Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


В дыбысы мен әрпі

09 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Сымбат» ЖМ бастауыш класс мұғалімі
Бақтыбаева Гүлшат Санақбайқызы

Сабақтың тақырыбы: В дыбысы мен әрпі. (2 - сағат)
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жаңа әріппен таныстыру, буын арқылы талдау жасату.
2. Сауаттылыққа тәрбиелеу, мәтінді сын тұрғысынан меңгерту.
3. Қиялын дамыту.
Ақпаратты құралдар: Дидактикалық материалдар, Әліппе - плакат, жұмбақ, сурет, кеспе әріптер.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтастыру (кубизм), құрастыру, көрнекілік, сұрақ - жауап, В әріпке байланысты өлең жаттау.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылар назарын сабаққа аудару.
ә) топқа бөлу.
ІІ. Өткен сабақты сұрау:
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды топтастырып бөлу.
І топ
Дауысты дыбыстар
ІІ топ
Дауыссыз дыбыстар.
ІІІ топ
Буындар.
- Кестеге қарап көз жеткізу. Соңғы сабақта қай әріппен таныстық?
- һ әрпімен таныстық. Ол қандай дыбыс? – һ дыбысы дауыссыз дыбыс.
Һ – дыбысы сөздің тек ортасында ғана айтылады.
Салыстыру: х дыбысымен һ дыбысын. «Қаһарман» мәтінін тізбектеп оқыту.
Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу. Бағандағы сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Оңға қарады, солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.

Жаңа сабақ.
1. «Құпия жұмыртқаны» ( киндер сюрприз) ашу. Ішінен 1, 3 сандарын және кішкене қағаз шығады. Қағазға жұмбақ жазылған.
Қосылса 1, 3 арасы, қандай әріп қарашы? Шешуі: В дыбысы.
Құрастырмалы көрнекілік бойынша жұмыс: Мына суреттегі ваза, вокзал, велосипед сөздері қандай әріптен басталған?
В дыбысының баспа, жазба түрлері көрсетіледі. В дыбысы қандай дыбыс? Неге? Буындармен танысу, одан сөз құрастыру және оқу.
Жасырын сөзді, амалдарды есептеп шығару арқылы, жаңа тақырыпты шығару. А 9 - 4 5
Л 2+7= 9
О 3+4= 7
З 10 - 6= 4
В 6+4= 10
К 6 - 6= 0

10 --- 7 ---- 0 ----- 4------ 5 ---- 9
В --- О ----- К ----- З ----- А ----- Л

Суретпен жұмыс « Вокзалда».
1. Суреттен не көріп отырсыңдар?
2. Онда болғандарың бар ма?
3. Вова вокзалға не үшін келді?
4. Оған папасы не әкелді?
Сұрақтарға жауап алып мәтін құрастыру. Әліппеден мәтінді мұғалімнің оқуы.
Оқушыларға оқыту. Қандай сөз таныс емес? Кейбір сөздердің мағынасын ашу.

Жұмбақ шешу: «Вв».
Бір - бірімен қорап үйлер тіркесіп,
Қос сүрлеумен әрі - бері жүр көшіп. ( Вагон.)
Бір атым бар – құлын болып тумаған,
Құнан болып өспеген. ( Велосипед.)
« Хош келдіңіз» - ұраны,
Бір сөнбейді шырағы.
Жұрттың бәрін қарсы алып,
Шығарып сап тұрады. (Вокзал.)

Дәптермен жұмыс. Вв дыбысын бір жолға көркем етіп жазу. Тақтаға салып көрсету, ауада жазу, дәптерге жазу.

Сергіту сәті:
Ұзын қанат инелік
Инелікке тимелік
Ұшақты біз жасадық
Инеліктен үйреніп
Зу - зу етіп ұшалық
Сөздік диктант. Ваза, хат гауһар, вагон, хабар, витамин.
Бір сөзді алып, дыбыстық талдау жаса.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, дәптердегі жазуды аяқтап келу.
Сабақты қорыту.

Слайдын жүктеу
5 023
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту, Б дыбысының айтылу артикуляциясы, Б – дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы мен ортасында кездесетінін, Б – дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету.
П п дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпі
- Пияз сөзі қандай дыбыстан басталып тұр? - П дыбысы дауыссыз дыбыс. П дыбысын көк түспен белгілейміз. П дыбысын айтқанда жоғарғы ерін төменгі ерінге жуық тиіп, тез ажырап кетеді. - П әрпі сөздің басында, ортасында, соңында келеді. - Парта, дәптер,
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол қимылын жаттықтыру.
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серикова Гүлнар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×