Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұхтар аты – мақтаныш

27 желтоқсан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы,
М.О.Әуезов атындағы №6жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Карлибаева Б.У.

3 сынып
Тақырыбы: «Мұхтар аты – мақтаныш»
Мақсаты: М.О. Әуезовтің қысқаша өмірі және әңгімелерімен таныстыру.
Дана жазушының ұлылығын, кемеңгерлігін дәріптеу. Оқушыларды өз елін, туған жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Тәрбиелігі: Балалардың ой – өрісін, дүние танымын кеңейту. Көркем әдебиетке құштарлығын арттыру.
Көрнекілігі: М.О. Әуезов суреттер, нақыл сөз, кітап бейнесі.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. М.О. Әуезовтің қысқаша өмірбаяны.
3. Әдеби сазды монтаж.
4. Қорытынды.

– Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын хормен оқиық. «Мұхтар аты – мақтаныш»
Ал енді, балалар, өздерің Мұхтар ата туралы не білесіңдер?
М. Әуезов – жазушы. Ол көптеген кітаптар жазған.
М.О. Әуезов Абай ата жайлы кітап жазған. «Абай жолы» романының авторы.
Биыл М.О. Әуезовтің туғанына 115 жыл толады.
Ол кісі 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылында туған. Оның әкесі Омархан да атасы Әуез де арабша оқыған сауатты, ауқатты адамдар болған.

Мұхтарды жасынан ауыл мектебіне беріп, оның білім алуына ерекше көмектескен. Атасы Әуез Абаймен құрбы, дос екен. Оның үстіне ауылы аралас, қойы қоралас, кіші – қонысы бір, көрші болыпты. Атасының айтқанымен бала Мұхтар жасынан Абай өлеңдерін оқып, бойына тоқи өседі.
Ауылда «Ақ сүйекті» ала қашатын бала болған. 1908 жылы Семейдегі орыс мектебіне оқуға түседі. Мұғалімдер дайындайтын оқуды үздік бітіріп, мұғалім болып шығады. 20 жасында «Еңлік – кебек» трагедиясын, «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Көксерек», «Қараш-қараш оқиғасы» т.б. көптеген әңгімелері бар. Ең үлкен туындысы «Абай жолы» романы.

II Әдеби сазды монтаж.
1-ші оқушы: Даңқы кеткен шығындап,
Дархан ойлы кемеңгер.
Елу жыл өтсе де,
Өлді деуге сенер ме ел!

2-ші оқушы: Мұнарадай қаланған,
Мұралары – ырыс, құт.
Көзіндей боп атаның,
Көрінеді тым ыстық.

3-ші оқушы: Оқимыз да оны біз,
Ойға аламыз асылды.
Өшпейтін із қалдырып,
Өкшелеген ғасырды.

4-ші оқушы: Жарып шыққан күмбені,
Зерделі ойдың зергері.
Мұхтар ата бақытты,
Ескірмейтін сөздері.

5-ші оқушы: Кездерінде қолы бір сәт босаған,
Қиял ғана жан серігі дос оған.
Талай – талай туындыны әкелген,
Дүниеде терең ойлы осы адам.

6-шы оқушы: Кітаптан бейнеңізді күнде көріп,
Мақтанып, міне, біздің ата дедік.
Жазушы, сыншы, ғалым, драматург,
Болдыңыз, профессор, академик.

7-ші оқушы: Той бүгін жүз он бес жасқа толғаныңыз,
Жақсы еді ортамызда болғаныңыз.
Ажал да сізді жеңдім дей алмайды,
Көрінер өзіңіз боп томдарыңыз.

8-ші оқушы: Жеткен жоқ білімің мен жасың әлі,
Деп бізден томды үлкендер жасырады.
Біздердей жас жеткіншек ұрпағыңыз,
Тез өсіп, сізді оқуға асығады.

9-шы оқушы: Әркімнің ақыл қосқан санасына,
Ел риза өзіңіздей данасына.
Халыққа сізше еңбек етсек дейміз,
Барғанда қоғамның әр саласына.
Хор: «Желсіз түнде жарық ай»

Қорытынды: 1. М. Әуезов кім?
2. Мұхтар ата нешеде?
3. Мұхтардың атасының аты кім?
4. Жазушы кім туралы үлкен кітап жазды?
5. «Абай жолы» романы неше томнан тұрады?
6. «Көксерек» фильміндегі басты кейіпкер ата?
6 275
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай
Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай
Дана жазушының ұлылығын, кемеңгерлігін дәріптеу, өз елін, туған жерінің табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Жетім Мұхтар Әуезов
Жетім Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезовтің өмірімен таныстыру, «Жетім» әңгімесін оқыту, түсінік беру;
Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі»
Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі»
Қазақ халқының мәдени ерекшелігін әлемге «Абай жолы» романы арқылы танытқан жазушы шығармасымен таныса отырып, оқушылардың дүниетанымын, ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.
«Жас Мұхтар» әңгімесі
«Жас Мұхтар» әңгімесі
Қызылорда облысы, Кармакшы ауданы, Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Бекпанова Гулзира
Ахмет Әуезов Жас Мұхтар
Ахмет Әуезов Жас Мұхтар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Т.Рысқұлов ауданы, М.Жәрімбетов ауылы, "Алғабас" жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаримбетова Алуа Шалбаевна Сабақтың тақырыбы: Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жазушы Мұхтар Әуезовтің
Боран
Боран
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті, №17 Ғани Мұратбаев атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ділекеш Сәуле Жеткергенқызы Сабақтың тақырыбы: «Боран» М. Әуезов Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Боран» әңгімесінің мақсатын түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×