Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бөлу амалының мән-мағынасын ашатын есептер

23 қаңтар 2020, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика: 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Бөлу амалының мән - мағынасын ашатын есептер
Сабақтың мақсаты: жаңа математикалық есептер түрімен таныстыру, бөлу амалының нақты мән - мағынасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Сабақтың міндеті: өтілген тәсілдерді қолдану жолдарын меңгереді;
есептер құрастыруға үйренеді;
өз пікірін ашық айтады;
ойларын салыстырады
Күтілетін нәтиже: Тақырып ұғымын аша біледі, түсінеді және есеп шығаруда пайдаланады.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: жетелеу сұрақтары, семантикалық карта, ой қозғау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, бағалау парақшалары,
Модульдері: СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері),
Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), топтық (ТБ), кері байланыс.

Деректер: тақта, стикерлер, бағалау парақтары.
Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Көңіл - күйді анықтау. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Топқа бөлу «Жүректен - жүрекке» атты психологиялық дайындықтан бастау.
«Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,
Білімнің шыңына біз шарықтаймыз!»
Бұл бөлімде балалар бір - біріне жақсы сөз, жылы тілектерін арнайды. Таңдаған таңбалар бойынша өзінің қай топ екенін анықтайды.
Үй тапсырмасы қорытылады.«Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақ - жауап ұйымдастырылады. «Сен маған, мен саған» әдісі бойынша. «Келісемін, келіспеймін» сөздерін пайдаланады.

1 - тапсырма Жұптық жұмыс
Оқушылар жұптасып жұмыс жасайды.
Кестені толтырады.

2 - тапсырма Сурет бойынша шығарылатын есептер. Жеке жұмыс.
Ш: 2 қорапта - 12м
1 қорапта -? моншақ
Ш: 12: 2=6
Ж: 1 қорапта 6 моншақтан салынады

3 - тапсырма Есептерге өрнек құрастыр және жаз. Топтық жұмыс
«Қар лақтыру»әдісі.
Әр топқа есептін шарты беріледі. Сол топ өрнек құрастырады да, топтарға алмастырып лақтырады, әр топтар келген өрнек мәндерін ақылдасып табады.
8: 2=4
20: 5=4
30: 6=5
«Тосып ал» әдісі
Доп лақтыру арқылы көбейту кестесін сұрау.

5 - тапсырма. Есептің шартын құру
Ш: Қатысты - 86а
Домбыра тартты - 9а
Ән айтты – 47а
С: Биледі неше адам?
Ш: 86 - 9 = 77
77 - 47 = 30
Ж: 30 адам биледі.

Сергіту сәті. «Он саусақ»

6 - тапсырма. Есептемей салыстыру. Оқулықтағы есептерді «Кім жылдам» ойыны арқылы шығару.
Үйге тапсырма:
Қорытындылау: «Сөздер банкасы» әдісі бойынша Біреуінде сөздер жазылған, екіншісі бос. Екінші бос қорапшаға бүгінгі сабақта кездескен есептерді теріп алу.
Семантикалық картамен жұмыс.
Бұл тапсырманың өзгешелігі өрнектердің дұрыс шешімін тапсаң, сол шешуінің астындағы сөзді тақтаға ілу. Сонда оқу, білімге байланысты нақыл шығады.
Білім – мұрат, Білмеу – ұят.
Білім арқылы мұратқа жетеді екенбіз.
Біз біліміміз арқылы көп жетістікке жеттік.
181 - беттегі 4 - тапсырманы орындау.

Бағалау: Бағалау шкаласы бойынша ұпай сандарын санап, бағалайды.
Бағалау парақшасы
Бағалау шкаласы: 10 – 8 ұпай - “5”
7 - 5 ұпай - “4”
4 – 3 ұпай - “3”

Рефлексия 2мин Кері байланыс. «Білім жемісі»
Сабақтан алған жағымды әсерің.

Бастауыш сынып мұғалімі: Туғанбаева Гүлфайруз Досболатқызы
16 224
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Оқушыларға қозғалысқа арналған есептер және сол есептерге кері есептер шығару жолдарын меңгерту. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шешуді үйрету. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу мен азайту ұғымын біледі, түснеді және есеп шығаруда пайдалана отырып топпен жұмыс істеуге дағдыланады
Квадрат түбір
Квадрат түбір
Квадрат түбір арқылы қалыптасқан түсініктерін қолданып есептер шығаруға үйренеді Өткен тақырыптарды қайталау арқылы оның маңыздылығын түсіне отырып, білімін, ой - өрісін дамытуға дағдыланады
Рационал сандарды бөлу
Рационал сандарды бөлу
Бөлу амалы мен көбейту амалының байланысты екенін еске түсіріп, рационал сандарды бөлуді біледі. Таңбалары әртүрлі рационал сандардың бөліндісі мен екі теріс сандардың бөліндісін табу жолдарын түсінеді. Мысалдар келтіреді. Таңбалар ережесін
Көбейту және бөлу амалдары
Көбейту және бөлу амалдары
Көбейту және бөлу амалдары туралы, осы амалдардың мәнін ашатын есептер туралы білімдерін жинақтау және жүйелендіру
Кестелік көбейту және бөлу
Кестелік көбейту және бөлу
Көбейту және бөлудің кестелік жағдайы және қалдықпен бөлу туралы білімдерін кеңейту. Өз ойларын толық айтуға жан-жақты толық мағлұмат алу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×