Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бала Абай

30 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы Бала Абай
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды қазақтың классик ақыны Абай Құнанбаевтың өмірімен толығырақ таныстыру.
2. Мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру.
3. Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өздік жұмыс істеуге, ізденуге, творчестволық ойлануына ықпал ету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Абай өлеңдері арқылы балаларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеу, әрқашан ұқыпты, алғыр, зерек болуға үйрету.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақтар қою, Венн диаграммасы, топпен жұмыс істеу әдістері.
Көрнекіліктер: Абай Құнанбаевтың, Мұхтар Әуезовтің портреттері, қосымша әр түрлі кітаптар, сюжетті таблицалар, Абай туралы карточкалар, ватман қағаз, суреттер т. б.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырма: Ғ. Қайырбековтің “Алғашқы қоңырау” өлеңін мәнерлеп оқу және шығармаға сәйкес сурет салып келу тапсырылған.
Екі, үш оқушыға мәнерлеп оқытамын, қосымша сұрақ-жауап алынады. Ы. Алтынсарин туралы т. б. сұрақтар. Сосын өздері салған суреттері бойынша әңгімелеп береді. Екі, үш оқушыдан сұрау, тақтаға немесе қабырғаға суреттерді түгел ілу.

Жаңа сабақ: М. Әуезовтің “Бала Абай” әңгімесін оқимыз деп түсіндіріп өтемін.
1. М. Әуезовтің “Абай жолы” романы туралы бірер сөз айтамын.
Қызығушылықты ояту. Ой қозғау.
Мысалы: - Бала Абай деген кім деп ойлайсыздар? Екі минуттай ойлану, серіктесімен ой бөлісу.
2. Сұрақ-жауап. Диалог.
- Оның қандай өлеңдерін білеміз, т. б. талдау жұмысы. Енді бір бағанға жазу білетінімізді тізбектеп айтамыз, дәптерге жазамыз: Абай – ақын, композитор, суретші, аудармашы, реалист-шыншыл т. б. тізбектеп жазу. Ал енді, балалар, Абайдың балалық шағы туралы романнан үзінді берілген, соны оқып беремін. Әңгіменің ұнаған, ұнамағанын сұраймын.
1. Мәнерлеп оқу (өзім).
2. Сұрақ-жауап.
3. Рольмен оқыту.
4. Кейіпкерлерді табу.

Енді түртіп алу жүйесімен жұмыс істеу v + - ? осы (- +) белгілер бойынша сөздік жұмысы жүргізіледі.
Оқушы түсінбеген сөз, сөйлем, сөз тіркестерін сұрайды, бір-бірімен ой бөліседі.
Сергіту сәті. Топпен жұмыс.
Әрбір негізгі сұраққа қосымша сұрақтар беру (3, 4, 5) арқылы түгел балалардың жұмыс істеуіне жағдай туғызамын.
І. Топтың сұрағы. Бала Абайға мінездеме беріңдер.
ІІ. Топтың сұрағы. Абайдың әжесі мен анасына мінездеме беріңдер.
ІІІ. Топтың сұрағы. Байкөкшеге мінездеме беріңдер.
ІV. Топтың сұрағы. Барласқа мінездеме беріңдер.
V. Топтың сұрағы. Барлас Абайға қандай бата берді?
VІ. Мәтіндегі нақыл сөздерді тап, дәптерлеріңе жаз.
Топпен жұмыс жүргізіліп, топ басшылары жауап береді.

3. Ой толғаныс кезеңі. Венн диаграммасын құрайық.
Екі кейіпкерді алып, ортақ және ұқсамайтын үш қасиетін тауып жазу тапсырылады. Бұл жұппен жұмыс. Жұптасу арқылы ой бөлісу.

Сабақты қорыту: Венн диаграммасы.
Барлас --------------------------------------------------------------------------------------------Байкөкше
1. Ақын------------------------------------1. Екеуі де ер адам---------------------------------1. Жыршы
2. Қартаң----------------------------------2. Екеуі де жыршы----------------------------------2. Жастау
3. “Қобыланды батыр” жырын біледі----------------------------------------------------------3. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырын біледі

Венн диаграммасына жалпы ойды қорытып, тақтаға ватман қағазға жазып іліп қоямын. Жалпы таблицалар мен кітаптарға шолу. Сұрақтар қою. Абайдың нақыл сөз, мақал, афоризмдерін сұрап өту.
Үй жұмысы: Мәтінді мәнерлеп оқу. 5-6 тапсырма.
1. Сөздік дәптермен жұмыс.
2. Авторлық дәптерлеріне Абай мен Мұхтарға Венн диаграммасын құрып келу тапсырылады.
Бағалау кезеңі.
14 521
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай
Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай
Дана жазушының ұлылығын, кемеңгерлігін дәріптеу, өз елін, туған жерінің табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Бекзат Қ. Рысбекұлы
Бекзат Қ. Рысбекұлы
Бекзат Саттарханов – қазақ боксшысы. Ол 20 жасында бокстан Олимпиада чемпионы атанды.
«Күз» Абай Құнанбаев
«Күз» Абай Құнанбаев
Күз өлеңінің мазмұны мен идеясын ашады. Ақын Абай Құнанбаев жайлы мағұламаттары кеңейеді.
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Бала Абай (2-сынып)
Бала Абай (2-сынып)
Атырау қаласы, Томарлы селосы, Қ. Смағұлов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құбашева Нағила Ғинаятқызы
Күз Абай Құнанбаев
Күз Абай Құнанбаев
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үңгітбаева Нұргүл Рамазанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×