Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


5 саны мен цифры

06 қараша 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: 5 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды 5 санының жазылу жолдарымен, құрамымен таныстыру. 5 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету. Қосу және азайту амалдарының мағынасын танытып, балалардың білім дағдыларын қалыптастыру. Кесінді бөліктері мен жұмыс жүргізу.
2. Оқушылардың ой - өрісін, тілін логикалық ойлау қабілетін дамытып өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
3. Ойын дұрыс айта білуге, шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа, мақсатқа жете білуге баулу. Ұлттық ханталапай ойынын дәріптеп, қазақтың патриот ұлдары мен қыздары болуға тәрбиелеу. Ұлттық болмысқа баулу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: тапсырмалар орындау, санау, ойын, санамақ
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: цифрлар, суреттер, гүл күлтешелері, геометриялық фигуралар, ойыншық суреттері, асық, алма.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеп, сабаққа назарын аудару
ә) Психологиялық сәт

Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз!
Еш уайымды білмейміз.

- Балалар, қазір қандай сабақ?
- Математика сабағы
- Көңіл - күйлерің қалай?

ІІ. Ойын сабақ
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді. Сендер
«Ханталапай» ойынын білесіңдер ме? Ұлттық ойынымызды математика сабағында ойнап көрелік. Әр бір тапсырманы кім дұрыс орындаса сол асық жинайды. Ханталапайды ұтады. Асық беру арқылы марапаттап, еңбектерін бағалап отыру.
Ой шақыру
- Аптаның бесінші күні қалай аталады?
- Жұма
- Жылдың бесінші айы қандай ай?
- Мамыр.
- Ендеше, мамыр айындағы гүлді еске алайық.
- Ал балалар, мына гүлдерге көңіл аударайықшы!

Тақтада тұр қызыл гүл,
Әр беретін көңілге,
Күлтелерін ашайық
Сандарға біз қарайық.
(гүл күлтелерінен сандарды танып оқу, жазу)

5 саны мен цифры жүктеу
2 511
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Балаларға 4 санының жазылу жолдарын, құрамымен таныстыру. 0 - ден 4 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
Орал қаласы, Казталов ауданы. Балабақша тәрбиешісі Аяп Гаухар
8 саны мен цифры
8 саны мен цифры
Қызылорда облысы, Арал қаласы, «Жазира» балабақшасының І санатты тәрбиешісі Бәшенова Зәуреш
5 саны және цифры
5 саны және цифры
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Карабаева Зайтуна Маженовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×