім
Оқушыларға сын есім туралы жалпы түсінік беру. Шығармашылық деңгейдегі жаттығу жұмысын орындау арқылы ойлау қабілетін, сөздік қорларын дамыту.
Еңбек - бәрін де жеңбек
Еңбек - бәрін де жеңбек
Балаларды еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру. Еңбек етуге деген қызығушылықтарын, ой - қиялын, тілдерін дамыту.
Шылау
Шылау
Шылау туралы түсінік беру, шылаудың өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер екенін түсіндіру, атқаратын қызметін ұғындыру.
Шылау
Шылау
ШҚО Аягөз қаласы КММ «К. Бозтаев атындағы жалпы білім беру мектебі» бастауыш сынып мұғалімі Слямгазина Нургуль Муратовна
Адамның дене мүшелері
Адамның дене мүшелері
Шылаудың жазылу ережелерімен таныстыру, сөйлем мен сөз тіркестерін құрату. Шылау туралы білімдерін толықтыру, ойын жинақтай білуге дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×