Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

09 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Қорытынды сабақ: Түбі адам болатын бала
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
*Оқушыларға мәтіннің мазмұнынан баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру;
*Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру;
*Ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.
Дамытушылық:
*Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу;
*Мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту;
*Ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
*Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі - өнеге алуға шақыру; *Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Жүйелеу, талдау, қайталау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Б. Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмінен үзінді, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер, веен диаграммасы.

Сабақтың өтілу жоспары:
1. Мынау кім?
2. Оқиғалар тізбегі
3. Бұл қай сәт?
4. Теріп алу стратегиясы
5. Ой тастау
6. Өз - өзіңе есеп бер!

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу;
ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын бақылау;
б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау;

2. Үй тапсырмасын сұрау (тараулар бойынша мазмұндату)
Автор, тақырып аясында сұрақтар мен тапсырмалар беру:

1. Бердібек Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы?
“... Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап - түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез - құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”

2. Жазушының қандай шығармалары бар?
- «Менің атым Қожа» («Өзім туралы повесть»), «Жекпе - жек», Қайдасың, Гаухар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион»,
«Алыстағы ауылда» т.б.

3. «Менің атым Қожа» фильмі туралы не білесіңдер?
Менің атым Қожа
Жанр: комедия, жанұялық
Мемлекет: Қазақстан
Шыққан жылы: 1963
Режиссер: Абдолла Қарсақбаев
Әңгіме авторы: Бердібек Сокпақбаев
Сценарий: Б. Сокпақбаев, Н. Зелеранский
Сазгер: Нұрғиса Тілендиев
Кейіпкерлерді сомдаған:
Қожа - Н. Сегізбаев
Сұлтан - М. Көкенов
Жанар - Г. Құрабаева
Жантас - Е Құрмашев
Миллат - (Қожаның шешесі) - Б. Римова
Рахманов - Қ. Қожабеков
Майқанова – Р. Мұхамедиярова
Қожаның әжесі - З. Құрманбаева

Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.

Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында суреттермен жұмыс жасату
Бұл сурет туралы не білесің?
Кейіпкерлер туралы әңгімеле
Кейіпкерлер туралы қандай оқиғаны білесіз?
Қашан, кіммен кездесті?
Бұл сәтте қандай жағдай болып еді?

3. Жаңа сабақты меңгерту
Балалар, сендер «Менің атым Қожа» фильмін көрдіңдер ғой, иә. Ендеше, мен сендерге жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында бүгінгі өтілетін тараудан үзінділер айта отырып ой тастайын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 774
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақпаевтың өмірі, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру, толықтыру;
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасымен таныстыру; түсініп оқи отырып, әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау; шығарма бойынша кейіпкерге мінездеме бере отырып, салыстыруға, олардың бейнесін аша білуге алған білімін қолдана
Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» (Қожа бейнесі)
Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» (Қожа бейнесі)
Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың повестімен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру, ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету;
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Менің атым - Қожа (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы “Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды.
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Атырау облысы, Атырау қаласы, №13 ұлттық мектеп - гимназиясының бастауыш мектеп мұғалімі:Хамзина Аймангуль
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×