Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Буын. Не деу керек?

14 сәуір 2020, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Буын. Не деу керек? 58 - 59 жаттығу
Сабақтың мақсаты:
1) Буын туралы түсінік беру
Өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын ашу
Сөздерді қатесіз жазуға үйрету
2) Үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, сыпайы, кішіпейіл болуға тәрбиелеу. Ұжымда бір - бірін тыңдау, көмектесе білуге тәрбиелеу
3) Оқушылардың есте сақтау қабілетін, өз бетімен жұмыс жасау, танымдық, тапқырлық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайд, мақал - мәтелдер, компьютер, сюжетті суреттер, ойындар.
Сабақтың әдісі: мақсатты, шығармашылық

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Аружан “Ана тілі” пәні екенін айтып өтеді. Шеңбер құрып, топқа бөлемін. Топ ережесін түсіндіріп өтемін
Топ аттары: ата, әке, бала тобы

ІІ. Үй жұмысын тексеру:
“Көрші атам” өлеңді жатқа айту
“Жұбын тап” ойыны: а - ә, о - ө, ы - і, ұ - ү

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:
Сабақтың мақсатын хабарлау

ІҮ. Жан - жақты білімдерін тексеру
“Өрмекшінің торы” ойыны ойналады
Өтілген материалға байланысты сұрақтар қойылады:
1. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ата.
2. Мал атасын ата.
3. Төлді қалай шақырады?
4. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер.
5. Лақ, қозы, бұзау, боз бие туралы өлеңдерді жатқа айту.
6. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.

Жұмбақ шешу
1. Суда өмір сүреді
Судан шықса өледі (балық)
2. Кейде дауысты, кейде дауыссыз
Ол қай дыбыс? (у)
3. Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді
Бәрінің атын не дейді? (ыдыс)
4. Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы
Қайсы әріптен басталып
Аяқталған қарашы (нан)
Сонымен қандай сөз шықты? Буын

Ү. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Буын
Тақтамен жұмыс:
Ақпанның жиырма төрті
Сынып жұмысы
Көркем жазу
Ғ ғ
Топқа тапсырма
58 - жаттығу
1 топқа тапсырма:
Сөздерді буынға бөліп оқыңдар
2 топқа тапсырма:
Әр сөздегі дауысты дыбыстарды атаңдар
3 топқа тапсырма:
Буын санын анықтаңдар
а - па (2 буын), ә - же(2 буын), кө - ке(2 буын), ше - ше(2 буын), на - ға - шы(3 буын)
Сөздерді буынға қалай бөлдіңдер?
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады: от, а - та, ме - ре - ке, бей - біт - ші - лік

Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс:
Орындары ауыстырылып берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру
Соқты, самал, жел. Гүл, жинады, Маржан.
Топқа тапсырма: 59 жаттығу
1. Мақал - мәтелдерді оқыңдар
2. Әр сөзде неше дауысты, неше буын барын айту
3. Мақал - мәтелдердің мағынасын түсіндіру
Топқа тапсырма
3 топқа қима суреттер беріледі. Сол қима суреттерден сюжетті сурет шығады.
Үлкенді сыйлау, үлкенге орын беру, атаның ақылы
Сурет бойынша оқушылардан жауап алынады, сөйлем құрастырады.
- Балалар, осы құрастырған сөйлемдеріңе байланысты келесі өлең:
- Не деу керек? деп аталады.
Бұл өлеңнің авторы Әнуарбек Дүйсенбиев (1931 - 1979)
Ә. Дүйсенбиев 25 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында туған. Ұзақ жылдар «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. Балаларға арнап көптеген өлеңдер жазған, соның бірі «Не деу керек»өлеңі.
Мұғалімнің өлеңді оқып беруі
Оқушылардың тізбектеп оқуы
Өлеңдегі сауалдарға жауап береді.
Бұдан басқа қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?
Рахмет, кешіріңіз, рұқсат па

ҮІ. Өткен материалды бекіту
3 топқа тапсырма беріледі
1 топ: бір буынды сөздерді жаз
2 топ: екі буынды сөздерді жаз
3 топ: үш буынды сөздерді жаз

ҮІІ. Сабақты қорытындылау
Балалар, бүгінгі сабақта не үйрендік? Буын туралы не білдік? Сөздерді буынға қалай бөлеміз?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: мақалдарды жаттау. «Не деу керек?» өлеңін оқу.
Бағалау.

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті,
№7 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі
Сүюндікова Жанат Бекқожақызы

Слайдын жүктеу
29 460
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Қазақ тілі № 1. Тақырыбы: Сөйлем және сөз № 2 Тақырыбы: Дыбыс және әріп (5 - 9 жаттығулар) № 3 Тақырыбы: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. 10 - 14 жаттығу. № 4. Тақырыбы: Буын және тасымал. 14 - 18 жаттығулар
Менің атам мен әжем
Менің атам мен әжем
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды және буын түрлерін ажырата білуге үйрету.
Буын түрлері
Буын түрлері
Маңғыстау обылысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуанова Ләззат Боранбайқызы
Тымақ
Тымақ
Манғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алдабергенова Жаннат Алдабергеновна
Не деу керек? Буын
Не деу керек? Буын
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна
Буын түрлері
Буын түрлері
Ақтөбе қаласы, №26 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асқарова Гүлмира Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×