Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттыру

21 қараша 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Жоба: Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттыру

МАЗМҰНЫ
Кіріспе.
1 Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың оқуға деген танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттырудың теориялық негіздері.
1. 1 Ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттыру жолдарының педагогика – психологиялық негіздері.
1. 2 Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың оқуға деген танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттыру жолдары

2 Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттыруға бағытталған педагогикалық - тәжірибелік эксперимент.
2. 1 Танымдық белсенділік пен қызығушылықты арттырудағы ойын әрекетін қолдану туралы анықтаушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау.
2. 2 Танымдық белсенділік пен қызығушылықты арттырудағы ойын әрекетін қолдану туралы қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау, салыстыру.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер жалпыға бірдей білім орталарында әлемдік өркениеттің барлық талаптарына сай келетін, парасатты, тәрбиелі жастарды тәрбиелеп дайындауды талап етуде. Бұл еліміздің келешек дамуымен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуымен, қазіргі жас ұрпақты білім дәрежесі мен, шығармашыл ойлай алу қабілеттерімен сабақтаса орайласады. Осыған орай білім беру салаларын да оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдану жұмыстары жедел қарқынмен жүруде.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында белгіленген орта білім берудің негізгі міндеттерінің бірі «... білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету» үшін тілдік фактілерді жалаң емес, қатысымдық тұрғыдан меңгерту қажет.
Жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілін ойын технологиясы арқылы оқытып, оқушылардың шығармашыл ойлауын, қызығушылығын арттыру – бүгінгі өмір талабына сай азаматты тәрбиелеудің негізгі жолдарының бірі. Себебі оқыту процесінде ойын технологиясы арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасы, қызығушылығын арттырады, сол арқылы шәкірттердің ана тілінің терең қатпарларын игеруіне, асыл маржандарын түсінуіне жағдай жасайды.
Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасымен сапасының қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтанда бастауыш білім – үздіксіз білім берумен дамытудың алғашқы басқышы.
«Білім туралы» Заңда
Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттың және азаматтың құндылықтары мен ғылым, тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға дамытуға және кәсіби шындалуға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау делінген [2].
Осыған байланысты баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру маңызды міндетке айналып отыр. Өйткені баланың алдында тұтқан мүддесі, қызығуы болмаса, ол оқу пәндеріне, ешбір қызықпаса, оқудың да жемісі болмас еді.
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі олардың сабаққа қызығушылықтарының артуымен тығыз байланысты. Әсіресе, ойын оқушыларының лидерлік қабілеттерін жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге, сыныптастарымен еркін пікірлесуге ықпал етеді. Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушыларды тілдік материалдарға қызықтырумен қатар тіл білімінен алған білімдерін бекіту, тереңдету үшін тиімді.
Қызығу оқу – тәрбие жұмысында өте керекті шарттар болып табылады. Оның балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына, олардың бойынан адамгершілік қасиеттерді енгізуге ықпалы зор.
Оқушы өзі оқуға қызықпаса, зорлап оқытуға болмайды. Сондықтан да мұғалім сабақты баланың қызығушылығын оятатындай етіп ұйымдастыруы тиіс.
Қызығушылық мәселесінің зерттелуіне үлес қосқан ғалымдар: С. Бап – баба, Н. Рыбникова, Л. Гордон, М. Беляева, Ж. Жарықбаев, И. Цветкова, К. Романова, И. Шевшенко, М. Морозова, А. Дусавецкийт. б.
К. Д. Ушинский оқушыларды сабақ татарту, олардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, білімге құмарту керектігіне аса көңіл бөлді. Оның пайымдауынша, қызығушылық сапалы оқытудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілетін оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды [2. 24].
Сонымен қатар қоғамыздың бүгінгі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Заман өзгерді. Соған байланысты мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі өз орнын алады.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті. [3. 7].
Әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50 - ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім. Соның ішінде бастауыш мектептің оқу процесінде ойын технологиясының алатын орны ерекше. Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады. Ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры байиды, ойын үстінде балалардың байқампаздық әрекеті, зейіні жетіледі.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім тұжырымдамасында жеке тұлғаға мынадай талаптар қойылған: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой – өрісінің кеңдігі, танымды, әрекетке қызығушылығының басымдығы [4].
Міне осыдан келіп, зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі шығады.
Зерттеу объектісі: мектеп оқушыларын өзара қарым – қатынас барысында тәрбиелеу процесі.
Зерттеу пәні: ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың оқуға деген танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сыныпта ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш сыныптарда ойын технологиясы тиімді қолданылса, онда оқушылардың оқуға деген танымдық белсенділігі мен қызығушылығы артады.
Зерттеудің мақсатымен ғылыми болжамына сүйене отырып, біз мынадай міндеттерді шешуді көздедік:
1. Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру жайлы материалдар жинақтау, талдау, жүйелеу;
2. Тақырыпқа қажетті әдіс – тәсілдерді анықтау;
3. Анықтауыш эксперименттің материалдарын дайындау, жүргізу, салыстыру;
Зерттеу әдістері: Ғылыми зерттеу әдебиеттерін талдау, бақылау, әңгіме, сауалнама педагогикалық эксперимент, зерттеу материалдарын математикалық өңдеу.
Зерттеу базасы: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Үштаған орта мектебінің бастауыш сыныптың 2 сынып оқушылары.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде кафедра мәжілісінде тақырып бекітілді, жұмыстың теориялық бөлімі бойынша философиялық, психологиялық, ғылыми педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды, зерттеу әдістемесі таңдалып алынды. Екінші кезеңде қазақ тілі пәні ойын технологиясы негізінде оқытылып, алдыңғы кезеңде айқындалған әдістеме іске асырылды. 2 - сыныптың қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың тәжірибе материалдары жинақталып, жүйеленіп, нәтижелері қорытындыланды.. Үшінші кезеңде дипломдық жұмыстың әдеби, техникалық даярлығы аяқталып, кафедра мәжілісінің талқылауына ұсынылды.
Жобаның құрылымы: кіріспе, екі тараудан, тарау бойынша жалпы қорытындыдан және пайданаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қорытынды бөлімінде жүргізілген жұмыстың нәтижесі, қарым - қатынас процесінде оқушыларда азаматтылықты тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жөнінде ізденуі тұжырымдары мен әдістемелік ұсынымдары беріледі.

Ақтөбе обылысы,
Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы
Психолог: Құрманғазықызы Інжугүл
Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттыру жүктеу
4 587
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқыту мен оқуда жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану – заман талабы тақырыбындағы аудандық семинар
Оқыту мен оқуда жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану – заман талабы тақырыбындағы аудандық семинар
Мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың танымдық көзқарасын қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлауды дамытудың негізгі әдістерін анықтайды.
Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Өзімнің 24 жылдық еңбек өтілімде байқағаным: ойынды сабақта тиімді пайдалану оқушының ой өрісін шыңдай отырып, жаңа сабақты тез меңгеруіне және ақпаратты белсенді қабылдауына үлкен септігін тигізеді. Ол үшін мұғалімнің шеберлігі де үлкен роль
Математика сабағында оқушылардың танымдылық белсенділіктерін арттыру
Математика сабағында оқушылардың танымдылық белсенділіктерін арттыру
Астана қаласы, №59 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Налибаева Гулжан Ермекбаевна
Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттырудағы ойынның рөлі
Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттырудағы ойынның рөлі
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Искакова Кенжегүл Сәрсенбайқызы
Ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері
Ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері
Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы, №43 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тусупова Г. Х
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Тұрғанбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×