Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ер еңбекте сыналады. Жекен Жұмаханов

10 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы
Жамбыл атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Длмуханова Бибигуль Кабекеновна

Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ер еңбекте сыналады. Ж. Жұмаханов
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын түсініп оқу, мәтіндегі негізгі ойды өздігінен ашу; Мәтін кейіпкерлерін өмірдегі адам қасиеттерімен байланыстыру және салыстыру.
- Оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, ой өрістерін дамыту, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру.
- Еңбек сүйгіштікке, шығармашылыққа, салмақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Пәнаралық байланыс: Еңбекке баулу
Сабақтың көрнекілігі: Жекен Жұмақанов туралы кесте, үлестірмелі тапсырмалар, слайд.

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
1. Психологиялық дайындық.
Тренинг топқа бөлу:
Стекермен бөлінеді (қызыл, сары, жасыл)
А тобы, Ә тобы, Б тобы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а)«Бәйге ойыны:
10 20 30
40 50 60

10 Наурыз қандай мейрам?
20 Наурызды қай елдер тойлайды?
30 Наурыз мерекесі қай күні тойланады?
40 Наурыз мересі неліктен көктемде тойланады?
50 Қош келдің, наурыз мәтінінің авторы туралы не білесің?
60 Наурыз мейрамындағы басты тағам не? Оның дайындалуы туралы айтып бер.

ІІІ. Ой қозғау:
Қуат алар барша жан,
Дүниеде тең келмес ештеңе оған.
Өмір бойы тер төгіп шыңдалады,
Тынымсыз істерімен барлық адам.
- Бұл өлең мазмұнынан не аңғардыңдар? Не туралы айтылған өлең?
- Еңбек туралы
- Еңбек сөзінің мағынасын ашайық:
Еңбек

іс - әрекет
Күш - қайрат
кәсіп
жеміс
ерлік
бақыт
ақыл - ой

ІҮ. Мағынаны тану:
Ер еңбекте сыналады. Жекен Жұмақанов
1) Автор туралы мәлімет:

Жекен Жұмақанов - жазушы, журналист, мұғалім, қоғам қайраткері. 1935ж. 5 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданында Жүрекадыр ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген (1978 ж. дүниеден өткен).
1925 жылдан бастап оқу жолына түсті. 1935 ж. Алматыда Қазақ коммунистік журналистер институтына түсіп, айрықша дипломмен бітірді. «Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі болып қызмет атқарады. Ұлы Отан соғысына қатысып, Армия қатарынан 1964 ж. босап, қайтадан әдеби өмірге араласты. «Әлия», «Мен жұмысшымын», «Қаракөз қарындасым» әңгімелерін жазды.
2) Мәтінмен жұмыс:
Электронды оқулықтан тыңдау:
- Автор орындығы (рольге бөліп оқу)
Автор сөзі
Кран сөзі
Жүк машинаның сөзі.
Мәтінді талдау:
А тобы:
1) Бұл оқиға қай жерде болды?
2) Құрылыс алаңындағы көлік түрлерін ата

Ә тобы:
1) Жүк машинасы кранды не деп келеке қылды?
2) Кранның берген жауабы
Б тобы:
1) Ауа – райында болған құбылыстың әсерінен жүк машинасы қандай қиындыққа тап болды?
2) Оған не көмекке келді?
Мәтінге қорытынды жаса
Ү. Сөздік жұмыс:

1 Алқынып - ұмтылу
2 Гүжілдеп - машинаның қиналған дыбысы
3 Кекетіп – мұқата - күлкі қылу
4 Ойпат - шұңқыр
5 Белшеден батқан - батпаққа бату

ҮІ. Топпен шығармашылық жұмыс.
«А» тобы:
- Мәтін бойынша мультфильмге қатысушы кейіпкерлер сөзін дайында
«Ә» тобы:
- Құрылыс сөзіне бес жол өлең құрастыр:
1. Не? құрылыс
2. қандай? үлкен, биік
3. не істеді? Салынады, еңбектенеді, жұмыстанады.
4. Құрылыс нағыз еңбек алаңы.
5. Еңбек

«Б» тобы:
РАФТ құрастыру:
Р - кран
А - аудитория - көліктер
Ф - формула пікір
Т - тақырыбы: Ынтымақ
Балақай, бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері, өз орны бар. Бәріміз де құрылысшының тек көмекшісіміз. Ал бірігіп іс тындырсақ талай нәрсені ынтымақпен тындырамыз.

ҮІІ. Ой толғаныс:
Шығармашылық тапсырма:
«А» тобы: Еңбек туралы мақал айту

«Ә» тобы: Венн диаграммасы
•Кран

Күшті,
Еңбекқор, табанды
Сабырлы, қайырымды, орнын біледі, жанашыр

• Жүк машинасы
Мақтаншақ, өзімшіл, шыдамсыз, сөзі көп орнықсыз
• Екеуі де
Құрылысшының көмекшісі, көліктер

«Б» тобы Көліктер суретін салу:

ҮІІІ. Қорытынды:
Біз бүгін не үйрендік не білдік, не білгіміз келеді?
Мына кестеге толтырайық:
Білемін: құрылыс туралы, көлік түрлерін.
Үйренгенім: адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді түсіндім.
Үйренгім келеді: еңбек ету, қолғабыс ету.

Стикерге бүгінгі сабақтан не ұнады немесе не ұнамады өз пікірлеріңізді жазып тақтаға жапсырамыз.
ІХ. Үйге тапсырма: Мәтін мазмұнын түсіну. Автор туралы дерек.
Х. Бағалау

Толық нұсқасын жүктеу
10 780
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақ боран. Ж. Жұмаханов
Ақ боран. Ж. Жұмаханов
Жекен Жұмаханов туралы шағын түсінік беру. Жазушының шығармаларымен таныстыру. Әңгіме мазмұнын ашу, негізгі кейіпкерді айқындата отырып, идеялық мазмұнын түсіндіру.
Ақ боран. Ж. Жұмаханов
Ақ боран. Ж. Жұмаханов
Жекен Жұмахановтың өмірбаянымен, «Ақ боран» мәтінімен таныстыру. Мәтінге талдау жүргізе отырып, автордың негізгі ойын ашу. Оқушыларға бағыт, бағдар бере отырып, өздіктерімен жұмыс істеу. Ой - өрісін дамыту, білім іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Еңбекпен тапқан тиын (грузин ертегісі)
Еңбекпен тапқан тиын (грузин ертегісі)
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Қарлығаш
Ақ боран
Ақ боран
Атырау облысы, Ақжар селосы, Сырым Датұлы атындағы 26 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Ақтөриева Баян Бисеналықызы
Ер еңбекте сыналады
Ер еңбекте сыналады
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қартбаева Ақсырға
Құстар айтысы
Құстар айтысы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатимова Алия Аккалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×