Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Атай" Әнуарбек Дүйсенбиев

25 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
ШҚО, Уржар ауданы,
"Жансүгіров атындағы орта мектебі" КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Умбетова Эльмира Толеугазиновна

Сабақтың тақырыбы: Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Белгілі балалар ақыны Әнуарбек
Дүйсенбиев туралы түсініктер қалыптастыру. «Атай» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу, түсіндіру.
2. Дамытушылығы: Оқушыларға атай бойындағы адамгершілік қасиеттерді түсіндіре отырып, кішіпейілдікті, үлкенді сыйлауды білу. Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын арттыру.
3. Тәрбиелілігі: Табиғатты аялауға, үлкенді сыйлауға, еңбекқорлыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: ой қозғау, түсіндіру, сұрақ – жауап СТО технологиясының әдістері.
Көрнекілігі: слайдтармен көрсету тақырыпқа байланысты суреттер.
Топтастыру стратегиясы
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Қызығушылық ояту
Бір, парталаспен қол алыс
Екі, қарсыласыңа қол бұлға
Үш, қонақтарға жымиып, бас и де,
Төрт маған қарап көзіңді қыс.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.

1. Жұмбақтарды шеш.
•Гүл – гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезең?
(Көктем)
• Қырға кілем жайылды.
(Қызғалдақ)
•Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады.
(Қарлығаш)

Балалар бұл жұмбақтарда ненің нышанын байқадық? Көктем.
Көкем мезгіліне қай айлар жатады? Наурыз, сәуір, мамыр
Дұрыс айтасыңдар. Олай болса топқа бөлінейік
Топқа бөлу
1 - топ Наурыз
2 - топ Сәуір
3 - топ Мамыр

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар жазушысы Жәнібек Кәрбозинның Жиырма тиын әңгімесін мазмұндау. Жақсы ондай болса үй тапсырмасын «Ойлан тап» ойыны арқылы тексерейік. Ол үшін тақтадағы ұяшықтарды таңдаймыз сұрағына жауап береміз. Қай топ көп ұпай жинаса сол топ жеңіске жетеді. Ондай болса бастайық

10) Жәнібек Кәрбозин кім? Оның қандай әңгімесімен таныстық?
10) Алтайдың үйінде неше бала? Ол үйдегі нешінші бала?
10) Алтайды апасы қайда жұмсады?
20) Апасы Алтайды қалай көндірді?
20) Дүкенге жақындағанда қандай оқиға болды?
20) Қанат ақшасын не себептен жоғалтып алды?
30) Асан Қанатқа көмектесті ме?
30) Алтай Қанатқа қалай көмектесті?
30 Достық туралы мақал – мәтел айтып көр?
40) Адамгершілік деген не?
40) Апасы Алтайдың ісін қалай бағалады?
40) Алтайға мінездеме беріп көр.

Сонымен, қорытындылай келсек, Алтай өзінің жомарттығымен, мейірімділігімен, қайырымдылығымен нағыз дос екендігін көрсете білді.
Осы әңгімеден не түйдіңдер?
Алтайға риза болған кім?
Тағыда қандай туыстық атауларды білесіңдер? (ата, апа, бауыр, қарындас)

ІІІ. Жаңа сабақ
Ребусқа назар аударайық
А Т А Й
ӘНУАРБЕК ДҮЙСЕНБИЕВ
ІІІ. Жаңа сабақ:
«Атай» деген сөзді естігенде ойларына не түседі? Атамыз
1. Белгілі балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Атай» өлеңімен танысамыз.
Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, аудармашы, балаларға арналған прозалық шығармалардың авторы, журналист Әнуарбек Дүйсенбиев 1931 жылы қазан айының 25 жұлдызында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін және ДЛКЖО Орталық комсомол мектебін бітірген.

Ұзақ жылдар «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редакторлық қызмет атқарған.

а) Өлеңді оқу.
«Инсерт» әдісі арқылы қандай жері түсініксіз соны түртіп аламыз.
«Атай»
а) Сөздік жұмыс..
Шотын – кетпен – еңбек құралы.
Тозған - ескі.
Амангелді Иманов - қазақ халқының батыры

ә) Дәптермен жұмыс
б) Оқушыларға іштей оқу, тіз бектей оқу.

в) Өлеңді талдау.
1) Өлең неше шумақтан тұрады? 4 шумақ
2) Әр шумақ неше тармақтан тұрады? 4 тармақ

г) Суретпен жұмыс.


IV. Бекіту
1. Ойлан, жұптас, талқыла.
І – топқа - Далаға көктем келді деп бастап әңгіме құрау.
ІІ - топқа - Сурет салу.
ІІІ - топқа - Бір шумақ өлең.

2. Тікелей радиоэфир

V. Қортынды.
Тату көрші
VI. Бағалау.
Кері байланыс
Сабақ ұнады бәрін түсіндім
Сабақ ұнады бірақ біраз түсініксіз
Сабақ ұнамады ештеңе түсінбедім

VII. Үй тапсырма: Өлеңді жаттау, «Менің атам» тақырыбына әңгіме құрау.
6 419
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Әнуарбек Дүйсенбиев «Атай»
Әнуарбек Дүйсенбиев «Атай»
Балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиев туралы мәліметтер беру және «Атай» өлеңінің мазмұнын ашу.
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Автор туралы мәлімет беру, оқушыларға адамның табиғатқа жасайтын қамқорлығы жайлы әңгімелеу, отбасы мүшелерінің қарым — қатынасы, тәлімдік үлгі — өнегенің тәрбиедегі әсері жайындағы түсініктерін дамыту, жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажырата
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Автор туралы мәлімет беру, оқушыларға адамның табиғатқа жасайтын қамқорлығы жайлы әңгімелеу, отбасы мүшелерінің қарым — қатынасы, тәлімдік үлгі — өнегенің тәрбиедегі әсері жайындағы түсініктерін дамыту, жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажырата
Күншіл үйрек ертегісі
Күншіл үйрек ертегісі
Ертегінің мазмұнын, негізгі ойды меңгерту, түсініп оқу, түсінігін әңгімелеу дағдысына үйрету. Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын жетілдіру.
«Шалқан» ертегісі
«Шалқан» ертегісі
Аякөз қаласы, №4 жалпы аралас орта мектеп ішіндегі кіші кешен тәрбиешісі Абдинова Назым Даутовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×