Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеті өнерпаз ертегісі

25 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Алматы қаласы, Алмалы ауданы,
Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
Бисенова Назипа Әбдімәлікқызы

Сабақтың тақырыбы: «Жеті өнерпаз» ертегісі
Сабақтың мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсінуіне жағдай жасау;
өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, өзгенің пікірін тыңдауға, мәдениетті сөйлеуге, тіл байлықтарын арттыруға жағдай туғызу, өнерлі болуға баулу.

Күтілетін нәтиже: ертегінің басты кейіпкерлері арқылы таным мүмкіндіктерін анықтау, шығармашылықпен ойлау қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызу.
Ресурстар: Ертегі желісі, ертегі кейіпкерлері, оқушылар шығармашылығы, слайд, т, б..
Әдіс – тәсілдер: « Фишбоун», СТО, АКТ, «Алты ойлау қалпағы», «Екі жұлдыз – бір тілек» стратегиясы, топтық жұмыс, өзін - өзі бағалау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
І. Қызығушылықты ояту
А) Ертегілер әлемі» әні. Өлең ертегі әлеміндегі ғажайып көріністерге елес береді.
Ә) топқа бөлу
І - топ « Қиял - ғажайып» ертегілері
ІІ – топ «Хайуанаттар» жайлы ертегілері
ІІІ – топ «Шыншыл» ертегілері
- Ерте, ерте, ертеде
Ешкі жүні бөрте де
Қырғауылы қызыл екен
Құйрық жүні ұзын екен – жолдары ненің бастамасы?
- Ертегі

- «Ертегі» сөзін естігенде қандай ой келеді, не естеріңе түседі, көз алдарыңа не елестейді?
Ертегі: - Ұшқыш кілем, жезтырнақ, хан, ханшайым, жалғыз көзді дәу, сөйлейтін жануарлар, Айдаһар т. б
(Оқушылар шығармашылығы)
«Ертегілер елінде» бұрышына шолу.
Бұл қазақ ертегілерінің жинақтары. Бұл кітаптарда хайуанаттар жайлы, тұрмыс - салт ертегілері, шыншыл ертегілері, қиял - ғажайып ертегілердің түрлері бар. Өздерің айтып кеткен айдаһар да, жезтырнақ та, ұшқыш кілем де, хан мен ханшайымдарды да осы ертегілерден таба аласыздар.

Ой қозғау
«Кім көп біледі?» айдары
Ертегі аты мен кейіпкерлерді табу.
1. Өзі тамақ пісіретін қазан - «Ұр тоқпақ!»
2. Алдайтын таяқ - «Алдар көсе»
3. Бағалы сақа - «Алтын сақа»
4. Ұшатын кебіс –«Маленький Мук»
5. Көк есек пен, ескі шапан –«Қожанасыр»
6. Гауһар айна - «Ұйқыдағы ару»
7. Өзінің шешендігімен хандарды сөзден ұтқан. « Тазша бала»
8. «Тышқан өз бойына сеніп «күнді менен бұрын ешкім көрмейді» деген түйенің өркешіне мініп алып, күн сәулесін бұрын көріп қалды. Ал аңқау түйе бәрінен де құр қалды.» Қандай ертегіден алынған үзінді? « Жыл басына таласқан хайуанаттар»
9. «- Көкек - көкек! Қайырымды көкек! Балапандарымды жылан жейін деп жатыр, маған көмек бере гөр!» - дейді жан ұшыра. «Қарлығыш пен дәуіт»
10. «Үшінші рет салғанда, түсті, әйтеуір, бір балық. Балыққа тіл бітіп: « Жібер мені, қарт, еңбегінді жемеймін, қалауыңды айт», - деді. «Алтын балық»
Көрініс:
«Жақсылыққа дұшпанмын.
Жамандыққа құштармын,
Тісімді жұлып, лақтырып,
Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.
Жас емеспін, кәрімін,
Ертегінің сәнімін.» / мыстан кемпір/

- Қаңбақ шал мен Мыстан кемпірге мінездеме беру.(ауызша)
Жағымды кейіпкер - жағымсыз кейіпкер
Қаңбақ шал ------ Мыстан кемпір
Ақылды ----------- Ұсқынсыз
Айлакер ----------- Кәрі
Жеңіл -------------- Тістері үлкен, өткір т. с. с

Дәу қай ертегінің кейіпкері? - Ол туралы не айта аласындар, балалар?
Дәу: Мен жалғыз көзді Дәумін,
Балаларға, батырларға жаумын.
Тауыңды да, тасыңды да лақтырамын,
Тек жамандық жолында шапқыладым.
Талай жерде ақылмен алдап кетті,
Қаңбак шал ма, қылғаны - ай, қап мынаның.
(Кақпадағы қаңбак шалды тұра қуады).
Қанбақ шал: Мен Қаңбақ шалмын, қаңбақтаймын,
Жел соқса ағаштан түскен жаңғақтаймын.
Алып дәуді алдадым ақыры мен,
Қу түлкіден құтылдым ақыры мен.
Ешқашан жамаңдыққа жоламаймын,
Мен қаңбақ шал, жел соқса домалайтын.

ІІ. Мағынаны тану
1. «Фишбоун» әдісі

Балықтың қаңқасы
Басы: Басты проблема: Ертегілердің шығу себебі:
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып біздің дәуірімізге жеткен. Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан. Сөйтіп ол үнемі жаңарып, толықтырылып, жетілдіріліп отырған.
Халық ерте кезде - ақ әрқашан зұлымдықты әділеттік жеңеді, адам табиғаттың асау сырларын біліп, қолдана алатын болады деп сенген. Жақсы өмірді аңсаған қашықтарға тез жетуді, ғажап күшті болуды, көкке ұшуды, жер асатына түсіп, асыл қазынасын алып, пайдалануды армандаған. Соның бәрі ертегілерге арқау болған. Сондықтан да ертегілерде халық қиялы, арманы, даналығы ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесі бар
Ертедегі адамдар ауыр еңбекті жеңілдетсек, жақсы шат өмір сүрсек екен деп армандаған. Бұл арманға олар өздерінің қиялы арқылы ғана жеткен
Сүйектері: жоғарғы сүйек: сұрақтардың туу себептері
Төменгі сүйектері: себеп салдары

1. Хайуанаттар туралы ертегілер
Хайуанаттар туралы ертегідегі негізгі кейіпкерлер аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер иесі болып суреттеледі де, сол арқылы сұм, қиянатшыл, дөрекі, қу мінез құлықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштікті, батылдықты, адалдықты сүйсіне әңгімелейді.

2. Қиял – ғажайып ертегілер
Ал қиял – ғажайып ертегілерде ер жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан алуан ерлік оқиғалар баяндалады. Олар жеті басты дәумен, жалмауызбен, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді. Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол ғажайып оқиғаларды ақыл, айла – тәсілін асырып, жеңіп отырады. Осы жолда оларға Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ, Самрұқ құс, Қарлығаш сияқты ізгі ниетті жандар болысады, ақылды ат, алып құстар жәрдемдеседі.

3. Шыншыл ертегілер
Шыншыл ертегілердің қаһармандары қиялдан туған бейнелер емес, қарапайым еңбек адамы, хан, би, уәзір т, б Онда мәдени дәстүр, тұрмыс – салт, әдет – ғұрып, халық тұрмысымен байланысты.
Құйрығы;
Шешен сөйлеуге, өз ойларыңды әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар! Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Өйткені ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.

2. «Әдеби оқу» стратегиясы
«Жеті өнерпаз» ертегісі
Абай атамыздың өлеңін еске түсірейікші:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.

1. Өнерпаз сөзін топтастыру
«Түртіп алу» стратегиясы
Өнерпаз – қолынан әр алуан іс келетін, ісмер, шебер, өнерлі
2. Ертегіні дауыстап оқыту
3. Топтық жұмыс (топ басшылары таңдап алады.)

1 - тапсырма

Оқиғаның басталуы
Оқиғаның дамуы
Шиеленісуі
Шарықтау шегі
Оқиғаның аяқталуы

2 - тапсырма

Ертегінің қай түрі:
Кейіпкерлер:
Кейіпкерлер өмір сүрген заман:
Кейіпкерлердің қиналған ортақ мәселесі:
Ортақ мәселенің шешімін табу:
Кейіпкерлерге қандай баға берер едіңдер?


3 - тапсырма
Өнерпаздар өнерлерін ханға қалай жеткізеді?
— Бәріміз де істеген өнерімізді айтып өтелік, қайсымыздікі артық болса, сол алсын, — дейді.
Хан мақұл көреді. Алдымен ағайындылардың үлкені бастайды

4. Бекіту сұрақтары:
1. – Ертегіде кімдерге жандарың ашып, қиналдыңдар?
2. – Қай тұсында қорқыныш пайда болды?
3. – Қай өнерпаздың өнеріне сенімсіздік таныттыңдар?
4 – Қай өнерпаздың өнерін жоғары бағалар едіңдер?
5 – Хан қызын қай өнерпазға қосады деп ойлайсыңдар?

Ойтолғау:
«Алты ойлау қалпағы» әдісі
 Атақты ағартушы - педагог атамыз Ы. Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» - деп атап айтқан. Ертегілер жақсылық пен жамандық, батырлық пен жауыздық, қорқыныш пен әділетсіздіктің ара жігін ажыратуға көмектеседі. Сондай - ақ, олардың бір - біріне қарсылығы, ең бастысы, небір қиын - қыстау жағдайда қалай жеңіп шығу мүмкіндігі көрсетіледі.
Рефлексия
Бағалау Өзін - өзі бағалау парақшасы
«Екі жұлдыз – бір тілек» стратегиясы бойынша топтарды бір – біріне бағалату
Үйге тапсырма: «Өнерлі болу оңай ма?» эссе жазу
Өзін – өзі бағалау парағы
9 - 10 балл – «5»
6 - 8 балл – «4»
4 - 5 балл – «3»
0 - 3 балл – «2»
6 395
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертегідегі жануарлар
Ертегідегі жануарлар
Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру, мазмұны арқылы сурет салуға үйрету. Жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, балалардың бейнелеу қабілетін шыңдау.
Таза, мінсіз асыл сөз. Шыншыл ертегілер «Аяз би» ертегісі
Таза, мінсіз асыл сөз. Шыншыл ертегілер «Аяз би» ертегісі
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу.
Ғажайып бақ ертегісі
Ғажайып бақ ертегісі
Халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, ертегінің сюжетін ұғындыру, сөз өнерінің әдемі кестелері арқылы оқушының сөздік қорын байытып, мәнді, мағыналы сөйлеуге жаттықтыру.
Ертегілер елінде
Ертегілер елінде
ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту; ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету; ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
"Керқұла атты Кендебай" ертегісі
"Керқұла атты Кендебай" ертегісі
Жамбыл облысы, Қаратау қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Батешова Гулжазира Қайырғалиқызы
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы Тыштықаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×