Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


7 саны мен цифры

06 наурыз 2016, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Құтарыс ауылы,
№30 Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Даулетова Толқын Қуандыққызы

математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры
Оқушыларды 7 саны мен цифрымен таныстыру, қосу, азайтуды меңгерту.
Сабақтың дамытушылығы: Ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту
Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа және жарысу арқылы тез, дұрыс есептеуге, ұлттық үдерістерге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: аңдар, көл, ағаштар салынған суреттер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушыларды түгелдеп сабаққа әзірлеу.

ә) Психологиялық дайындық жасау.
Балалар біздің сабағымызға қонақтар келіпті.
Сабағымызды сәлемдесумен бастайық.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Баршаңызды құрметтер
Бас иеміз біз.
Балалар бүгінгі сабаққа 3 топқа бөлінеміз.
1 топ: Тапқырлар
2 топ: Ойшылар
3 топ: Алғырлар

Балалар Елбасымыздың жасыл ел бағдарламасына бүгінгі сабақты біз де ат салысып, ауылымызды көркейту үшін «Бір тал кессең, он тал ек» демекші ағаштар отырғызайық. Сендердің берген әрбір жауаптарыңды мына ағаштар арқылы бағалап отырамын. Балалар өткен сабақты еске түсіру үшін «Кімге не керек?» ойынын ойнайық.
Ойыншылардың шарты. жасырын сұрақтарға жауап беру.
1. 6 - ға дейін өсу ретімен сана.
2. 6 - дан кему ретімен сана
3. 6 - ның көршісін ата
4. 6 саны неше бірліктен тұрады.
5. 6 - ның құрамын ата.
Сергіту сәттері:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп - теріп алайық
Қалтамызға салайық
1, 2, 3
Бойға жинап күш
Жалқаулықты тастайық
Жаңа сабақ бастайық.
Балалар бізге Жұмбақ атайдан хат келіпті, ішіндегі тапсырманы орындайық.
1. Жеті қазынаны ата:
1. Ер жігіт; 2. Сұлу әйел; 3. Білім - ақыл. 4. Жүйрік ат; 5. Қыран бүркіт; 6. Берен мылтық; 7. Жүйрік тазы.
2. 7 - ге дейін санамақ айт.
1 дегенім - білім
2 дегенім - елім
3 дегенім - үкі
4 дегенім - тақия
5 дегенім - бесік
6 дегенім - асық
7 дегенім - желке
Көйлек дейді кейде
3. 7 атаны ата:
1. Ата
2. Әке
3. Бала
4. Немере
5. Шөбере
6. Шөпшек
7. Немене
Балалар енді өзіміздің 7 атамызды білеміз бе? (Өздерінің 7 атасын атау.)
Балалар тапсырманы орындау барысында қандай санды көбірек естідік? 7 санын
Ендеше балалар біздің танысатын санымыз 7 саны деп балаларды таныстырдым.
1- сурет бойынша: Құлпынайдың суреті
Ненің суреті? Құлпынайдың
Түсі қандай? қызыл
Дәмі қандай? тәтті
Көлемі бірдей ме? әр түрлі
Саны қанша? 6
Мен бір құлпынай қостым неше құлпынай болады? 7
2- Сурет бойынша: Қояндардың суреті.
Неше қоян? 6
Түстері бірдей ме? әр түрлі
Көлемі бірдей ме? бірдей
Бір қоян қостым 7 қоянның түстері арқылы 7 саны неше бірліктен тұратының айту. 1+1+1+1+1+1+1 - 7 бірліктен
Дәптермен жұмыс 7 санын жазу
Кітаппен жұмыс 6+1 - 7 7 - 1 - 6

«Жеміс жинау ойыны»
1 топ ------------------ 2 топ ----------------- 3 топ
Тапқырлар --------- Ойшылдар ---------- Алғырлар
3+4 --------------------- 4+3 -------------------- 6+1
5+2 --------------------- 5+1 -------------------- 5+2
7 - 0 -------------------- 5 - 5 ------------------- 3+3
3 - 3 --------------------- 3 - 2 ------------------ 7 - 2
2+1 -----------------------2 - 5 ------------------- 6 - 4

«Балық аулау» ойыны:
3*4 ------------- 3*2 ------------- 7*1
4*2 ------------- 1*2 ------------- 1*1
3*3 ------------- 4*4 ------------- 6*3
7*5 ------------- 5*7 ------------- 2*5
Логикалық есеп:
Маратта бар бес іні
Мұратта бар екі іні
Қоссаң бес пен екіні
Неше болды шешуі (7)

Табақта бес алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма (7)

Алма ағашта бес алма,
Қандай тәтті жесе алма
Бесеуін де жеп қойсам
Қалады онда неше алма (7)

Сабаққа қорытынды: Тест жұмысын ала отырып сабақты бекіту.
3 топтың жинаған ағаштарын отырғызып, балаларды мақтап - мадақтап сабағымызды аяқтау.
2 553
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
8 саны және цифры.
8 саны және цифры.
- Оқушыларды 8 саны және цифрымен таныстыру. - Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 цифрымен таныстыру. «Ұзын, қысқа, тар, кең» ұғымдарын және дөңгелек туралы ұғымдарын қалыптастыру.
7 саны және цифры
7 саны және цифры
7 саны және 7 цифры, 7 - нің сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру.
5 саны мен цифры
5 саны мен цифры
Оқушыларды 5 санының жазылу жолдарымен, құрамымен таныстыру. 5 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету. Қосу және азайту амалдарының мағынасын танытып, балалардың білім дағдыларын қалыптастыру. Кесінді бөліктері мен жұмыс жүргізу.
5 саны және цифры
5 саны және цифры
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Карабаева Зайтуна Маженовна
5 саны мен цифры
5 саны мен цифры
Математика Сабақтың тақырыбы. 5 саны мен цифры.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×