Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттыру

11 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданы, Үштөбе ауылы
«Өкпеті» орта мектебі КММ
Искакова Райгүл Шаймарданқызы

Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Жалпы бастауыш сынып оқушыларының оқыту үрдісіндегі әрекеттері тікелей ойынмен тығыз байланысты. Өзімнің 24 жылдық еңбек өтілімде байқағаным: ойынды сабақта тиімді пайдалану оқушының ой өрісін шыңдай отырып, жаңа сабақты тез меңгеруіне және ақпаратты белсенді қабылдауына үлкен септігін тигізеді. Ол үшін мұғалімнің шеберлігі де үлкен роль атқарады. Ойынды сабақ кезеңдерінің қажетті кезінде орынды пайдалану - педогогтан сауаттылықты қажет етеді. Мәнсіз - мағынасыз қолдану сабақ түсінуге зиянын тигізеді. Сабақтағы қандай да бір дүниені дамытуға пайдалана білу керек деп ойлаймын. Менің өзекті тақырыбым: «Ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту»
Бұл өзекті тақырыпты алудағы мақсат, міндеттерім:
1. Оқушылардың шығармашылық белсенділігінің дамуына және өздігімен жұмыс істеу арқылы өз білімін қалыптастыруға дағдыландыру;
2. Бала тәрбиесіне әсер беретін ойындар жүйесін қалыптастыру;
3. Ұлттық ойындарды дәріптеу;
4. Зеректі, тапқыр, ойшыл болуға тәрбиелеу;
5. Танымдық қабілеттерін арттыру;
Ойын дегеніміз не? Ойын - балалар бір - бірімен қарым - қатынас жасайтын өз бетінше іс - әрекет. Ойын арқылы баланы оқу - тәрбие үрдісіне қызықтыруға болады.
Ойын - баланың ақыл - ойын тәрбиелейтін құрал. Бала көп ойнайды, ойын арқылы тәрбие алады.
Ұлттық ойындар - заманында бірінші алға қойылған мақсатқа даярлау, отаншылдық сезімге баулу. Бұл оқу - тәрбие негіздерінің бірі.
Ойын нені қалыптастырады?
О - ойды
Й - икемді
Ы - ынтымақтастықты
Н - нақтылықты қалыптастырады

Ойынның қай - қайсысы болса да белгілі мақсат, міндеттерді көздей отырып ұйымдастырылады. Себебі, ойын ойыншының адамгершілік, мінез - құлық, дене қасиеттерінің даналық жақтарын, әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді астарлы да ашық қамтиды.
Ойын қалай, қашан пайда болған? Ойын тарихының шығуы адамзат тарихының бір бөлігі ретінде сонау аң аулау мен терімшілік уақытында қатар пайда болып, дамып келеді. Содан бізге жетіп, ойналған ойындар ағылшын ғалымы Э. Манкейдің пайымдауынша 5000 жылдай бұрын ойналса керек. Қазақтың қонақжайлылығымен бірге енген ұлттық ойындары да бала болмысына үлкен әсер ететіні хақ. «Отыз күн ойын, қырық күн тойын» деген сөз де содан шықса керек.
Ойын - бала тәрбиесімен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспейді, жан - жақсыз дамымайды. Тек қимыл, қозғалыс қана дененің шынығып өсуін, жетілуін қамтамасыз ете алады
Халық ойындарын бүгінгі педагогикалық білім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол бала тәрбиесінің сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандырады.
Ғалымдар, педагогтар ұлттық ойындарды зерттеп 5 топқа
бөлген.
1. Аңға байланысты ойындар
2. Малға байланысты ойындар
3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар
4. Зеректілікті, ептілікті, икемділікті қажет ететін ойындар
5. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар
Ойындар оқушылардың ақыл - ойын жетілдіріп, дүниетанымын, рухани деңгейін кеңейтіп, олардың қимыл - қозғалыс дағдыларын дамытады, алған білімдерін күнбе-күн өмірмен ұштастырады, басқа да адамгершілік мінез - құлықтарды бойына сіңіруге мүмкіншіліктер береді. Сондықтан, тәрбие жұмысында халық ойындарын ескерусіз қалдыруға болмайды.

Толық нұсқасын жүктеу
10 098
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттыру
Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттыру
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі олардың сабаққа қызығушылықтарының артуымен тығыз байланысты. Әсіресе, ойын оқушыларының лидерлік қабілеттерін жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге, сыныптастарымен еркін пікірлесуге ықпал етеді.
Дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі
Дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі
Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді.
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде.
Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытуда «Коллаж» технологиясын тиімді қолдану
Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытуда «Коллаж» технологиясын тиімді қолдану
Ақпараттану дәуірінде ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны жедел даму үстінде. Осыған байланысты елімізде білім алудың жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Сондықтан да әрбір тұлға енгізілген жаңа технологияның
Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттырудағы ойынның рөлі
Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттырудағы ойынның рөлі
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Искакова Кенжегүл Сәрсенбайқызы
Технология пәнінде оқытудың жаңа технологиясын қолданып, оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыру
Технология пәнінде оқытудың жаңа технологиясын қолданып, оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыру
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп Технология пәнінің мұғалімі: Джанбаева М. Н
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×