Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасылық сайыс «Өнерлінің өрісі кең»

25 сәуір 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауыш сынып мұғалімі: Ерғазиева Ә. А.

Отбасылық сайыс «Өнерлінің өрісі кең»
Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Түрі: Ата - аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ - бірлік туралы мақал - мәтелдер, әр отбасына арналған слайд - шоу

Барысы:
Жүргізуші:
Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Өнерлінің өрісі кең» атты сайыс өткелі отыр. Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық..

Сайыс кезеңдерімен таныстыру
1. Таныстыру
2. Өнер сайысы
3. Шебердің қолы алтын(ұлттық қол өнер бұйымдары) үй тапсырмасы
4. Көңілді аспаздар
5. Ситуациялық сұрақтар

Жүргізуші: Келді міне бүгін сынауға
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортада
Берер деп әділқазы әділ баға, - деп әділ қазыларды таныстырып өту.

І кезең
Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға
Қызып келген қырандай керілтеді
Әдеппенен ізетпен танысуға
Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді

ІІ кезең
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында - демекші ата - ана мен бала арасындағы өз өнерлерін тамашалайық.
Әрбір отбасы өз өнерлерін көрсетеді

ІІІ кезең
Ана - бала, бала - ана бір ұғым
Бір - бірінсіз жоқ олардың бақыты
Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын
Екеуінің өтсін бірге уақыты - дей келе сайысымыздың келесі кезегінде Қол өнер

ІV кезең
Ана деген тіршіліктің иесін
Сыйлайтынын адал бала білесің
Өмір балын тамызар да ерніңе
Шымырлатып еріткен бар жүйесін
Кірпігімнің әр қағысын санаған
Көз аудармай күндіз түні қараған
Айналамда жүргендердің бірінен
Бар ма анамдай тірлігіме жараған .- дей келе келесі кезекті аналар сайысына береміз. Сайыс «Көңілді аспаздар» деп аталады.
Аналарымыз ас мәзірін дайын қыламын дегенше мектебіміздің әнші қызы әртүрлі сайыстардың жеңімпазы мен лауреаты әсем әнін қабыл алыңыздар.

V кезең
Шебер болсақ, тіл байып,
Шешендіктер бір ғайып.
Білімізбенен шыңдалып
Кәне ортаға салайық - деп кезекті отбасыларымыздың мақал - мәтел айту, яғни оны жалғастыру сайысына кезек берейік.

1. Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер.)
2. Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болса, кішіден сұра)
3. Әдептілік белгісі (Иіліп сәлем бергені)
4. Оқу - білім бұлағы (Білім - өмір шырағы)
5. Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)
6. Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)
7. Қарағайға қарап тал өсер (Қатарына қарап бала өсер)
8. Досы көпті жау алмайды (Ақылы көпті дау алмайды)
9. Тіліңмен жүгірме (Біліміңмен жүгір)

1 - ұяшық:
1Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер)
2 Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болса, кісіден сұра)
3 Әдептілік белгісі (Иіліп сәлем бергені)
4 «Ана – балаға жастық, әке көрпе» Мақалдың мәнін ашу.

2 - ұяшық:
1Оқу – білім бұлағы (Білім өмір шырағы)
2 Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)
3Қарағайға қарап тал өсер(Қатарына қарап бала өсер)
4 «Тұлпар тайдан өседі» Мақалдың мәнін ашу

3 - ұяшық
1Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)
2Досы көпті жау алмайды (Ақылы көпті дау алмайды)
3 Тіліңмен жүгірме (Біліміңмен жүгір)
4 «Бала обасының айнасы» Мақалдың мәнін аш

4 - ұяшық
1. Ағасы бардың жағасы бар, (Інісі бардың тынысы бар)
2. Ағаның үиі (ақ - жайлау)
3. Білім басы – бейнет, ( соңы - зейнет)
4. Қартың болса, жазып қойған хатпен тең. Мақалдың мәнін ашу.

5 - ұяшық
1. Қызым, саған айтам, (Келнім, сен тыңда)
2. Сөз тапқанға (қолқа жоқ)
3. Отансыз адам (ормансыз бұлбұл)
4. Өз балаңды өскенше бағасың,
Тыңдаңыздар халайық!
Босқа қарап тұрмайық
Кезегі енді сайыстың

Сұрақ жауап табайық!
- сайысымыздың бесінші бөлімі бойынша жағдаяттар сұраққа жауап беру.
1. Балаңыз теле-арнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?
2. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?
3. Мектептен келген балаңыз. «Мен ертең мектепке бармаймын, апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
4. Сіз тәрбиешісіз. Сіздің топта біреудің жалғыз баласы бар. Ол бала өте тынышсыз, тәрбие беруге көнбейді. Ұрыссыңыз ата - анасы ренжиді, ұрыспасаңыз бала өте тәртіпсіз, сіз қандай шара қолданасыз?

Сұрақтар.
1. Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарың нені жатқызар едіңіз?
2. Бала шыр етіп дүниеге келгенде жасалатын салт - жораның түрі қандай?
3. Бала тәрбиесі қай жастан бастап қолға алған дұрыс?
Ән
Қорытынды Әділ - қазыларға сөз беру
3 767
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сценарий: Бақытты отбасы
Сценарий: Бақытты отбасы
Ата - аналар мен сайысқа қатыстыра отырып баланың ата - ана өміріндегі маңызын, ата - аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау.
Алтын – ұя, алтын - күз
Алтын – ұя, алтын - күз
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №1 «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі: С. Жолдыбаева
Кім жүйрік? (ҰКТ – дағы отбасылық сайыс сабақ)
Кім жүйрік? (ҰКТ – дағы отбасылық сайыс сабақ)
Сабақтың мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отрып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би қол өнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау.
«Кім жүйрік?» (ҰКТ – дағы отбасылық сайыс сабақ)
«Кім жүйрік?» (ҰКТ – дағы отбасылық сайыс сабақ)
Сабақтың тақырыбы: «Кім жүйрік?» Сабақтың мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би қол өнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау.
Ынтымақты отбасы (отбасылық сайыс)
Ынтымақты отбасы (отбасылық сайыс)
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені №215 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серімбетова Салтанат Темірханқызы
Ынтымақты отбасы
Ынтымақты отбасы
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасы Мүберекова Шынар Тыныштыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×