Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсарин «Өзен»

07 сәуір 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Нілді ауылы,
Сәкен жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Тоимбек Фарида Жанболатқызы

3 сынып
Тақырып: Ыбырай Алтынсарин. «Өзен»
Мақсаты: - Ы. Алтынсарин шығармаларын еске түсіру, «Өзен» өлеңімен таныстыру, білімдерін бекіту.
- Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, талдау, суреттеу, өз ойын айту дағдыларын дамыту.
- Табиғатты сүю, қорғау, оның адам өмірі үшін маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дүниетану мен ана тілі пәндерінің кіріктірілген сабағы. Топпен жұмыс.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпты сүйікті түстер арқылы топқа бөлу.
- Сабақты Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен бастайық!
Өлеңдегі негізгі ойды атаңдар: Ол - оқу, білім, бәрі де еңбекпен табылатыны.
- Ендеше бүгін сабақта біз көп еңбектеніп, жақсы нәтижеге жетуіміз керек.

ІІ Жаңа тақырыпқа кіріспе:
Слайд: «Табиғат – менің өз үйім».
Неге табиғатты біз өз үйіміз деп атаймыз?
Табиғаттан адам не алады?
Әр топ өз ойларын постерге салады, қорғайды.
Ендеше біз бүгін сендермен табиғаттың маңызды бір бөлігі табиғи су туралы сөз қозғаймыз.
Балалар! Табиғатта су қалай таралады? Қандай түрде бізге кездеседі?
Өзен, көл, бұлақ, теңіз, мұхит, жер асты сулары.
(кестемен тексеру).

Энциклопедиямен жұмыс;
«Жер бетіндегі судың таралуы»
Өздерің іздеп жауабын жазыңдар: (үлестірмелер толтыру)

ІІІ Жаңа тақырып:
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі.
- Алдымен өлеңді оқымас бұрын біз Ыбырай атамыз туралы не білетінімізді еске түсірейік.

Ыбырай Алтынсарин кім?
Жауаптарын постерге салдырту.

- Ы. Алтынсариннің шығармаларымен сендер жақсы таныссыңдар. Мына берілген үзінділер Ыбырай атамыздың қай шығармасынан алынғанын айтыңдар: (Интербелсенді тақтада)
1. Бұл ертегіде кейіпкерлер жақсылыққа жақсылық бар екенін дәлелдемекші болды. («Баланың айласы»)
2. Аз істен қашсаң, көп іске тап боларсың. («Әке мен бала»)
3. «Ей, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!» («Таза бұлақ»)
4. Әкеге қарап, ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер. («Асан мен Үсен»)
5. Жер бетінде жанды, жансыз заттардың ештеңеге жарамсызы болмайды. Бәрі де іске асады.
(«Бір уыс мақта»)
6. Сыртының әдемілігіне қызықпа, іші әдемі болсын. («Алтын шеттеуік»)
7. Айшылық алыс жерлерден
Көзді ашып - жұмғанша
Жылдам хабар алғызды. («Өнер, білім бар жұрттар»)
8. Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған. («Кел, балалар, оқылық»)

ІҮ Енді Ыбырай атамыздың «Өзен» атты өлеңін оқиық.
Мен өлеңді оқимын, ал сендер ілесіп іштей оқып, түсініксіз сөздер кездессе, қарындашпен астын сызып қойыңдар.
А) Өлеңді мәнерлеп оқу.
ә) Әр шумақты жекелеп талдау.
І шумақтағы « Арқыраған, сарқыраған, жарқыраған» сөздерін қалай түсінесің? Өзен неге солай ағады деп ойлайсыңдар?
Жауабын бірінші шумақтан іздеңдер. (Таудан ағатын өзен)

Ү Сергіту сәті.

ҮІ Сөздік жұмысы:
Мақсаты: түсініксіз сөздердің мағынасын, ашу, қолдана білуге үйрету.
Қынарда - жағада
Жанабында - маңайында

ІІ шумақтағы қынарда сөзінің орнына жағада жеген сөзді қойып оқып көріңдер.
ІІІ шумақтағы жанабында деген сөз орнына маңайында деген сөзді қойып, оқып көріңдер.

ҮІІ Өлеңді оқушыларға шумақтап оқыту.

- Балалар! Осы өлеңдегі өзен таудан ағып жатқанын айттық. Ал енді өзіміздің тұрған жерімізде қандай өзен бар? Әрине, Ертіс өзені.
Павлодар өңірінің ақыны М. Жаманбалиновтың «Ертіс» өлеңінен үзінді оқу.
Ертісім ағар жайланып,
Тұрады кейде лайланып,
Бір ішсе суын жан - жануар
Келеді қайта айналып.

Өлеңді оқып, сипаттай отыра, оқулықтағы өзеннен айырмашылығы мен ұқсастығын айтыңдар. (Талдау)

«Ертіс» өзені туралы не білеміз?
- Енді Ертіс өзені туралы не білеміз? Шағын эссе жазайық. (2 - 3минуттық)

Соңынан интербелсенді тақтада мәлімет беру.
1. Қытайдан «Қара Ертіс» деп бастау алады.
2. Қазақстанда Зайсан көліне келіп құяды.
3. Жалпы ұзындығы - 4284 км
4. Қазақстан бойындағы ұзындығы – 1700 км
5. Ресейдің Обь өзеніне қосылады.
6. Солтүстік Мұзды Мұхитқа барып құяды.
7. Аңдары – 15 түрлі
8. Құстары - 174 түрлі
9. Балықтары – 16 түрлі
10. Өзен бойындағы ҚР қалалары: Өскемен, Семей, Павлодар

Қазақ «Сулы жер – нулы жер» деп тегін айтпаған. Өзендер бойында қалың орман, шабындықтар өсіп, жан – жануарлар, балықтар мен құстардың көптеген түрлері мекендейді.

ҮІІІ Қорытынды: Әр топқа постер жасау тапсырмасы беріледі.
1 - топ: судың адам өміріндегі маңызы, 2 - топ судан келетін қауіпті жазады.
ІХ Қосымша:
22 - наурыз - Бүкіл әлемдік суды қорғау күні

Проблемалық сұрақ:
Суды неліктен қорғауымыз керек? Өз ойыңды білдір. Жалпы талдау.
Х Үйге тапсырма:
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Қазақстан өзендерінің аттарын дәптерге жазып келу.
3. Жазғы өзеннің суретін салу.

ХІ Бағалау. Топ басшысы әр оқушыға баға береді. Соңынан мұғалім қорытынды бағаны қояды.
3 800
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ы. Алтынсарин «Өзен»
Ы. Алтынсарин «Өзен»
Өзен өлеңі арқылы табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Өлең жолдарын мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай ағартушылық қызметінің, шығармаларының қыр - сырларын меңгертіп, мазмұнына, тереңдей бойлату, өлеңдеріне жан - жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу.
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бисембаева Күнсұлу Ерсайынқызы
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Б. Нысанбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі: Мәшімбай Күнзипа
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Жалғабаева Жанар "Атамекен орта мектебі мұғалімі
«Өзен» Ыбырай Алтынсарин
«Өзен» Ыбырай Алтынсарин
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №18 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ногаева Жанарай Қонарбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×