Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат және біз

10 мам 2013, Жұма
Категориясы: Биология
Шараның тақырыбы: «Табиғат және біз»

Мақсаты:
Спорттық ойындар арқылы оқушылардың білімдерін тексеру.
Оқушыларды жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды 2 топқа бөліп, топқа ат тағайындау. Әр топта 3 оқушыдан тұрады.
ІІ. Шараның жоспары:
1. Жүгіру «Кім бірінші»
2. Ой жаттығуы
3. Жанкүйерлер сайысы «Ауылымызда өсетін өсімдіктер»
4. Эстафета «Тыныш жүрсең, алысқа барасың»
5. Мақсатқа жет «Мерген ойыншы»
6. Қандай көкөніс бар?
7. Қорытынды

Барысы:
1. Жүгіру«Кім бірінші». Жіппен жүгіру, қай топ бірінші келеді. Ойынды сол топ бастайды.
2. «Ой жаттығуы». Жүргізуші әр топқа сұрақ қояды. Әр дұрыс жауап берген оқушы 2 қадам алға жылжып отырады.
І топ сұрақтары:
1. Қақталған жүзім? (мейіз)
2. Өсімдікке түс беретін зат? (хлорофилл)
3. Ненің арқасында өсімдіктер биіктейді? (күн сәулесінің)
4. Тірі табиғатты зерттейтін ғылым? (биология)

ІІ топ сұрақтары:
1. Басын төмен қаратып ұйықтайтын жәндік? (жарқанат)
2. Қақталған абрикос. (урюк, куряга)
3. Қыста аңшы қандай түсті киім киеді? (ақ)
4. Өсімдікті зерттейтін ғылым ( ботаника)

3. Жанкүйерлер сайысы «Ауылымызда өсетін өсімдіктер»
Біздің ауылда өсетін өсімдік аталса, қол шапалақтайсыздар, ал өспесе аяқтарыңды тарсылдатасыңдар.
- қызылша, қайың, кактус, сарымсақ, мимоза, шырша, банан, кофе, лапух, ананас, пияз, бидай, лимон, қияр, секвоя, баобаб, мақта, бақбақ, жолжелкен. Жақсы, балалар, біраз сергіп қалған шығарсыңдар, ойынымызды ары қарай жалғастырайық.

4. Эстафета «Тыныш жүрсең, алысқа барасың»
Орындық астында биологиялық терминдер таблица түрінде жатыр. Соған қаз жүріс жасап барып, жүгіріп қайтып, «биологиялық терминдерді әріптермен толықтыр».
Биологиялық терминдер:
Б - т - ника, Ф - т - синтез, В - к - уоль, Ұр - қт - ну, Т — з - ң, Ж - п - р - қ, Т - м - р, З - г - т -, хр - м - с – м

5. Мақсатқа жет «Мерген ойыншы». Допты дөңгелете лақтыра отырып, 3 кезекте жинаған ұпай топқа беріледі және тапсырма орындалады. 5. 3. 1.
5 - 5 бөлме өсімдігін, 5 жәндік, 5 жапырақ түрін, 5 жыртқыш аң ата.
3 - 3 жерасты өркенді, 3 шырынды жеміс, 3 құрғақ жеміс, 3 улы өсімдік, 3 дәрілік өсімдікті ата.
1 - Фотосинтез деген не?

6. «Қандай көкөніс бар?» Жеңілдіктер арқылы жауап, жәшікте зат жасырылады.
Сарымсақ
1. Бұл өсімдікпен, Ежелгі Египетте пирамида құрылысы кезінде ауырмау үшін құлдарға жегізді. (5 ұпай)
2. Онда фитонцид көп, тұмау эпидемиясына қарсы пайдаланады (3 ұпай)
3. Пияздың туған інісі (1 ұпай)
Асқабақ
1. Құрамында калий көп, қант диабеті, бүйрек ауырғанда, жүрек ауырғанда жемісін жейді. (5 ұпай)
2. Тұқымын глистаны түсіру үшін қолданады (3 ұпай)
3. Ботқа, тосап қайнатады (1 ұпай)
Қияр
1. Бұл өсімдік бет терісін күтуге, теріні жұмсартады (5 ұпай)
2. Жемісінде 98 пайыз су (3 ұпай)
3. Бақшада жасыл, банкада солғын түсті болады (1 ұпай)
7. Қорытынды. Топтардың ұпай сандары қорытылады.
7 901
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Акробатикалық жаттығулар
Акробатикалық жаттығулар
И Искандеров атындағы орта мектебі мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Баситов Халмурат Касимович
«Көңілді мәре» спорттық ойыны
«Көңілді мәре» спорттық ойыны
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі: Алибаева Меруерт Ахметбекқызы
Ырғақты гимнастика
Ырғақты гимнастика
Тақырыбы:(музыканың сүйемелдеуімен жалпы дамытушы жаттығулар)
Гимнастика
Гимнастика
Палодар қаласы, Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Алепарова Гүлзат Ерболқызы
Төменгі сөреден шығу тәсілдері. 100 м-ге жүгіру
Төменгі сөреден шығу тәсілдері. 100 м-ге жүгіру
Төменгі сөреден шығу тәсілдері. 100 м-ге жүгіру
Эстафета түріндегі ойын
Эстафета түріндегі ойын
Астана қаласы, №53 мектеп-лицей Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жанзаков Жетписпай Рахимович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×