Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдіктер өсетін орта жағдайларының алуан түрлілігі

28 сәуір 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 3 сынып
Тақырып: Өсімдіктер өсетін орта жағдайларының алуан түрлілігі
Сабақ мақсаты: Оқушыларды өсімдіктер өсетін орта жағдайларының алуан түрлілігімен таныстыру. Өз ойларын айтуға баса назар аудару
Негізгі ойын тұжырымдауға дағдыландыру
Сабақтың түр: аралас сабақ

Сабақ барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды топқа бөлу.(Сыныпта Ауа, су, жарық, жылу, қорек деп жазылып әр жерге ілінген. Оқушылар өздері ұнатқан сөздің қасына барып тұрады)
- Балалар, өздерің сыныптағы қыстырылған сөздерге назар аударыңдар да, қай сөз жүректеріңе жақын сол сөздің қасына барып тұрасыңдар да, сол туралы бірінші жақтың көпше түрінде сөйлейсіңдер. Мақалмен, өлеңмен де айтуға болады.
- Мен сендерге фигуралар бөліп беремін, сол арқылы 5 топқа бөлінейік арқылы топқа бөлініп отырайық.(парталарға сөздер жазылған)
Критерийлерді құрып алу.

II.Өткенді еске түсіру.
- Балалар, «Табиғат - Ана» Сен білесің бе? деген айдармен сендерге хат жіберіпті. Сол хаттарды қазір сендерге таратып беремін. Жұптарыңмен талдап, жауап беріп көріңдер. (оқушылар жұппен талқылап, жауап береді)

Сұрақтар:
1. Неге өсімдіктерді тірі ағза дейміз?
3. Өсімдіктер қандай жерлерде тіршілік етеді?
2. Біздің елімізде өсімдіктердің түрі қанша?
4. Шөптердің басқа өсімдіктердің айырмашылығы?
5. Бұталардың айырмашылығы
6. Ағаштардың айырмашылығы
7. Ең үлкен шөптесін өсімдік(бамбук)
8. Әлемдегі ең биік ағаш(эвкалипт)
9. Кәмпит ағашы болады ма?
10. Кітап пен дәптер неден жасалады?(ағаштан)
- Балалар, керемет! Кәнеки бір - бірімізді бағалап жіберейікші (Бас бармақ)

III. Қазір топпен жұмыс жасап, өткендерді еске түсірейік.
1 - топ: Топырақты қорғау.(сахналық қойылым)
2 - топ: Өсімдік (топтастыру)
3 - топ: Өсімдік сөзіне «Бес жолды өлең»шығару
4 - топ: Пантамима (балаларға конверт беремін соның ішінде қайсысын көрсеткісі келеді, соны көрсетеді) «Екі жұлдыз, бір тілек»
5 - топ: Өсімдіктердің бөліктері(постер)

IV. «Тауып көр»
Қорапқа өсімдіктің гербариін саламын
- Мына қораптағы зат бізге қамқор болады, әдемілік, таза ауа мен қуаныш сыйлайды. Бұны біз дүниетану сабағында қолдана аламыз.
(егер таппаса, кептірілген деп айтамын)(әрқайсысына үлестіріп беру)
Қолдарыңдағы өсімдіктер бір - біріне ұқсай ма?

- Өте жақсы. Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Өсімдіктер өсетін орта жағдайларының алуан түрлілігі» (интерактивті тақта)
- Өсімдік дегенді білеміз.
- Ал орта жағдайлары дегеніміз не?
- Алуан түрлі деген ше?
- Сонда біз бүгін нені талдап, нені біліп шығамыз?
- Тақтадағы керемет суреттерге назар аударайық.

V. Жаңа сабақ.
- Енді жаңа сабақты талдауға кірісейік.
Менің қасыма келіңдер Оларға екі өсімдікті көрсету. Біреуі қурап қалған, екіншісі гүлдеп тұрған.
- Өсімдік қандай жағдайға душар болған?
- Не істеу керек?
- Қоректі қайдан алады?
- Суды ше?
- Жарық пен жылуды қайдан аламыз?
- Ауаны ше?(балалар әр қайсысына тоқталып, айтып шығады)
- Бұл өсімдік қайда өсетін өсімдік?
- Қалай ойлайсыңдар өсімдіктер тағы қандай жерлерде өседі?
- Неге ондай жерде өседі?
Енді балалар сендер ақырын ғана есіктің сыртына шығыңдар да мен кіріңдер дегенде қайтадан кіресіңдер.(олар кіріп шашылып жатқан кәмпиттерді теріп алады да, орындарына отырады )
Сырты ақ кәмпит - ауа
Сырты көк кәмпит - су
Сырты - сары жылу, жарық
Сырты қара - улы зат
Қолымыздағы кәмпиттерді санайық
Ақ кәмпит - 3, көк кәмпит - 4, сары кәмпит - 5, қара кәмпит - 8
Ақ кәмпит 3
Көк кәмпит 4
Сары кәмпит 5
Қара кәмпит 8

Осы кестеден қандай қорытынды шығаруға болады?
Кәнеки, көңіл күйімізді көрсетіп жіберейікші
Енді орындарыңа отыра қалыңдар да дәптерді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазайық.

VI. Дәптермен жұмыс. Тақтадағын жазу.

VII. Ойын: «Егер де..... не болар еді?»
Жаңа сабақты өздерің аштыңдар. Өте тамаша! Енді оқулықты ашып көз жібертіп көрейік. Топпен талдап көріңдер.

VIII. Электронды оқулықтан тыңдау

IX. Қорытынды.
Енді алған білімімізді тест арқылы бекітейік. Бір - бірін тексереді.

- Балалар, бүгінгі сабаққа байланысты маған қояр сұрақтарың бар ма?

Ал, кәнеки өздерімізді бағалап көрейік. Әр қайсысын тұрғызып бағалау
Ендеше қолымыздағы стикерге ойларыңды жазып тақтаға қыстыруларыңа болады.
Үйге: 116 - 118 бет. Суретке қарап мөлтек әңгіме жазып келу. 10сұраққа тест құрастырып келу
4 600
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер
Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер
Өсімдіктердің түрлері жайлы тақырыпты түсіндіру, өсімдіктер тіршілігі туралы мәліметтер беру; Оқушылардың сөздік қорын молайтып, дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілетін дамыту;
Өсімдіктер тіршілігі слайд
Өсімдіктер тіршілігі слайд
Өсімдіктер тіршілігі Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек (слайд)
Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)
Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қартбаева Ақсырға
Табиғат және біз
Табиғат және біз
Сапина Замарад Койшигалиевна биология пәні мұғалімі Тихонов негізгі жалпы білім беретін мектебі Бөрлі ауданы, БҚО
Жарық сүйгіш, жылу сүйгіш, суыққа төзімді өсімдіктер
Жарық сүйгіш, жылу сүйгіш, суыққа төзімді өсімдіктер
Ыстық жерде, жылуы мол жерде өсетін өсімдіктер бар. Олардың тұқымы тек сәуір айында егіледі. Ерте ексе салқынға шыдамай үсіп кетеді. Ол өсімдіктер негізінен еліміздің оңтүстігінде өсіріледі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×