Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақта қыз бен мысық

23 қаңтар 2014, Бейсенбі
Қазақ әдебиеті 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мақта қыз бен мысық
Сабақтың мақсаты: ертегілер, ертегілердің түрлері, ерекшеліктері туралы оқушылар білімін тереңдету. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің мазмұнымен таныстыру, ертегі идеясын анықтай білуге үйрету. Оқушылардың тілін, ойлау қабілеттерін мазмұндау дағдыларын дамыту, сөздік қорларын толықтыр. Халық ауыз әдебиетіне, ертегілерге деген қызығушылықтарын ояту. Тілге, ауыз әдебиетіне деген ынта – ықыласқа тәрбиелеу. Еңбек пен ақыл, достық - таусылмас байлық екенін оқушы бойына дарытуға ықпал ету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игеру
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ – жауап, талдау.
Көрнекілігі: «Қазақ ертегілері». суретер, қосымша материалдар, интерактивтивті тақта тірек - сызба

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Сәлеметсіз!
- Сыныпта кім жоқ?
- Сыныпта оқушылардың бәрі бар.
- Бүгін нешесі?
- Бүгін желтоқсанның төрті.

2. Үй тапсырмасын сұрау.
(Түлкі мен ешкі ертегісі)
- Қазақ халқының ауыз әдебиетінің қандай түрлерін білесің?
- Мақал – мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер.
- Ертегі деген не?
- Ертегі халық ауыз әдебиетінің ең көп тараған түрі.
- Ертегілер неше топқа бөлінеді?
- Ертегі үш топқа бөлінеді: қиял – ғажайып ертегі, хайуанаттар туралы ертегілер, тұрмыс – салт ертегілер.
- Хайуанаттар туралы қандай ертегілер оқыдыңдар?
- Хайуанаттар туралы « Түлкі мен Ешкі» ертегісін оқыдым.
- «Түлкі мен Ешкі» ертегісінің бас кейіпкерлері кім?
- «Түлкі мен Ешкі» ертегісінің басты кейіпкерлері түлкі мен ешкі.

3. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгін біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісімен танысамыз. Ең алдымен, ертегіде кездесетін түсініксіз сөздермен жұмыс істейміз.
1. Сөздікпен жұмыс:
Мейіз - изюм
Қатығын төгеді – выливает кефир
Тауып алады - нашел
Шөлдеп тұрмын – хочется пить
Дән – зерно
Бас салады – хватает
Жаныңның барында - пока живой
Табақ – блюдце
2. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастыру:
Тәтті мейіз. Алтын дән. Кішкентай тышқан.
3. Сөйлем құрастыру: Әжем тәтті мейіз сатап алды. Кішкентай тышқан алтын дән тауып алды.
4. «Мақта қыз бен мысық» ертегісін мәнерлеп оқу (мұғалім)
5. Балаларды ертегіні мәнерлеп оқуға дағдылау, ертегінің қиын, түсінбеген жерлерін балалармен оқып, аудару.
6. Ертедегі кейіпкерлерді атау( Мақта қыз, мысық, ағаш, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан, т. б.)
7. Ертегіге интерактивті тақтада көрініс көрсету.

4. Сабақты бекіту.
1. Ертегіні рөлге бөліп оқу.
2. Әр балаға рөлдерді таратып беру.
3. Ойынан кейін негізгі және қосалқы кейіпкерлерді жеке - жеке топтап жазу( Негізгі: Мақта қыз, мысық. Қосалқы: ағаш, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан).
4. Ертегінің қай топқа кіретінін анықтау( Тұрмыс – салт ертегісі)
1 - топ. Мысық қатық іздегенде қайсысына қашан барғанын ретімен айтыңдар.
1. Мақта қыз
2. Сиыр
3. Ағаш
4. Қыздар
5. Дүкенші
6. Тауық
7. Тышқан

2 - топ. Мысық қайсысынан не алды?
1. Сиыр – қатық
2. Ағаш - жапырақ
3. Қыздар – су
4. Дүкенші – сағыз
5. Тауық – жұмыртқа
6. Тышқан – тары
5. Қорытындылау.
Қатықты табу үшін мысықтың жүрген жолын суретпен сызып көрсету.
Осы ойын арқылы ертегінің мазмұнын айтып беру.
5. Оқушыларды бағалау.
6. Үйге тапсырма: Ертегінің мазмұнын дайындау, ұнаған жеріне сурет салып келу.
10 889
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Үйшік. (Орыс ертегісі)
Үйшік. (Орыс ертегісі)
Оқушыларды халық ауыз әдебиеті – халық шығармаларының түрлерімен таныстыру. Ертегі түрлерімен таныстыру.
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз үйін жинап жүреді. Дән тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырады. Мақта қыз: Мысығым менің қайдасың? Мяу? Келе ғой.
Ертегілер әлемінде
Ертегілер әлемінде
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Мәншүк
Бір уыс мақта
Бір уыс мақта
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің мектепалды даярлық тәрбиешісі Қошимова Айгүл Сарсенбайқызы
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісі Утегенова Рада Изгабдиевна
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Мұғалім: Садықова Динара Пердаузиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×