Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай мен Әбіш

13 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мойнақ ауылындағы
шағын орталығы бар № 23 орта мектеп КММ
бастауыш сынып мұғалімі Ахмедиярова Қ.Қ.

Ана тілі 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай мен Әбіш
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қазақтың ұлы ақыны, бүкіл жан – тәнімен, рухымен, ішкі сезім – күйімен, ақындық ойлау, жазу өнерімен қазақтың ұлттық болмысын танытқан Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына толығырақ тоқталу. Мәтінді түсініп оқи отырып, негізгі ойын табуға үйрету.
2. Тәрбиелік: Оқушыларға Абай ата өмірін үлгі ету, ұлы ақынға деген құрмет сезімге тәрбиелеу. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
3. Дамытушылық: Ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіре отырып ойын қорытып, сөйлемді дұрыс құруға дағдыландыру; түсіндіріп айта білу дағдысын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс, ой шақыру, ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, топпен жұмыс істеу әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа ынталарын аудару
Психологиялық даярлық
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
- Бүгінгі сабағымызда: «Өткеннен не үйрендік, бүгіннен не білдік...» қағидасына сүйене отырып жұмыс істейміз.

II. Өткенді қайталау.
«Ой қозғау» (1 - слайд ) (назарларын слайдқа аударту, онда жазылған сұрақтарға жауап алу
1.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
2.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес асыл іс көнсеңіз.
3.
“Е - е.. Бұлдыр - бұлдыр күн өткен,
Бұрынғыда кім өткен?”– деп бастап, әңгіме сұраған тілегін осылайша бастайтын.
4.
- Шырағым, ер жетерсің, ержетсең сірә, не етерсің?
Алысқа шырқап кетерсің,
Шындасаң, шыңға жетерсің,,-
5.
Әжесінің аты - Зере
Анасының аты - Ұлжан
Әкесінің аты - Құнанбай
- Қалай ойлайсыңдар, балалар, мына атауларды кіммен байланыстыруға болады?
- Абай Құнанбаев
- Дұрыс айтасыңдар, біз бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлы ақыны, бүкіл жан – тәнімен, рухымен, ішкі сезім – күйімен, ақындық ойлау, жазу өнерімен қазақтың ұлттық болмысын танытқан Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білетінімізді әңгіме етейік. Бұл сабаққа дайындалу барысында біз оқушылармен шағын зерттеу жұмысын жүргізген болатынбыз.
- Біз бүгін «Факт жинақтаушылар» тобы және «Тәуелсіз зерттеушілер» тобы болып екі топқа бөліндік. Сөз кезегін сол зерттеушілерге берейік.

- Сұхбат алушылар: (Келген қонақтарға, басқа топ мүшелеріне Абай Құнанбаев жайлы сауалдар қояды.)
Сұхбаттарыңыз үшін рақмет. Ендігі сөзді «Тәуелсіз зерттеушілер» берейік.
1 - топ: «Тәуелсіз зерттеушілер»:
(Абайдың балалық шағы мен ата тегі жайлы жинаған деректерін ортаға салады.)

1 - зерттеуші:
Абай 10 - тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.
Ақынның арғы тегі Орта жүз, Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады.
Абайдың азан шақырып қойған аты – Ибраһим. Әжесі оған «абай бол,
балам»деп кішкентай кезінде көп айтқан екен, содан Абай аталып кеткен. Осыдан кейін ел арасында шын аты аталмай, Абай атанып кетеді.
2 - зерттеуші:
Абайдың әкесі - Құнанбай. Құнанбай Өскенбайұлы 1802 жылы өмірге келеді. Ол халық арасында өте беделді, абыройлы, әділ би болған. Ол 81 жыл ғұмыр кешкен. Құнанбай ел ішінде қажы атанған.
Семей өңірінде Құнанбай қажының мешіті орналасқан.
3 - зерттеуші:
Абайдың әжесі - Зере Абайға халық қазынасынан нәр беріп, бойына ізгілік шуағын сепкен, білімге итермелеген ұлы ұстаз, тәлімгер, ана.
Анасы Ұлжан – ұстамды, мейірімі мен ақылы мол, дана кісі болған.
Зере әже көңілі кең, жүрегі нәзік адам болған. Абай әжесін қатты жақсы көреді. Күндіз де, түнде де ертегі айтқызады.
Абай әжесімен бірге:
“Е - е.. Бұлдыр - бұлдыр күн өткен,
Бұрынғыда кім өткен?”– деп бастап, әңгіме сұраған тілегін осылайша бастайтын.
4 - зерттеуші:
Абай қоғам өміріне, ел басқару ісіне араласты. Абай кез келген істің мәнін бейбіт түрде шешті. Абай он екі жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне түседі. Онда 3 жыл оқиды. Медреседе оқып жүріп 3 айдай орыс мектебінен дәріс алады. Абай араб, түрік, парсы тілдерін де үйренеді.
2 - топ: «Факт жинақтаушылар» тобы:
(Ақынның әдеби мұрасымен жайлы жинаған деректерін айтып өтеді)

1 - жинақтаушы:
Абайдың әдеби мұрасы үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі - Абайдың қара сөздері деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
Абай орыс әдебиетімен Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Белинский, Добролюбов шығармаларымен танысады. Әсіресе Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларын сүйіп оқыған. Пушкиннің “Евгений Онегин”қазақ тіліне аударады, әрі өзі “Татьянаның хаты” атты әнін шығарды.
2 - жинақтаушы:
Абай әнге, өнерге жаны құмар адам болған.
Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Тәттімбет сияқты сазгерлердің маржан мұраларынан сусындап, әншілік - күйшілік өнерді ерекше бағалаған. Абай күйлері: “Торы жорға”, “Май түні”, “Абай желдірмесі”.
Абай әндері: “Көзімнің қарасы”, “Айттым, сәлем, Қаламқас”, “Сегіз аяқ”, “Қор болды жаным”.
3 - жинақтаушы:
Абай тоғыз жасынан бастап өлең шығарған.
Балаларға арналған өлеңдері “Адам болам десеңіз”, “Әсемпаз болма әрнеге”, “Жазғытұрым”, “Күз”, “Қыс” т. б. /Өлеңнен үзінді оқу/

Сергіту сәті /Абайдың әнін тыңдату/

III. Сабақтың мақсатын хабарлау.
IY. Жаңа сабақты меңгерту

Оқулықпен жұмыс: «Абай мен Әбіш» мәтінді оқу, талдау.
- Өз беттерінше оқу.
- Мәтінді рөлдерге бөліп оқу.
- Мәтінді талдау
- Мәтінде не туралы айтылған?
- Әбіш әкесінің сауалына не деп жауап қайтарды?
Y. Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру
«Мағынаны ажырату»

- Ендеше, мәтінде қозғалған негізгі мәселелерге тоқталайық.
/Мәтіндегі қызылмен жазылған жолдарға көңіл бөлу, мағынасын ашу/
- Өздерің қалай ойлайсыңдар?
- Ақ сөзі асыл дегенді тағы қалай дәлелдеуге болады?
/Оқушылардың жауабы/
/ Қазақта «ақ» сөзімен тығыз байланысты ұғым өте көп. «Ақ жаулықты ана», «ақ сақалды қарт», «ақ сүт» дегендей, ақ сөзімен байланысқан ұғымы терең сөздер тазалықты, пәктікті айғақтайды. Ақ құйып шығару. Қазақ халқы ұрпағын ақты жерге төкпеуге, аяқпен баспауға үйретеді.
Ақ дегеніміз не? Бұл – сүт, айран, қатық, қымыз, шұбат… Осының барлығы ақтың құрамына кіреді.

Ақ түсінің мағыналық топтары
Тазалықтың белгісі ( ақ босаға, ақ отау, ақ бесік т. б.)
Сұлулықтың белгісі (ақ тамақ, ақ дидар, ақша бет т. б.)
Үлкендіктің белгісі( ақ сақал, ақ бас, ақ қас т. б.)
Қасиеттіліктің белгісі(ақ сүт, ақ ана ақ шаш т. б.)
Қуаныштың белгісі (ақ күн, «ақ сарбас» т.. б)
Адалдықтың белгісі (ақ жол, ақ ниет, ақ бата т. б.)
- Әбіштің бұл жауабына Абай риза болды ма?

Мәтінді сахналау

YI. Сабақты қорыту.
Шығармашылық жұмыс:
Асыл сөздердің жалғасын тап.
Жұмысы жоқтық
Тамағы тоқтық
------------------------------- (Аздырар адам баласын)
Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті
------------------------------ (Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп
------------------------------- (Екі жаққа үңілдім)
Қайратсыз ашу – тұл

----------------------------------- (Шәкіртсіз ғалым - тұл)
Досы жоқпен сырлас
--------------------------------------- (Досы көппен сыйлас)

Өлеңді аяқтап жазу
................................ даламыз
............................... баламыз
................................ шанамыз
................................. боламыз.

- Бүгінгі сабақты Абайдың 19 - шы қара сөзімен аяқтағым келіп отыр

Үнтаспадан тыңдату.
- Бүгін сабақта не жайында оқып, білдік?
YII. Үйге тапсырма беру. 183 - 185 - бет мәтінді оқып, әңгімелеу. Ақ және қара сөздеріне байланысты айтылған мақал, нақыл сөздерді жинақтау, мағынасын ашу. Оқушылардың білімдерін бағалау.
5 516
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай және орыс әдебиеті
Абай және орыс әдебиеті
Абай, оның өмірі, шығармашылығын қалай меңгергенін анықтау. Өз бетінше іздендіруге, шығармашылық жұмысқа үйрету. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, сөздік қорын байыту.
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Абай мен Әбіш
Абай мен Әбіш
Бастауыш сынып мұғалімі Алимкулова Кымбат
Абай мен Әбіш
Абай мен Әбіш
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Қазақтың ұлы ақыны, бүкіл жан – тәнімен, рухымен, ішкі сезім – күйімен, ақындық ойлау, жазу өнерімен қазақтың ұлттық болмысын танытқан Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына толығырақ тоқталу. Мәтінді түсініп
Бала Абай (2-сынып)
Бала Абай (2-сынып)
Атырау қаласы, Томарлы селосы, Қ. Смағұлов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құбашева Нағила Ғинаятқызы
Бала Абай
Бала Абай
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Благодарное орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Сыдыкова Сайраш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×