Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Тиін. А. Синявский

13 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
М. Шыманұлы ауылы Сарықамыс
негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Дүйісова Света Жолдыбайқызы

Сауат ашу 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Тиін. А. Синявский.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың жуан және жіңішке дыбыстар туралы білімдерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері: 1. Сөздегі дауысты дыбысқа байланысты жуан және жіңішке сөздердің айтылатындығын ұғындыру, мәтінді дұрыс түсініп оқуға төселдіру.
2. Ой - өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды, тапқырлықты шығармашылықты дамыту.
3. Табиғатты сүюге, достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамытушылық
Сабақтың типі: жаң сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі (Психологиялық жаттығу)

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. Оқушылар сұрақ - жауап әдісі бойынша өздерінің білімдерін тексереді.
1) Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталау
2) «Білім» өлеңді жатқа сұрау

ІІІ Жаңа сабақ
1) Жұмбақ шешу.
Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғарылап кетеді. \ тиін\

2) Ой қозғау.
- Тиін туралы өздерің не білесіңдер?
Қосымша мәлімет: Тиіндер — тиінтәрізділер тұқымдасының бір туысы. Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Американың ормандарын мекендейтін 40 - тан астам түрі белгілі. Қазақстанның шығыс, орталық және солтүстік аймақтарында, Тянь - Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауының қарағайлы ормандарын мекендейтін 1 түрі – кәдімгі тиін бар. Оның тұрқы 16 – 28 см, салмағы 450 – 600 г. Түсі ақшыл сұр не жирен, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын (23 см - ге дейін). Құлағында шашағы болады. Ұясын ағаш басына кейде кеуегіне не жартас жарығына салады.

3) Оқулықпен жұмыс.
1. Мұғалімнің мәтінді оқуы.
2. Оқушылардың кезекпен оқуы.
3. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар:
4. Сөздік жұмысы.
5. Тауып оқу.
«Тиін» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
4) Сергіту сәті.
5) Оқулықтағы жаттығуларды орындау: 46 - жаттығу
Сөздерді жаз. Дауысты дыбыстардың астын сыз
6) Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

1 - тапсырма: «Жоғалған әріптер тап» ойны
Қ.... с,.... шақ, бөр... к, бор... н, к.. гершін, т.... лкі,... ліппе, кем...
2 - тапсырма «Бір сөзден көп сөз» ойыны. « Жолбарыс» сөзі

ІҮ Сабақты қорыту.
- Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Біз ойнай отырып не істедік?

Ү Оқушыларды бағалау.

ҮІ Үйге тапсырма: мәтіннің мазмұндау. 47 - жаттығу, 35 - бет.
9 414
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдептілік әліппесі. 44 – 45 жаттығулар (күнделікті сабақ жоспар)
Әдептілік әліппесі. 44 – 45 жаттығулар (күнделікті сабақ жоспар)
Сөйлемнен жуан және жіңішке айтылатын сөздерді таба білу дағдыларын пысықтау. Адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу. Үлкенді сыйлауға, ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Тіліміздегі дыбыстардың, соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру
Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
Қысқа мерзімді жоспар. Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. 2 - сағат
Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыс дегеніміз – ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды айтамыз. И, у, э әріптері халықаралық терминдерде кездеседі.
Фонетика Дыбыстар
Фонетика Дыбыстар
Қазақ тілінен тест сұрақтары жауабымен. Фонетика. Дауысты дыбыстар
Ақсақалдың ақ батасы. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Ақсақалдың ақ батасы. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бегасилова Меизкуль Туленовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×