Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің атым Қожа. Б. Соқпақбаев

01 мам 2016, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Орал қаласы, Қаратөбе ауданы,
Төлен негізгі орта мектебінен
бастауыш сынып мұғалімі
Марден Үміт Айшуаққызы

Сабақтың тақырыбы: Менің атым Қожа. Б. Соқпақбаев
Сабақтың мақсаты: Б. Соқпақбаевтың шығармашылығымен таныстыру.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже. Мәтін мазмұны мен идеясы арқылы баланың шындыққа көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беру. Сыни ойлау дағдысын дамыту.
Жүйелі іс - әрекет нәтижесі. Мәтін мазмұны бойынша талдау арқылы шығармашылық қабілеттерін ұштату.
Тұлғалық нәтиже.
1. Мәтіннің көңіл күйін, автордың көзқарасын танып білуге қабілеттерін жетілдіру.
2. Көркем сөйлеу тілін, ойын, шығармашылық қиялын ұштай түсу.
3. Қоршаған ортасына мейірімділікпен қарауағ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пікір – сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: жүйелеу, талдау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабы, мәтіннің желісі бойынша салынған сюжетті суреттер. Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді. Автордың суреті.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық тренинг
- Балалар бүгінгі көңіл – күйлеріңіз қандай?
- Тамаша.
- Біз қандай баламыз?
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз
Біз - талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
- Күнделікті жұмысымыз бойынша топқа бөліндік.
I топ – Әдептілік II топ – Ұқыптылық
III топ – Алғыр IV топ – Тапқыр
- Біздер бүгін, топтарымыздың атын не себептен бұлай алғанымыз, әдебиеттен «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тарауға байланысты алып отырмыз. Сендердің бойларыңда осындай қасиеттерге толы болғандықтан, өздеріңді осылай бөлдім.
- Балалар топтың ережесін еске түсіріп жіберейікші.
1. Тәртіп
2. Тыныштық
3. Талап
4. Бір – бірімізді тыңдау
- Сонымен бірге, балалар бір – бірімізді бағалап отырамыз.
Ол түрлі стакандар арқылы және 2 жұлдыз 1 ұсыныс.
- Балалар, бүгінгі тапсырмалар мына менің алдымда жатқан суреттерді біріктіріп, мозайка құрастыру. Осы схема арқылы біз бүгінгі сабағымызды бағалаймыз.
Әрбір бөлігінде тапсырмалар беріледі. Біз ол үшін белсенді қатысып отырайық.

1 - тапсырма:
2. Үй тапсырмасы және қораптағы сұрақтарға жауап айт.
А) Үй тапсырмасын 4 оқушы сабақты кезектесіп айтады.
1 топ – Әлкей зерек бала.
2 топ – Ауыл балалырының серуендеуі
3 топ – Кешкі үй сыртындағы ақсақалдардың
демалысы.
4 топ – Оқымысты бала атануы.

Ә) Топқа сұрақтар.
1 топ.
- Әлкейдің сүйікті ісі не еді? (оқушылардың жауабы)
- Дұрыс айтасыңдар. Әлкей кітап оқығанды сүйікті ісіне айналдырды!
2 топ.
- Адам 4 – 5 жасынан кітап оқып кететініне сенесіңдерме? (оқушылардың жауабы)
3 топ.
- Әлкейдің бойындағы өздерің байқаған жақсы қасиеттерді атаңдар?
(оқушылардың жауабы)
Дұрыс айтасыңдар. Әлкей зерек, ертегіні жақсы көретін, ұйып тыңдайтын, жырларды әндетіп, кітапты жақсы көреді.
4 топ.
- Біздің сыныптағы кітап құмар бала кім деп ойлайсың? (оқушылардың жауабы)
- Ендеше, біз балалар мозайканың бір бөлігін ілейік.
3. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылығын ояту кезеңі. «Ой қозғау»
2 – тапсырма. Бейне таспаны тамашалау.
- Балалар, бұл қандай фильм?
- Кім туралы?
- Қожа қандай бала?
- Одан жақсы адам шығады деп ойлайсыңдар ма?
(Оқушылар өз ойларын айтады)

ІІ. Мағынаны тану.
- Балалар, әрбір кинофильмдер белгілі бір жазушының шығармасы желісінде түсіріледі.
Осы кинофильм «Менің атым Қожа» көркем шығарманың авторы Бердібек Соқпақбаев. Ал фильмнің режиссері Абдолла Қарсақбаев.
- Балалар үйден автор туралы мәлімет жинақтап келу тапсырылған еді. Ал кім айтады?
1 - оқушы:
Бердібек Соқпақбаев
(1924 - 1991) 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейіннен Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауыл мектебінде бала оқытқан. "Қазақ әдебиеті" газетінде, "Балдырған" журналында, Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында істеген. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған. Шығармашылық жолын өлеңмен бастап, 1950 жылы "Бұлақ" атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20 - дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. "Менің атым Қожа", "Балалық шаққа саяхат", "Бозтөбеде бір қыз бар", "Өлгендер қайтып келмейді" және "Қайдасың, Гауһар" секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тілдеріне аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған. 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивальінде "Менің атым Қожа" фильмі (Б. Соқпақбаевтың сценарийі) арнаулы жүлдеге ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

2 - оқушы:
Қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы Бердібек Соқпақбаев тірі болғанда биыл 81 жасқа толар еді. «Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді» демекші, балалардың сүйікті жазушысы артына «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар» және «Ергежейлілер елі» сынды бірқатар әңгіме, хикаялар қалдырды. Балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білген жазушы әрбір шығармасында өзі туып өскен Нарынқол таулы өңір табиғатының жанды суреттерін оқырманға үлкен шеберлікпен жеткізе білген. Б. Соқпақбаевтың әңгіме, повесть, романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайды. Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзің күнде көріп жүрген адамдардай Беркен, Қожа секілді кейіпкерлерімен жадыңда жатталып қалады...

Мұғалім:
Режисер дегеніміз кім деп ойлайсыңдар?
Қарсақбаев Абдолла (2. 10. 1926, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы - 2. 9. 1983, Алматы) - кинорежиссер. Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген.
1978 жылында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
1956 жылында Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген.
1947 - 1983 жылында "Қазақфильм" студиясында режиссері болып "Ана мен бала" (1955), "Егер біздің бәріміз де..." (1961, екеуін де реж. С. Қожықовпен бірге), "Қанатты сыйлық" "Менің атым Қожа" (1963, Т. Дүйсенбаевпен бірге, 1964 жылы өткен Орта Азия мен Қазақақстан кинематографияшыларының байқауының және 1967 жылы Канн қаласында өткізген халықаралық кинофестивальдың дипломына ие болды), "Балалық шаққа саяхат" 1969), сонымен қатар "Қазақ халқының қолөнері" (1958), "Торғай шегі" (1963), "Ақтөбе" (1972), т. б. деректі фильмдерін қойған.

ІІІ. Дәптермен жұмыс:
- Енді бүгінгі күннің жадысын жазайық.
«Менің атым Қожа» Бердібек Соқпақбаев
- Тағы қандай әдеби жанрларды байқадыңдар?
(диолог, монолог)
- Оны қандай қимыл оқиғалардан байқадыңдар?
- Диолог деген не? Монолог деген не?
(Диолог екі адамның сөйлесуі. Шығармадағы кейіпкердің өзіне - өзі қаратыла айтылған, ішкі сырын білдіретін ойы (қуаныш, реніш, күдігін) – монолог деп атаймыз. Яғни, өзі ғана сөйлейді. Енді осы монологты терең білу үшін
3 - тапсырманы орындайық.

ІV. Мәтінмен жұмыс. (мәтінді төрт бөлімге бөліп, іштей оқыту)
1. Топтарға бөлінген балалар өздеріне тиісті бөлімді оқып талқылайды.
2. Әр топ өздерінің бөлімдерін басқа топтарға түсіндіреді.

V. Сөздікпен жұмыс:
Қаулы - жиналыстың шешімі
Қия басу - ешқайда бармаймын
4 - тапсырма:

VI. Сергіту сәті. (фильмнің қызықты сәттерін тамашалау).

5 - тапсырма:
VIІ. Шығармашылық тапсырма:
І топ: Қожаға мінездеме беріңдер.
ІІ топ: Венн диаграммасы
Қожа → Сенгіш, еліктегіш, алғыр.
Сұлтан → Темекі шегеді, айлакер, ұрлық, тентек, сабақ оқымайды, жаман қылықтарға жақын.
Ұқсастығы → Екеуі де ұл бала.

ІІІ топ: Кеңестің қаулысы бойынша Қожаның бойындағы басты қандай кемшіліктер аталды?
1. Тәртіпсіздік
2. Ұрыншақтығы
3. Сабақ үстінде тыныш отырмауы
4. Таспен атқылауы
5. Сабақтан қалады және үнемі кешігеді

ІV топ: Көрініс көрсету. Диалогтерді тауып, рольге бөліп ойнап шығу.

Әр топты 2 жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы бағалау.
Топтық жұмысты қорытындылау: (қосымша)
1. Қожаның жақсы адам боларына сенер ме едің?
2. Қожаның орнында болсаң өзің не істер едің?
3. Сендердің іштеріңде «Мен Қожаға ұқсаймын» дейтіндерің бар ма?
4. Адамның өзін - өзі сынауы оңай ма?

VIІІ. Мұғалім сөзі:
- Балалар, өздеріңнің іс - әрекеттерің Қожаға ұқсаса да, үлкейгенде сендерден «үлкен» азамат шығады деп ойлаймын. Бердібек аталарың сияқты бірің жазушы болсаң, енді бірің ғұлама ғалым, ел тілегін ақтайтын Қазақстанның азаматтары мен азаматшалары болатындарыңа сенемін.

Рефлексия:
- Бердібек Соқпақбаев туралы не білдік?
- Негізгі басты кейіпкер кім?
- Монолог деген не?
- Міне, балалар, біз тапсырмаларды орындай отырып, мозайка құрастырып шықтық. Бұл Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты кітабының бірінші мұқабасы. Бұл шығарманы әлі де терең білу үшін мына кітапты кітапханадан алып оқуға болады.

Бағалау:
Сабаққа қатысқан оқушылар мадақтай отырып бағаланады.

Үй тапсырмасы:
• Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен «Қожаны қорғау» сөздерін жазу
• 2008 жылы «Менің де атым Қожа» атты отбасылық комедиялы фильмі жарық көрді. Олай болса, осы «Менің де атым Қожа» атты фильм туралы қосымша мәлімет алып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
23 645
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақпаевтың өмірі, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру, толықтыру;
Қожаның қиялы
Қожаның қиялы
Балалар, назарымызды енді фильмге аударайық. «Менің атым Қожа»фильмінен үзіндіні көрсете отырып, «Ой шақыру» стратегиясы бойынша мынадай сұрақтар қоямын.
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Б. Соқпақбаев өмір баянынан түсінік беру. Қожа арқылы қазақ халқының тұрмыс - тіршілігін әңгімелеу.
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» атты повесі бойынша толық мәлімет беру. Оқушылардың өлең бойынша пікірлерін тыңдау, негізгі идеяны ашу. Оқулық бойынша жұмыс атқару, өз ойының айырмашылығын ескере отырып, есте сақтау кестесі арқылы оқушылардың
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәуітова Гүлзада
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×